Әдебиеттік оқу | | | |
Сабақтың тақырыбы | Құмырсқаның өнері |
Сабақтың жалпы мақсаты | Білімділік:Оқушыларды мәтін мазмұнымен және құмырсқа тіршілігімен таныстыру. Дамытушылық: Ой өрісін, сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту Тәрбиелілік:Еңбексүйгіштікке, шыдамдылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу |
Әдіс-тәсілдер | Ертегіні түсіндіру, сұрақ-жауаптар, әңгімелеу, көрнекілік көрсету, проблемалық т.б |
Көрнекіліктер | Құмырсқа суреті, слайд, дидактикалық материалдар,карточкалар, оқулық , дәптер |
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ | Мұғалімнің іс-әрекеті |
Сабақтың барысы: | Оқушыларды шеңберге тұрғызып,көңіл-күйлерін сұрап,бір-біріне жылы лебіздерін айтқызу |
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Мынау менің жүрегім Бәрі осыдан басталған Мынау басым ақылды Бәрін осы басқарған Мынау менің оң қолым Мынау менің сол қолым Барлық істі атқарған. |
Топқа бөлу | Оқушыларды карточка арқылы топқа бөлу . Алғырлар,қырандар,тапқырлар,жүйріктер Топ басшысын сайлау |
| Өткен сабақты пысықтау мақсатында «Сауысқан мен Көкек» ертегісін мазмұндау. |
Қызығушы- лықты ояту Оқулықпен жұмыс Сұрақ- жауап | Шығады бір қаладан қырық мың қосын, Оған кім көмектесер айтшы досым. Ел шауып, қастандық жасамаса да Тауып жүр өз азығын ,несібесін.(Құмырсқа) Ал, оқушылар, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз құмырсқа туралы болмақ. Тақырыбымыз «Құмырсқаның өнері» Мәтінді оқып, мазмұнын түсіндіру. Мәтіндегі жаңа сөздермен таныстыру: Ақшам- кешкі мезгіл Ықтасын -желден қорғайтын пана Келемеж –мазақ -Оқушылар, ертегі не туралы екен? -Қарға неліктен құмырсқаларды келемеждеді? -Құмырсқалар не істеді? -Құмырсқалардың паналайтын үйін не дейді? Дәптермен жұмыс: сөздіктерді жазу |
Сергіту сәті | Музыка ырғағымен дене қимылдарын орындау |
| Құмырсқалар туралы қызықты мәліметтер: Бір құмырсқа өз салмағынан 10 есе ауыр салмақты көтере алады. Жауынгер құмырсқалар адамдар секілді өз отарларын қорғайды. Құмырсқалар азық табу үшін аңшы құмырсқаларды жібереді. Бұлар жүрген іздерінде құмырсқа қышқылынан тамшы қалдырады, сол иіс бойынша адаспай табады Құмырсқалар күндіз қоректеніп, түнде ұйықтайды. |
Құмырсқа туралы қосымша материалмен таныстыру | Құмырсқа жарғаққанаттылар отрядының бір тұқымдасы. Құмырсқалар жер шарында кеңінен таралған,тек Қияр Солтүстікте және Антрактидада ғана кездеспейді. Құмырсқаның 10 000 түрі бар. Олардың көпшілігі тропиктік аймақтарда кездеседі. Құмырсқалар көбіне топтанып (10-100 мың дарасы бірігіп), арнайы илеу жасап, тіршілік етеді. Негізгі қорегі басқа жәндіктер, олардың дернәсілдері, өсімдіктердің жапырақтары, шырындары мен тұқымдары. Құмырсқалар орта есеппен екі немесе үш айға дейін өмір сүреді. Денесі- бас, көкірек және құрсақтан тұрады. Басы үлкен, жақтары жақсы жетілген, ауыз аппараты кеміргіш. Көкірек бөлімі жіңішке, онда 3 жұп аяқтары жақсы жетілген. |
Ой толғаныс | Сөзжұмбақ шешу |
Үйге тапсырма беру. | «Құмырысқаның еңбекқорлығы» тақырыбында шағын эссе жазу . |
Бағалау | Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалап , баға қою. |
Кері байланыс | Оқушылар бір-біріне деген тілектерін стикерге жазып, мәуе ағашына жапсырады. Плакат стикер . |
Қасиеттер: Мейірімділік, қайырымдылық, ізгілік, таза ниет, адал еңбек.