Сабақтың мақсаты: оқушылардың бос тау жыныстары -құм мен саз, қатты тау жыныстары - әктас пен мәрмәр туралы, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: құм, саз, әктас, мәрмәр салынған стақандар, тәжірибе жұмысына арналған үшқат, «Ғимараттар» иллюстрациясы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың бос тау жыныстары -құм мен саз, қатты тау жыныстары - әктас пен мәрмәр туралы, олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: құм, саз, әктас, мәрмәр салынған стақандар, тәжірибе жұмысына арналған үшқат, «Ғимараттар» иллюстрациясы.
Сабақтың барысы:
I. Психологиялық дайындық.
Біз бүгін қаламыздағы (ауылдағы) құрылыстарды аралауға шығамыз және үйді салған кезде қандай құрылыс материалдары пайдаланылатынын көреміз.
Балалар өздерін құрылысшы ретінде сезініп, әңгімелейді: «Үй салу үшін ең алдымен құрылыс материалдарын дайындап алу қажет».
II. Тақырыпқа кіріспе.
Қандай құрылыс материалдарын білесің? Олар не үшін пайдаланылады?
Топтарға бөлініп тәжірибе жұмысын жүргіземіз.
1-топ құммен, 2-топ сазбен, 3-топ әктаспен, 4-топ мәрмәрмен жұмыс істейді.
Балалар олардың қасиеттерін, түр-түсін, қай жерде қолданылатынын анықтайды.
III.Оқулық бойынша жұмыс(топпен жұмыс істеу жалғасады). Содан соң мәтіндегі өздеріне қатысты бөлімді оқып, білімдерін нақтылайды. Әр топ өз тақырыбы бойынша сұрақтар әзірлеп, оларды өзге топтарға қояды.
1-топ құм туралы, 2-топ саз туралы, 3-топ әктас туралы, 4-топ мәрмәр туралы айтады.
IV. Балалар өз бетінше кесте құрастырады.Қиналса оқулықты пайдалануға болады.
Пайдалы қазбалар
Қасиеттері
Пайдаланылатын жері
Құм
Саз
Әктас
Мәрмәр
V. Пікірталас.Сендердің сабақта алған білімдерің өмірде кәдеге жарай ма?
Өзіңді тексер.
VI. Үй жұмысы.«Құм, саз және әктас» мәтінін оқу. Аталған пайдалы қазбалардың айырмашылықтарына талдау жаса.