Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен таныстыру. Екі түрлі сөздің қосарлануынан жасалатын қос сөздерді ажырата білу, олардың әрқайсысының білдіретін мағыналарындағы айырмашылықты аңғара білуге үйрету.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«“Қосарлама қос сөздер”»
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі №1Қазанбасы орта мектебі»ММ
Ашық сабақ
Қазақ тілі
“Қосарлама қос сөздер”
4 – сынып
Тимирбекова К.С.
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қосарлама қос сөздер.
Мақсаты:
Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен таныстыру. Екі түрлі сөздің қосарлануынан жасалатын қос сөздерді ажырата білу, олардың әрқайсысының білдіретін мағыналарындағы айырмашылықты аңғара білуге үйрету.
Қос сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра алу дағдыларын дамыту.
Балалар, адамның ең жақсы қасиеті басқа адамдарға жақсылық, сәттілік тілеу. Ендеше бір-бірімізге жақсылық, сабағымыздың сәтті өтуін тілейік.
Сыныпты екі топқа бөлу. 1-топ “Абай” ауылы, 2-топ “Ыбырай” ауылы. Оқушылар Абай, Ыбырай туралы білетін мәліметтерін береді.
1-кезең. Үй тапсырмасын тексеру.
5-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазып, қос сөздердің астын сызу, жасалу жолдарын анықтау. Күрделі сөздердің ережесін еске түсіру.
2-кезең. Жаңа сабаққа даярлық. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу. Өлеңді оқытып, мазмұнын ашу. Қос сөздерді теріп жазу. Айдын-шалқар, бақша-жай, үлкен-кіші, күндіз-түні. Бұл қос сөздер қандай қос сөздердің қосарлануы арқылы жасалып тұр?
Екі түрлі түбірден қосарланып жасалған қос сөзді қосарлама қос сөз дейді.
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы. Қос сөздерді тап. Екі түрлі түбірден жасалған қос сөздері бар сөйлемдерді көшіріп жазу . Балуан шолақ туралы түсінік.
3-жаттығу. Қарамен берілген сөздерді қос сөзге айналдырып сөйлемдерді көшіріп жазу. Сөйлем мүшелеріне талдау жасату.
Сергіту сәті.
“Кім тапқыр” ойыны. Қос сөздердің адасқан сыңарларын табу.