kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?ніне арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: "Т?бір мен ?осымша"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"2" сынып?а арнал?ан,?аза? тілінен саба? жоспары.

Та?ырыбы: Т?бір мен ?осымша

Ма?саты:

1. т?бір ж?не ?осымша туралы ал?аш?ы т?сініктерін ?алыптастыру;

2. ?р т?рлі тапсырмалар, шы?армашылы? ж?мыстар ар?ылы о?ушыларды? ойлау ?абілеттерін, шапша?дылы?тарын дамыту.

3. О?ушыларды ??ыпты жазу?а, тап?ырлы??а, шапша?ды??а т?рбиелеу.

?дісі: ойын, к?рнекілік, с?ра?- жауап, т?сіндіру ж?не жатты?у.

Типі: пысы?тау

Т?рі: д?ст?рлі емес

К?рнекілігі: та?ырып?а байланысты суреттер, о?улы?, д?птер.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?ніне арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: "Т?бір мен ?осымша"»

Күні:

Сыныбы: 2

Пәні: қазақ тілі

Мұғалімі: Якияев.А.Ж

Тақырыбы: Түбір мен қосымша

Мақсаты:

1. түбір және қосымша туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру;

2. әр түрлі тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін, шапшаңдылықтарын дамыту.

3. Оқушыларды ұқыпты жазуға, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: ойын, көрнекілік, сұрақ- жауап, түсіндіру және жаттығу.

Типі: пысықтау

Түрі: дәстүрлі емес

Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суреттер, оқулық, дәптер.


Кезеңдері

Өту барысы

Ұйымдастыру кезеңі




Психологиялық дайындық











Үй жұмысын тексеру.


1-ші ергежелінің тапсырмасы:


2-ші ергежейлінің тапсырмасы:








Жаңа сабақ







3- ергежейлінің тапсырмасы:











Дәптермен жұмыс

4- ергежейлінің тапсырмасы:













5- ергежейлінің тапсырмасы:

Сергіту сәті






6- ергежейлінің тапсырмасы:



















7-ергежейлінің тапсырмасы:

Тақтамен жұмыс








Үй жұмысын беру



Қорытынды

  • Сәлеметсіздер ме балалар?!

  • Отырыңдар, көңіл- күйлерің қалай?

  • Балалар, сабағымызды бастамас бұрын мына өлең жолдарын қайталап алайық:

Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Партамызға отырып, Өзара көз тастаймыз. Табыс тілеп көзбенен Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз.


  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Ал енді барлықтарымыз тақтаға назарымызды аударайық.Сендер мында үй мен

ергежейлілердің суреттерін көріп тұрсыңдар. Ергежейлілердің үйіне кірулері үшін біз олардың артындағы тапсырмаларды орындаймыз.

Үй жұмысын тексеру. Оқушылардан ауызша тексеріп шығамын.


1-жаттығу. Мақалды көшіріп жаз.

Еңбек ер атандырады.

Еңбектің түбі – рақат.

Ыдыс таза болса, асы дәмді.

Тазалық – денсаулық кепілі.

-Мақалды көшіріп болсақ, онда қарамен жазылған сөздерді салыстырып, олардың ерекшеліктерін айтайық.

-Сонымен еңбек-еңбектің, таза- тазалық сөздерінің айырмашылығы мен ұқсастығы неде екен?

-Балалар, естеріңде сақтаңдар сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігін түбір деп атаймыз. (хормен қайталау)

Мысалы: қала, көше, орман.

Түбір сөздің белгісі - .

Түбірге қосылған бөлшекті қосымша деп атайды екенбіз.(хормен қайталаймыз) Мысалы: қала – ға, орман – ға, көше – мен.


  • Балалар, сендерге түсінікті ме?

  • Қаншалықты түсінгендерімізді тексеру үшін 2-жаттығуды орындап көрейік:

Екі қатардағы сөздерді салыстырып оқы. Бұл сөздер қалай өзгереді? Түсіндір.

Балық балықшы

Сурет суретші

Домбыра домбырашы

Зер зергер

Дәрі дәрігер

  • Жарайсыңдар, балалар!


  • Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің ретін жазып қоямыз. Ал енді барлығымыз оқулығымыздың 109-бетінде берілген 3-жаттығуға қараймыз.

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып, мақалды көшіріп жаз.

Өнер...(-лы, -лі) адам өрге озар,

Өнер...(-сыз, -сіз) адам жер соғар.

  • Балалар, кім маған осы мақалдың мағынасын ашып, түсіндіріп береді? Бұл мақалды қалай түсінесіңдер?

  • Өнерлі адамның қолынан барлығы келеді, демек ол далада қалмайды, оның ісі өрге озады, ал өнерсіз адам дегеніміз- қолынан ештеңе келмейтін адамды айтады. Ол қолынан ештене келмегесін қара жұмысты атқарып қана жүреді.

  • Жарайсыңдар, балалар!

  • Балалар, орнымыздан тұрып бір сергіп алайық.

Жаңбыр жауды себелеп,

Тығылады көбелек.

Біз қлшатыр астында

Би билейміз дөңгелеп

  • Барлығымыз орнымызға отырамыз.


  • Келесі ергежейлінің тапсырмасын орындайық.

4-жатттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы.

Кім ойлап тапқан?

Сөздерді ең аяулы

Жақсы көріп жаттадым.

Енді білдім оларды

Кімнің ойлап тапқанын.

«Ана» деген сөзді де,

«Аға» деген сөзді де,

«Әке» деген сөзді де,

«Тәте» деген сөзді де,

«Ата» деген сөзді де,

«Апа» деген сөзді де, -

Ойлап тапқан балалар!

Қ. Жұмағалиев

- Ең алдымен өзім оқып шығамын.

- Іштен оқытамын.

- Жеке оқытамын.

- Қатармен оқытамын.

- Жарайсыңдар, балалар!


-Ал енді қазір біз «Сыңарын тап» ойынын ойнаймыз.

Ол үшін тақтадағы берілген түбір сөздердің қосымшаларын дұрыс жалғаймыз.(оқушылар орындайды)

Берілген сөздер:

Кітап, ағаш, үй, компьютер, адам, оқушы, қала, өзен.

Қосымшалар:

-тар, -тар, -лер, -лер, -дар, -лар, -лар, -дер.

  • Жарайсыңдар, балалар! Осымен біз ергежейлілерге көмек көрсеттік.

  • Ал енді, балалар, күнделіктерімізіді ашып үй тапсырмасын жазып аламыз. Үйге: 110 беттегі 5-жаттығу.

  • Балалар, біз бүгін қандай тақырыппен таныстық?

  • Қандай жаттығулар орындадық?

  • Кімдерге көмектестік?

  • Жарайсыңдар!

  • Балалар, осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? тілі п?ніне арнал?ан саба? жоспары. Та?ырыбы: "Т?бір мен ?осымша"

Автор: Якияев Аманкелді Жайлыхан?лы

Дата: 30.11.2015

Номер свидетельства: 260187


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства