kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілінен ?ос с?здер, оларды? т?рлері. ?осарлама ?ос с?здер та?ырыбыны? саба? жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы : ?ос с?здер, оларды? т?рлері. ?осарлама ?ос с?здер.

Ма?саты : Білімділік: ?ос с?здер туралы м?лімет беру, 5 сыныпта ?ткендерін еске т?сіру.?айталама ?ос с?здерді ?айталата отырып, ?осарлама ?ос с?здерді ме?герту. ?осарлама ?ос с?здерді пайдалана отырып, дыбысты? талдау ж?ргізу .Дамытушылы?: Сауатты жазу?а, с?йлемді д?рыс ??рай білуге да?дыландыру. Т?рбиелік: Адамгершілік, ?аза? тілін ??рметтей білуге т?рбиелеу.                                    

Саба?ты? т?рі : Жа?а саба?ты ме?герту

Саба?ты? ?дісі : СТО жобасы  бойынша

П?наралы? байланыс : ?дебиет

   К?тілетін н?тиже :

-          О?ушы ?осарлама ?ос с?здерді ме?гереді;

-           Мысал келтіріп, оны? жасалуын  ажырата алады;

-           ?осарлама ?ос с?здерді пайдалана отырып, фонетикалы?  талдау ж?ргізеді

Саба?ты? барысы

І. ?йымдастыру кезе?і: /1 минут/

О?ушыны? зейінін аудару, т?гендеу.

Бір ма?ыналары ма?ыналы, екінші сы?ары ма?ынасыз с?здер  ?осарланады.

Мысалы: к?йлек-к?ншек, ж?н-ж?р?а , ?ыз-?ыр?ын т/б

 Ша?а, ж?р?а, к?ншек, ?ыр?ын сия?ты с?здерді к?не немесе бас?а тілден енген с?здер деп атайды .Себебі  б?л с?здер ерте кезде белгілі бір ма?ына?а ие болып ?азіргі кезде ?мытылып кеткен.

Мысалы: «Ша?а » с?зі «Кішкентай, ?ызыл ша?а» деген ма?ынаны берген  т/б  т?сінік беріп кету.

 

                            4. Кейінгі кезде ?алыптас?ан бір топ ?осарлан?ан ?ос с?з бар, оларды? сы?арлары кейде бір т?л?ада, кейде ?р т?рлі т?л?ада болып келеді: О?у-?дістемелік, ?гіт-насихат, м?дени-а?арту, о?у-а?арту, саяси-экономика, саяси-к?пшілік т.б. М??алімдерге о?у -?дістемелік ??ралдар  жіберілді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілінен ?ос с?здер, оларды? т?рлері. ?осарлама ?ос с?здер та?ырыбыны? саба? жоспары »

Сабақтың тақырыбы : Қос сөздер, олардың түрлері. Қосарлама қос сөздер.

Мақсаты : Білімділік: Қос сөздер туралы мәлімет беру, 5 сыныпта өткендерін еске түсіру.Қайталама қос сөздерді қайталата отырып, қосарлама қос сөздерді меңгерту. Қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, дыбыстық талдау жүргізу .Дамытушылық: Сауатты жазуға, сөйлемді дұрыс құрай білуге дағдыландыру. Тәрбиелік: Адамгершілік, қазақ тілін құрметтей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі : СТО жобасы бойынша

Пәнаралық байланыс : Әдебиет

Күтілетін нәтиже :

  • Оқушы қосарлама қос сөздерді меңгереді;

  • Мысал келтіріп, оның жасалуын ажырата алады;

  • Қосарлама қос сөздерді пайдалана отырып, фонетикалық талдау жүргізеді

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі: /1 минут/

Оқушының зейінін аудару, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

78-жаттығу: Берілген біріккен сөздердің қандай түбірлерден біріккенін көрсетіңдер.

Темірқазық – темір және қазық, аспан жұлдызының атауы, Сейсенбай – сейсен және бай, адамның аты, күркетауық –күрке және тауық, үй құстары, әлдебір-әлде және бір, белгісіздің болымсыздық мәніндегі атаулар, Қолғанат - қол және қанат, екінші сөздің басындағы қ дыбысы ғ-ға айналып отыр, Көкбозат-көк, боз және ат үш сөз бірігіп, аттың атын білдіреді, Сатыбалды- сатып – алды, бірінші сөздің аяғындағы п дыбысы, бға айналып отыр, кісі аты, Жанбота-жан және бота, соқыршек-соқыр және ішек, екінші сөздің басындағы і дыбысы түсіп қалып отыр, аурдуы аты, Омарханұлы-омар, хан, ұлы үш сөздің бірігуі, кісінің тегі, Сәтбайқызы- сәт, бай, қызы, Сейтірқұл, сейіт және құл, Айтқожа, кісі аты.

79 жаттығу: Түбірлері өзгермей біріккен сөздерді бір бөлек, түбірлері дыбыстық өзгеріске түскен сөздерді бір бөлек жазыңдар.

Түбірлері өзгермей біріккен

Түбірлері дыбыстық өзгеріске түскен сөздерді

Көкшетау, алтыбақан, қосаяқ, белбеу, Айнамкөз, желмая, Тайбурыл, кемпірқосақ, Екібастұз, Қызылжарқұдық, Қартбай, Қаламқас

Жаздыгүні, Қазанғап, әнеугүні, Өмірзақ, Бегәлі, Есенгелді, Нұргелді, Нұрғожа, Нұрғиса Есенғұл, Қарагөз, Айғыз, Әбдіқадыр

80 жаттығу: Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Дыбыстық өзгеріске ұшыраған түбірлерге назар аударыңдар.

Біз бастауыш сыныпта оқыған кезде Сұлтанмахмұт Торайғыровтыңі «Күз» өлеңін жатқа айттық. Амангелді Иманов қазақ батырларының бірі. Мен қарындасымның атын Ұлбосын деп қойдым. Мергенбай Қандыағашта әскер қатырнда болды. Өтепбергеннің баласы бірінші сынпты аяқтады. Мысыққұйрық Мен ағама қолғанат болдым. Мен ешқашан да соғыстың болмауын тілеймін. Кейбіреулері сабаққа кешігіп келеді. Ақсүйек қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойыны. Қарағанды қаласында ірі-ірі өнеркәсіп орындары бар. 84-жаттығу. Сөздерді көшіріп жазып, қандай түбірлерден біріккенін дефиспен бөліп көрсетіңдер:

Халық-аралық, аудан-аралық, пән-аралық, жаратылыс-тану, шығыс-тану, абай-тану, фото-сурет, электр-ұста, радио-қабылдағыш, кино-қондырғы, ақ-сақал, Ешкі-өлмес, еш-қашан, еш-кім, еш-бір, әлде-кім, әр-кім.

83-жаттығу: Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар:

Беташар-әдеп-ғұрыпқа байланысты туған жыр. Жас нәресте алғаш рет жолға шыққанда тоқымқағар рәсімін жасйды. Тоғызқұмалақ ойынын Абай атамыз өте жақсы көрген. Асатаяқ –қазақтың көне музыкалық аспабы.

Теміржолшылар поезд жүретін жолды үнемі жөндеп бақылап отырады.

Жанкүйерлер өздерінің жақтаушыларын бір сәт естен шығармады.

Шаңсорғышпен үйді тазалап отыру қажет.

Алыпсатарлар дайын өнімдерді арзан бағаға сатып алып, қайтадан қымбатқа сататын саудагер адам.

Ел билігіне араласушы, белсенді адамды атқамінер деп атайды.

ІІІ. Жаңа сабақ: Қос сөздер, олардың түрлері. Қосарлама қос сөздер.

1. Қысқаша түсінік: Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздерді қос сөз деп атайды.

Қос сөздер екі түрлі болады: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер.

Бір түбір екі рет қайталанып отыратын болса олар қайталама қос сөз аталады. Ал екі түбірден қосарланып жасалған қос сөздерді қосарлама қос сөз атайды. /Қысы-жазы, жата-жастана, аға-іні,ауыл-аймақ , ағайын- туыс/

Қосарлама қос сөздердың құрамы мынандай болуы мүмкін:

1.мағынасы бір –біріне жақын /синоним және антоним/,

2.бір сыңары мағыналы екінші сыңары мағынасыз /жүн-жұрқа, бала-шаға/, екі сыңары да мағынасыз /ығы-жығы, оқта-текте, некен-саяқ/ Мысалы: Елу түйесі , екі жүздей қой –ешкілері тағы бар .

Бұл сөйлемдегі қосарлама қос сөздерді көрсет ? Екі түбірі де бір-біріне мағыналас сөз.

Ол үйдің бала-шағасына дейін тыным таппайды.

3.Бір мағыналары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз сөздер қосарланады.

Мысалы: көйлек-көншек, жүн-жұрқа , қыз-қырғын т/б

Шаға, жұрқа, көншек, қырғын сияқты сөздерді көне немесе басқа тілден енген сөздер деп атайды .Себебі бұл сөздер ерте кезде белгілі бір мағынаға ие болып қазіргі кезде ұмытылып кеткен.

Мысалы: «Шаға » сөзі «Кішкентай, қызыл шақа» деген мағынаны берген т/б түсінік беріп кету.

4. Кейінгі кезде қалыптасқан бір топ қосарланған қос сөз бар, олардың сыңарлары кейде бір тұлғада, кейде әр түрлі тұлғада болып келеді: Оқу-әдістемелік, үгіт-насихат, мәдени-ағарту, оқу-ағарту, саяси-экономика, саяси-көпшілік т.б. Мұғалімдерге оқу -әдістемелік құралдар жіберілді.

ІV.Мағынаны тану /Кеспе қағазда жазулы тұрған өлеңдерді оқушыларға оқыту/

Арасында құлын-тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары-төмен үйрек-қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз-келіншек үй тігер

Бұрала басып былқылдап

  • Кімнің өлеңі ? -Абай Құнанбаев



Сандалып келе жатты ақсақ киік

Бір тоқтап , анда-манда есін жиып

Ақ бөкен сахараның ботагөзі

Атты екен қандай мерген көзін қиып .

-Кімнің өлеңі? - Сәкен Сейфуллин

  • Осы өлеңдерде кездесіп тұрған қос сөздерді атайық

Ықтимал жауап: Құлын-тай , жоғары-төмен , үйрек-қаз , қыз-келіншек

/ Осы жерде қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөзді салыстырмалы түрде жазып ережесін шығару/

Құлын-тай ; Жоғары-төмен Үйрек-қаз Қыз-келіншек

Анда-манда

Оқушыларға қарсы сұрақ:

  • Бұл сөздер қалай жасалып тұр ?

  • Неше түбірден қосарланған ?



V. Сергіту сәті:

Ойын технологиясын пайдалану:

«Жалғасын тап» ойыны

Дос- ....... жаран Егжей ....... тегжей қару ....... Жарақ

Сәлем -..... сауқат үгіт ......... Насихат әуре ....... Сарсаң

кескін .........- келбет Қант .............. шәй Ығы- ........жығы

. Оқулықпен жұмыс / ауызша/

93-жаттығу Тізбекктей отырып, оқушылар ауызша қосарлама қос сөздердің жасалуын талдайды .

ҮІІ. Тақтамен жұмыс

95 жаттығу:

Сөз тіркесін жасайды .

Ойын-тойдың сәні, оқ-дәрінің орны, оқу-тәрбие жүйесі, ән-күй пәні, аяқ-қолының ұшы, бас-аяғының бөлігі, артық-кем нәрсе, азды-көпті шаруа, ат-арбаның сайманы, көші-қон қамы, үлкен-кішінің барлығы, талап-тілектің кезі, ойлы-қырлы жер, дабыр-дүбір дыбыс, балдыр-бұлдыр үн, үш-төрт сабақ.

ҮІІІ. Сабақты бекітуге арналған ой толғаныс :

  1. Қос сөздердің анықтамасын айту, мысал келтіру.

  2. Топ : Қайталама қос сөздердің жасалу түрін айт

  3. Топ : Қосарлама қос сөздердің жасалуына сай мысал келтіру

Үйге тапсырма : №100 , ережелерді ереже дәптеріне түсіру, үш қатарға қосымша тапсырма беру.

Фонетикалық талдау: (Оқушылар қабілеттерін қарай математикалық талдау жасайды)

3 топқа тапсырма

1-топ : Дос-жаран сөзіне фонетикалық талдау жүргізу

2- топ: Кескін-келбет сөзіне

3- топ : Ығы-жығы сөзіне талдау

Бағалау.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Планирование

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
?аза? тілінен ?ос с?здер, оларды? т?рлері. ?осарлама ?ос с?здер та?ырыбыны? саба? жоспары

Автор: Керімбек Шынар Арапбай?ызы

Дата: 06.01.2015

Номер свидетельства: 150926


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства