Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер.
СабақтыңмМақсаты: 1. Сөйлем ішінен қос сөздерді табуға және жасалу жолдарын
ажырата білуге үйрету.
2. Мәтіндерді талдау, ауызша, жазбаша тілдерін дамыту,сөздік
қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін арттыру.
3. Оқушылардың өз ойын еркін айтуға баулу, пәнге
қызығушылығын арттыра отырып, ізденімпаздылыққа,
ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Саяхат сабақ.
Сабақтыңкөрнекілігі: Күрделі сөздер сызбасы, слайдтар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындық
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
-Балалар бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ, «жеті ата» ауылына саяхат сабақ.
«Ата» ауылы.
II Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
51-жаттығу. Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
52-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді қос сөзге айналдырып жаз.
-Қос сөздер дегеніміз не?
Күрделі сөз дегеніміз не?
Күрледі сөздер
Біріккен сөз қос сөз қысқарған сөз
-Бүгінгі өтетін сабақ-қос сөздердің жасалу жолы.
ІІІ. Жаңа сабақ:
-Балалар мынау не? (алма)
-«Не?» деген сұрақ қай есімнің сұрағы? (зат есімнің)
-«Алма» сөзі зат есімнің қай түріне жатады?(жалпы есім)
-Алманың түсі қандай? (қызыл)
-Сұрақ қойындар (қандай?)
-Қай есімнің сұрағы? (сын есім)
-Ал мына алманың түсі қандай? (қып-қызыл)
(қып-қызыл сөзі жазылған қағазды ілу)
Бір сөздің алдынан күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөз.
-түстерге байланысты қос сөздерді айтындаршы:сап-сары, қап –қара,сұп-сұр.
Алдынғы буын күшейткіш буын болады.
-Осы алма сөзіне сөйлем құрандар.
-Қызыл алманы қайта-қайта жегім келеді.
-қайта-қайта- бұл қос сөз, бір сөздің қайталануы арқылы жасалған.
(мысал келтіру)
«Әке» ауылы.
Оқулықпен жұмыс.
Бүгінгі күнді жазу.
56-жаттығу. Қос сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Тақтамен жұмыс.
«Бала» ауылы.
Қос сөздерді жай сөйлемге айналдырып айту.
ІҮ. Сергіту сәті:
Ойын «Сөзден-сөз» шығару. Кемпірқосақ суреті экраннан көрсетіледі. «Кемпірқосақ» сөзінен сөз шығару.
«Немере» ауылы.
Терме диктант. Қос сөздерді теріп жазу.
Түйеқұс, ата-ана, үйір-үйір,қосаяқ, алабота, жалт-жұлт, күте-күте, қап-қара.
«Шөбере» ауылы.
Шығармашылық жұмыс.
Ойын «Сыңарым қайда?»
Жоғары- биік-
Күні- қарқ-
Ыдыс- сап-
Мөп- ата-
Тап- құрау-
«Шөпшек» ауылы.
Қос сөздері бар мақал-мәтел, жұмбақ құрастыру.
«Немене» ауылы.
Кестені толтыру.
Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер. | Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер. | Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер. |
| | |
VII Бекіту кезеңі
Қорытындылау
Қос сөздер
Бір сөздің екі түрлі сөздің күшейткіш буын
қайталануынан қосарлануынан арқылы
VIII Үйге тапсырма беру кезеңі:
1. 55-жаттығу, жаңылтпашты жаттау.
2.Бағалау