kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??м, саз ж?не ?ктас

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:  а) Білімділігі : о?ушыларды бос тау жыныстары- ??м мен саз, ?атты тау жыныстары –?ктас пен м?рм?рмен таныстыру. Оларды? айырмашылы?тары мен ?асиеттері ж?не пайдаланылатын салалары туралы т?сінігін ?алыптастыру . Адам ?міріндегі ма?ызына, алыну жолдарына то?талу.
?) Дамытушылы?ы:   ?з ойларын ашы? білдіріп, пікірлерін ?ор?ай білуге, ?здігінен ізденуін, шы?армашылы?ын, танымды? ?абілетін дамыту.
б) Т?рбиелілігі:  Таби?атты  аялай білуге, с?йіспеншілікке,  ?йымшылды??а т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??м, саз ж?не ?ктас »

Сабақтың тақырыбы:  Құм, саз және әктас

Сабақтың мақсаты:  а) Білімділігі : оқушыларды бос тау жыныстары- құм мен саз, қатты тау жыныстары –әктас пен мәрмәрмен таныстыру. Олардың айырмашылықтары мен қасиеттері және пайдаланылатын салалары туралы түсінігін қалыптастыру . Адам өміріндегі маңызына, алыну жолдарына тоқталу.
ә) Дамытушылығы:   Өз ойларын ашық білдіріп, пікірлерін қорғай білуге, өздігінен ізденуін, шығармашылығын, танымдық қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелілігі:  Табиғатты  аялай білуге, сүйіспеншілікке,  ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың  типі:  Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

Сабақты ұйымдастыру формасы:  топтық

Сабақтың әдісі:  Сұрақ –жауап, тәжірибе жасау

Сабақтың көрнекілігі:  құм, саз, әктас, 2 құйғы, шөкім мақта, су, үлкейткіш әйнектер, кішкентай тәрелке, өлшеуіш стақандар, шүберек, стақандар, «Ғимараттар» және әртүрлі иллюстрациялар. 

                                           Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

              Табиғат – біздің анамыз,

              Табиғатқа баламыз.

              Табиғатты қорғайтын,

              Біз әдепті баламыз.

              Жер байлығы көп екен,

              Меңгеруді қалайды.

              Осының бәрін меңгертер,

              Дүниетану сабағы.

ІІ. Тақырыптық кіріспе

-Пайдалы қазба деген не? Мысал келтір.

-Пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінген?

-Олардың қайсысы құрылыс материалдар ретінде пайдаланады? Олар не үшін пайдаланады?

- Бүгін сабағымыздың тақырыбы «Құм, саз және әктас».

-Олардың орналасқан жерін іздеумен кім айналасады?

-Геологтар экспедицияларда қазбалардың іздеумен ғана айналаспайды, сонымен қатар олар лабораторияларда зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Бізде бүгін геолог-ғалым болып, құм, саз және әктастың қасиеттерін және айырмашылықтарын бақылап, зерттеу жұмыстырын жүргіземіз.

Қауіпсіз техникасына тоқталамын.

-Ол, үшін 4 топқа бөлінеміз:

1- топ «Сарапшылар», 2- топ «Бақылаушылар», 3- топ «Зерттеушілер», 4- топ «Зерттеушілер».

Оқушылар топтарында құм, саз, әктастың і қасиеттерін, түр-түсін, қай жерде қолданылатын анықтайды. Нәтижесін жазып отырады. Соңында әр топтан бір оқушы қорытындыларын оқиды.


ІІІ. Сарамандық жұмыс

1-топ «Сарапшылар»

1.Әктің үлкейткіш әйнекпен қара. Не байқадың?

2.Әктің қасиетін анықта. Шегемен түйіршіктің көмегімен әктастың қасиетін анықтап, қорытынды жасаймыз.

3.Әктасты балғамен ұрып көріңдер . Үгітіле ме? Мұнан не байқадыңдар?

4. Пайдалы қазбалардың ішінен мәрмәрді тап.

5. Мәрмәрдің қасиетін анықта.

7.Әктастың бір түйіршігін суға салып, ауырлығын және суда еріп, қайнайтынын мұғалім өзі көрсетеді. Қорытындысын бақылап отырған оқушылар жасайды.

2- топ «Бақылаушылар»

1 тәжірибе Екі құйғы (воронка) алып, стақанға сал.Құйғының түбін бір шөкім мақтамен бітеңдер. Біреуінің ішіне құм, екіншісіне сондай мөлшерде ұнтақталған құрғақ саз салып, жайлап тығыздаңдар. Енді екі құйғыға да толтырып су құйыңдар. Біраз уақыт бақылаңдар. Не болды? Нәтижесін жазыңдар.

