1-тапсырма: «Домус» құрастыру .Топпен жұмыс.Әр топқа үйдің құрылымына сәйкес әр түрлі пішінді геометриялық фигуралар таратамын. Әр топ геометриялық фигуралардан А3 қағазына үй құрастырады: «Іргетас», «қабырға», «шатыр» үйді сипаттайтын сөздер жазады. Мысалы, жайлы, жарық, таза, кең, жылы, әдемі, биік және т.б..Үйдің құрылымын айтып береді. -Балалар сендер нені құрастырдық деп ойлайсыңдар? -Үй құрастырдық -Ия сендер латын тілінен шыққан «домусты» құрастыңдар яғни үйді. -Қандай үйлердің түрлерін білесіңдер? -Үй неше үшін қажет? - Әр халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там). Миға шабуыл: Үйдегі жайлылық туралы толықтыру. Жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жандар жылы ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі. Баспана, жайлылық сөздерін үш тілде қалай айтылатынын сұраймын. баспана – жилище – house; жайлылық – уют – comfort; Дескриптор: Геометриялық фигуралардан іргетасын құрайды. Геометриялық фигуралардан қабырғасын құрайды. Геометриялық фигуралардан шатырын, бөлщектерін (есік,терезе)құрайды. Үй ішін сипаттайды. Сөздерді үш тілде айтып береді. Бағалау түрі:Мадақтау 2-тапсырма: «Сен қандай баспанада тұрасың?».Қандай баспанада тұратынын суретке салады. Дескриптор:Баспананың қандай түрінде тұратынын салады. Баспананың түрін ажыратады. Бағалау түрі: «Басбармақ» әдісі. Сергіту сәті: Оқушыларға интербелсенді тақтадан киіз үйдің суретін көрсетіп ,қайдан көргенін сұраймын. Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б Бейнеролик көрсету. «Киіз үйдің құрылымы мен ішкі жабдықтары» туралы ақпаратты толықтыру ақсатында шағын бейнеролик көретемін. «Киіз үй» туралы мәлімет беру. 3-тапсырма: «Микрофон» әдісі.Балалардың бейнематериалдан алған білімдерін тексеру мақсатында микрофон арқылы сұрақтар қоямын. -Киіз үйдің құрылымына нелер жатады? -Киіз үйдің ішкі жабдықтарын ата. -Шаңырақ дегенді қалай түсінесің? Толық мәлімет беру.( Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал ететінін түсіндіру.) -Түндік қандай қызмет атқарады? -Кереге мен шаңырақтың қандай байланысы бар? Дескриптор:Киіз үйдің құрылымын айтады. Бағалау түрі: «Өзін-өзі» бағалау. |