7-сабақ
Қазақ тілі
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім: Ақылбекова Г.А
Сабақтың атауы
Заттың атын білдіретін сөздер
Сілтеме
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы
Суреттер, сөздер, үлестірмелі қағаздар
Жалпы мақсаттар
Заттың атын білдіретін сөздермен таныстыу. А. Құнанбаев туралы мағұлымат беру. Жаңа сабақты меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың оқу жазу дағдыларын қалыптастыру. Ойын, сөйлеу мәнерін тілін дамыту. Қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Сауатты көркем жазуға, жақсыны үйренуге, жаман қылықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу
Пазл арқылы топтарға бөлу
Ынтымақтастық атмосферасы
Қуан шаттан балақай
Қуанатын күн бүгін
Қайырлы таң, қайырлы күн
Күліп шықты күн бүгін
Жарқырап күн шықты. Бүгінгі сабақты жақсы көңіл – күймен бастайық.
Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
1. Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой сөзі неше дыбыстан тұрады. Дауысты дыбыстарды ата.)
2. Екі найзасы бар
Екі айнасы бар.
(Дауыссыз дыбыстарды ата)
3. Қамыс құлақ
Тостаған тұяқ
Мінсен қанат
Сүті дәрі
Еті тамақ
( Жылқы сөзін буынға бөл. Неше буыннан тұрады. Не себептен екі буыннан тұрады.)
Жылдың қай мезгілі? Көктемдегі табиғат ерекшелігін әңгімелеу. Көктемде мал төлдеп күн жылыған соң төлдер өріске шығады. Кеш қайта өрістен оралған төлдерді шақырып ауылға айдаймыз. Төлдерді әр түрлі дауыспен дыбыстап шақырамыз. Қазір мен төлдерді шақырамын, сіздер мен қай төлді шақырғанымды тауып сұрақтарға жауап бересіңдер.
1. Ертеменен айқайлап
Қайда екен деп ақылдым
Ақау, ақау. ақаулап
Қай төлді мен шақырдым?
(Сүттен жасалатын өнімдерді ата)
2. Шұнтандаған неме деп
Қосса жақсы келер деп
Шөре, шөре, шөрелеп
Қай төлді мен шақырдым?
(Қой, ешкі жүнінен қандай бұйымдар жасалады?)
3. Жүрмесін деп қалыс қап
Қайта, қайта дауыстап
Қауыс, қауыс қауыстап
Қай төлді мен шақырдым?
(Түйе сүті қалай аталады?)
4. Құйрық жүні сусылдап
Тез жетсін деп зуылдап
Қырау, қырау, қыраулап
Қай төлді мен шақырдым?
(Жылқы сүті қалай аталады?)
Қызығушылықты ояту
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Оқулықтағы тапсырмаларды топпен орындау
Түйсіну кезеңі. Жаңа сабақ.
Күннің жадын жазу
суретпен жұмыс.
Суреттердін атын атап, оларға сұрақтар қойып, Заттың атын білдіретін сөздерге қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Кім? Кімдер?
Не? Нелер?
Адамдарға, мамандық иелеріне.
Жануарларға, заттарға
Ережемен таныстыру.
Заттың атын білдіретін сөздерге кім?, не?, кімдер?, нелер? деген сұрақтар қойылады.
Суретпен жұмыс. Суретте кімдерді көріп тұрмыз? Осы балалардың қайсысының істері дұрыс деп ойлаймыз?
Балаларға ат қояйық.
Арманның ісі дұрыс. Ол табиғатқа қамқорлық көрсетуде. Ағаштарды күтіп жайқалып өсуіне жағдай жасауда. Ағаштың қандай пайдасы бар?
Бұлттар мен тамшылардаға сөздерді сұрақтарға сәйкес көлшіктерге орналастыру.
Ата
Бала
гүл
Көбелек
Сылақшы
кітаптар
Дәрігершарлар
Сергіту сәті
Еркiн ұста денеңдi,
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Оқушылар денелерін шынықтырады
Ой толғаныс
1. Мамандық иелеріне қандай сұрақ қойылады?
2. Не?, Нелер? сұрақтары қандай сөздерге қойылады?
3. Венн диаграмасын толтыру.
Үй тапсырмасы
5-ж
Күнделіктеріне жазады