2 тәжірибе Сазды сумен сулаңдар. Бақылаңдар. Не болды?Қорытынды жасаңдар.

3 тәжірибе Су құйылған ыдысқа кішкене саз салыңдар. Не болатынын бақылаңдар. Үнемі ақырын су құйып, сазды жұмсартып отырыңдар. Нәтижесін жазыңдар. Қорытынды:

3- топ «Зерттеушілер-1»

1-тәжірибе Стақандағы құм мен сазды қағаз бетіне төгіңдер. Не байқадыңдар? Қорытынды жасаңдар.

Айнаның бетіне құм және саздбен сызыңдар. Не көрдіңдер?

2-тәжірибе Үлкейткіш әйнек арқылы құм мен сазды мұқият қара, талда.Не көрдің?

4- топ «Зерттеушілер-2».

1-тәжірибе Құм мен саздан кішкентай домалақ жасаңдар. 1-2 минут өткен соң қайсысының пішіні жақсы сақталады? Қорытынды жаса.

2-тәжірибе Саздан тәрелке жаса. Оған су құй. Ыдыстан су ақты ма? (су өткізгіштік қасиеті). Қорытынды жаса.

Әр топтан бір оқушы жасаған тәжірибелерінің қорытындысын оқып, қорғайды.

ІV. Сергіту сәті

Әдемілеп орнымыздан тұрамыз.

Қолымызды белімізге қоямыз.

Бір отырып, бір тұрамыз

Жақсы сергіп біз қаламыз.

Ойнап, күліп аламыз.

Үлкенге де, кішіге де бәріміз

Құрметпенен достықпенен қараймыз.

Білім алып біз өсеміз.

Жақсы оқып, үйренеміз.

Бәріміз де тату боламыз.

V.Оқулықпен жұмыс 55-56 бет

1-топ «Бақылаушылар»

-Құм табиғатта қандай жерде кездеседі? Оны қалай пайдаланады? (Сұрақтарға жауап дайындайды.)

2- топ «Сарапшылар»

-Саз қалай өндіріледі? Одан не жасалады?

3- топ «Зерттеушіле-1»

-Әктас табиғатта қандай жерде кездеседі?

-Оны қалай пайдаланады?

4- топ «Зерттеушілер-2».

-Мәрмәр деген не?

-Оның қасиеттерін ата. Қайда пайдаланады?

VІ.

-Балалар бүгін біз сабақта құм, саз және әктастың қасиеттерін тәжірибе жасап,оқулықтан қайда қолданалатынын білдік. Бір қызығы, сабаққа осы пайдалы қазбалардың өздері келді. Олар актерлік шеберліктері арқылы өздері туралы айтпақшы. Ортаға құмды шақырайық.

1-оқушы. «Құм »(өзі туралы айтып, иллюстрациялар көрсетіледі)

2-оқушы « Саз»

3-оқушы «Әк»

-Осы жерде не байқадық?

-Пайдалы қазбаларды қайдан аламыз?

-Жеріміз қандай?

-Ондағы пайдалы қазбалар да көп. Қоры шетелдіктердің қорынан бірнеше есе артық екенін де мақтан ете аламыз. Біздің Павлодар облысында пайдалы қазбалардың 89-дан астам түрі кең таралған : бұл шикізат әртүрлі құрылыс материалдарын өндіруде, өнеркәсіпте және тағы да басқа мақсатта пайдаланылады.


 

Бірақ оны көп екен деп, шамадан тыс қолдануға болмайды ?

-Ол үшін біз не істейміз?

* үнемдеу керек

*өрттен сақтау

* қорғау

-Балалар, табиғат Анамыз берген сыйын дұрыс пайдаланып, қоршаған ортаны аялап, қорғайтын Отанын сүйетін ұлт-жанды азамат болып өсіңдер!


VІІ. Үй тапсырмасын беру.

1-топ Құм туралы бес жол өлең жазу

2-топ Пайдалы қазбалар туралы жұмбақ құрастыру

3-топ Сөзжұмбақ құрастыру.

4-топ Өз облысымызда кездесетін пайдалы қазбалардың түрлері туралы мәлімет жинау.


VІІІ. Бағалау






























































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
??м, саз ж?не ?ктас

Автор: Байгабылова Нуржамал Каймиловна

Дата: 05.02.2015

Номер свидетельства: 167568


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства