Просмотр содержимого документа
«"Азы?-т?лік д?кені" та?ырыбына саба? жоспары»
Сабақтың тақырыбы: Дүкендер 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: «Дүкендер» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру; сөзтіркес пен сөйлемдер құрастыруды үйрету. Тарау бойынша тапсырмаларды орындау.
Дамытушылық:Жаңа сөздерді күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Сұрақтарды дұрыс түсініп, дұрыс жауап беру дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды сауатты жазуға, еңбекке, тазалыққа тәрбиелеу. Сатушы мамандығын пайдалы екендігін айтып түсіндіру.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың мақсатың, барысын айту
Жаңа сабақ
Тақтада әр түрлі дүкендер бейнеленген сурет ілулі тұрады. Мұғалім сұрақ – жауап әдісімен жаңа тақырыпқа шығады..
Тілдесім:
Мынау нелер?
Бұл қандай дүкен?
Жемістер, көкөністер дүкенінде не сатылады?
Азық – түлік дүкенінде не сатылады?
Мынау қандай дүкен?
Кеңсе тауарлар дүкенінде нелер сатылады?
Мынау қандай дүкен? Киім дүкенінде нелер сатылады?
Сонда осы суреттеде нелер бейнеленген?Бір сөзбен қалай айтамыз?
-Дұрыс, дүкендер.
Сөздік жұмысы:
Азық – түлік дүкені – продуктовый магазин
Киім дүкені – магазин одежды
Жемістер, көкөністер дүкені – магазин овощей и фруктов
Кеңсе тауарлар дүкені – мағазин каңц. Товаров.
1)Оқушылар тізбектеп оқиды, қайталайды.
2)Сөз тіркестерін құрастырады.
3)Сөйлемдер құрастырады.
Оқылым: 131 беттегі №1 тапсырма. Оқушылар мәтінді мәнерлеп оқиды, орыс тіліне аударады. Бірінші қатар қазақ тілінде оқиды. Екінші қатар орыс тіліне аударады. Әңгімелейді.
Жазылым: 1) 1 топ – «Дүкендер» әңгіме құрастырып жазады.
2 топ – «Дүкендер» 3 – 4 сұрақ – жауап арқылы диалог құрастырады.
3 топ – 133 беттегі №4 тапсырма. Қай зат қай дүкенде сатылады? Сөздерді екі бағанаға бөліп жазады.
Киім дүкені
Көкөніс дүкені
Сабақты қорытындылау, бағалау. Әр топ ассоциациясын құрастырады. Тақырыптары: «Азық – түлік дүкені», «Киім дүкені», «Кеңсе тауарлар дүкені»
6.Үйге тапсырма: «Дүкендер» әңгімелеу
Жаңа сөздерді жаттау.
Сабақтың тақырыбы: «Азық – түлік» дүкені 4 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Азық – түлік дүкені туралы толық түсінікерін беру. Сурет бойынша сөйлемдер құрай білу, әңгімелеу, сөздік қорын молайту. Етістіктердің шақтарың дұрыс қолдануға жаттықтыру.
Дамытушылық: Сөйлемдерді өрбәтәп, дамытып, жазу арқылы оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тамақтану әдебін сақтау туралы тәрбиелік мәні бар әңгіме айту, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Сабақтың мақсатың, барысын айту
Жаңа сабақ
«Азық – түлік» дүкені суреті арқылы жаңа тақырыпқа шығу.
Тілдесім:
Мынау не?
Бұл қандай дүкен?
Азық – түлік дүкені қандай?
Азық –түлік дүкенінде нелер сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай сүт тағамдары сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай ет тағамдары сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай ұн тағамдары сатылады?
Азық – түлік дүкенінде қандай тәтті тағамдар сатылады?