|   Пән: Қазақ тілі Сынып: 3 Күні:   |    Сабақ №   |  
  |   Сабақтың тақырыбы: Біздің ауыл   |  
  |   Сілтемелер, дерек көздері:   |    Қазақ тілі. 3 сынып оқулығы А.Қайырбекова Алматы «Атамұра» баспасы – 2014  Интернет желісі.   |  
  |   Жалпы мақсат:   |    Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, оларды меңгерту. Ауыл жайлы айта білуге дағдыландыру. Жұппен, топпен жұмыс жасауға төселдіру. Көру, есте сақтау, сөйлем құра білу қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілдесім әрекетін жандандыру;   |  
  |   Оқу нәтижесі:   |    Ауыл жайлы 3-4 сөйлем құрастырып сөйлей алады.   |  
  |   Түйінді идеялар:   |    Ауыл.   |  
  |   Сабақ кезеңдері:   |    Уақыт   |    Мұғалім әрекеті   |    Оқушы әрекеті   |  
  |   Кіріспе   |            1 мин      1 мин                  3 мин   |    І.Ұйымдастыру  1.Оқушылармен сәлемдесу.  - Сәлеметсіңдер ме балалар? Көңіл-күйлерің қалай?  2.Оқушыларды түгендеу  -Сыныпта кезекші кім?  - Сабақта кім жоқ?  - Бүгін нешесі?  - Аптаның қай күні?  ІІ.Психологиялық ахуал туғызу  ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.   |         |  
  |   Ой шақыру   |    2 мин   |    1.Тақтаға ауыл суреттерін ілемін. Оқушыларға сұрақ: Балалар суретте не бейнеленген?  - Біз бүгін сабақта серуенге шығамыз?  - Ауылға қалай баруға болады? Біз ауылға бүгін пойызбен барамыз.  /тақтаға пойыздың суретін іліп, вагондағы тапсырмаларды орындату арқылы біз ауылға жетеміз/   |    Оқушылар суреттермен танысып, сабақтың тақырыбын ашады.   |  
  |   Түсіну   |    3 мин   |    1.І-вагон /Автовокзалға барамыз/  Тапсырма: оқулықтың 101 бетіндегі жаңа сөздерді дәптерге теріп жазу.  Ауыл-аул  Жол-дорога  Тау-гора  Өзен-река   |    Оқушылар оқып, дәптерлеріне жазып алады.       |  
  |   Қолдану   |    7 мин                  6 мин   |    1.ІІ-вагон /Билет кассасынан билет аламыз/  Тапсырма: 101 беттегі 1 тапсырма.  Мәтінді оқып ,орыс тіліне аудару.  2. ІІІ-вагон /Автобус тұрағына барамыз/  Тапсырма:102 беттегі 2 тапсырма.  Сен қандай ауылдарды білесің?  Ауылдардың тізімін беремін. Оқушылар ішінен ауданымыздың ауылдарын теріп алып қағазға жабыстырады./   |        Мәтінді оқып, орыс тіліне аударады.              Ауыл атауларымен жұмыс жасайды   |  
  |   Сергіту сәті   |    3 мин   |    Сергіту сәті.  Сағаттың тіліндей,  Иіліп оңға бір.  Сағаттың тіліндей,  Иіліп солға бір.  Оң аяқ, сол аяқ.  Оң аяқ, сол аяқ.  Жаттығу оңай-ақ   |    Сергітуді орындайды.   |  
  |   Талдау   |    5 мин   |    1.ІV вагон /Автобусқа мінемін/  102 бет, 4 тапсырма.  Жұптық жұмыс. /Диалогты оқып, аударады, түсінеді./   |    Диалогты оқып, орыс тіліне аударады.   |  
  |   Жинақтау. Рефлексия.   |    6 мин   |    V вагон. Жолдан түсеміз.    102-бет, 3-тапсырма.  /Ауылда не бар? Деген сұраққа жауап беру үшін қаламен салыстыру мақсатында коллаж жасайды/   |            Ауыл мен қаланы салыстырады   |  
  |   Үйге тапсырма   |    2 мин   |    102 бет, 4 тапсырма   |    Диалогты жаттап келу   |  
  |   Бағалау   |    4 мин   |    Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалаймын.       |         |