Сабақтың тақырыбы: Менің оқулықтарым
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды «Менің оқулықтарым» тақырыбында емін-еркін сөйлей білуге үйрету
Сабақтың міндеттері:
1) Білімділік: оқылым, жазылым, сөйлесім, айтылым әрекеттерін жүйелі қолдану арқылы оқушыларды тілдесімге жетелеу. Тақырыптағы лексикалық бірліктерді меңгерту. Грамматикалық тақырып жіктік жалғау, септіктер мен тәуелдік жалғауларына байланысты тапсырмалар орындату.
2) Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. Байланыстырып сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.
3) Тәрбиелік: оқу құралдарын, оқулықтарын таза, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Сабақтың әдіс-тәсілдері: аудару, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
Сабақтың көрнекі құралдары: слайд, көрнекіліктер, топтық жұмыстар.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастырукезеңі.
* Амандасу.
* Түгендеу.
* Психологиялық көңіл – күй
*Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Жаңа білім беру кезеңі.
1.Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
Кітап сенің қазынаң,
Кітап сенің жан досың.
Біліміңді асырар,
Кітап сенің бақ құсын. - осы өлең шумағымен сабақтың тақырыбын атаймыз.
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Менің оқулықтарым» деп аталады. Олай болса, дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазып алайық.
Жаңа сөздерімен танысайық. Слайд арқылы көрсету.
алдым - взял(а)
жыл соңында – в конце года
тапсырамын – сдаю
есеп шығару – решать задачу
Жаңа сөздерді қайталатып, дұрыс айтуға тілдерін жаттықтыру. Жаңа сөздерге сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру. Сөздік дәптерлеріне жазып алу.
2.Сабақтың мақсатын айту. Бүгін топтық жұмыс жасаймыз. Кітап – білім бұлағы дегендей 3 топқа бөлеміз.
І топ - Кітап
ІІ топ - Білім
ІІІ топ - Бұлақ
ІІ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Үйге берілген 209 беттегі 1,5-тапсырманы тексеру. Сабақ кестесін құрап келу және үлгі бойынша төрт сөйлем жазып келу.
ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту:
1) Оқулықпен жұмыс
1-тапсырма. «Сканерлеп оқу» әдісі әр топқа бір-бірден бөліп беру тапсырманы.
· Мәтінді оқу
· Мәтінді аудару
· Мәтінге сұрақ қою
· «дара диаграмма» әдісі
Дәптермен жұмыс. Мәтінен жіктік жалғау, тәуелдік жалғауда жазылған сөздерді теріп жазып алу.
2-тапсырма бойынша әр топқа карточкамен тапсырма беру. Оны жазу керек және қорғауы керек.
І топ «Кітап» сөзін септеу керек. Алдарында қағаздар жатыр, соларды орынына дұрыс қойып табу керек. Сөздерді шашып қою. Оны атау септіктен бастап көмектес септікке дейін сөздерді дұрыс қою.
А.с. Не? кітап
І.с. Ненің? кітаптың
Б.с. Неге? кітапқа
Т.с. Нені? кітапты
Ж.с. Неде? кітапта
Ш.с. Неден? кітаптан
К.с. Немен? кітаппен
ІІ топ «Жіктей біл» ойыны деп аталады. «Оқу» сөзінің жалғауларын табу.
Жекеше Көпше
І ж. Мен оқи. Іж. Біз оқи.
ІІж. Сен оқи. ІІж. Сендер оқи.
Сіз оқи. Сіздер оқи.
ІІІж. Ол оқи. ІІІж. Олар оқи.
ІІІ топ «кітап» деген сөзге тәуелдік жалғауларын жалғауы керек. Ең алдымен жақтардың орындарын табу.
Жекеше Көпше
І ж. кітабым І ж. кітаптарымыз
ІІ ж. кітабың ІІ ж. кітаптарың
кітабыңыз кітаптарыңыз
ІІІ ж. кітабы ІІІ ж. кітаптары
Сергіту сәті
Видео ролик арқылы «Караоке» айту. «Менің қошақаным» әні.
3,4,5-тапсырмаларды топқа бөліп беру.
І топ. 3-тапсырма. Қай пәнде не істейтінін айту. Бүгінгі оқулықтарды айтып сөмкеге салғызу.
Сенбі күннің сабақтарын салу. Тақтада сөмке ілініп тұрады оқушы соны жылдам оқулықтарды атай отыра салу.
ІІ топ. 4-тапсырма. Мәтінді оқу, оны аудару.
ІІІ топ. 5-тапсырма. «Бес жол» деп аталады. Осында оқушылар қазақ тілі деген сөзге сөйлем құрастыру.
ІІІ Жаңа білімді бекіту кезеңі:
Бүгінгі сабаққа қорытынды жасап жіберейік. «Текше» әдісі арқылы әр топ текшені 2 рет лақтырып, қай сан түсу арқылы. Олар сол сұраққа жауап беруі керек.
1. Бүгін қандай тақырып өттік?
2. Қандай оқулықтар бар?
3. Қазақ тілі сабағында не істейміз?
4. Математика сабағында не істейміз?
5. Оқулықтарды қалай ұстау керек?
6. Бейнелеу сабағында не істейміз?
ІV Үй тапсырмасын беру кезеңі:
210 бет, 6-тапсырма өлеңді жаттау.
V Рефлексия:
Балалар, сендердің қастарында постер тұр. Соған бүгінгі сабақ бойынша өздерінің қолының ізін салу арқылы әр саусаққа жүзікті кигізу.
Мені мұқият тыңдаймыз:
Бас бармақ – мен түсіндім
Балан үйрек – мен білгім келеді
Ортан терек – маған қиын болды
Шылдыр шүмек – мен тақырыпты түсінген жоқпын
Кішкентай бөбек – мен тырысамын
Сабақ барысанда бәріміз жұмыс жасадық, келесі бағаларға қол жеткіздік.
Оқушылардың білімін бағалаймын. Әр топтың бағаларын қою.