kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстанның рәміздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүниетанудан "Қазақстан рәміздері"тақырыбында ашық сабақ

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның рәміздері»

Сабақ жоспары


Пән: Дүниетану

3В бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»


Тақырып: «»








«Верх-Березовка бастауыш мектебі-балабақша кешені»КММ

күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жумагулова А.А

СЫНЫП: 1

Қатысушылар саны:

қатыспағандар:

Оқу мақсаттары


1.2.6.3.ҚР мемлекеттік әнұранын орындау.

1.2.6.2.Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасын беру

1.1.2.1.Кейбір нақты білімдері мен түсініктерін көрсету

1.1.5.1.Өз көзқарасы мен пікірін қарапайым түрде білдіру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушы жасай алады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысады;

  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарайды.

  • Бұрынғы тулар мен қазіргі Тудың айырмашылығын салыстырады. «Сен білесің бе?» айдарында тарихи танымдарын кеңейтеді;

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын сипаттап айтап алады;


Оқушылардың көпшілігі жасай алады:

  • Бақылау жазбаларын жасау дағдыларын жетілдіреді;

  • сұрақтарға жауап таба алады;

  • тудағы бейненің беретін мән-мағынасын біледі;

  • «Орындап көр» айдарының тапсырмалары шығармашылықпен ойлау қабілеттерін дамытады.


Кейбір оқушылар жасай алады:

  • Сабақта алған білімдерін қолдана алады;

  • Батырларымыздың қазақ халқының тарихындағы орнын түсінеді, алған ақпараттары бойынша өз пікірлерін білдіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар тірек сөздерін үш тілде есте сақтай алады.


Алған ақпараттары бойынша өз пікірлерін білдіріп, тиісті лексиканы қолдана отырып сұрақтарға жауап береді.










Сабақта диалог/жазу үшін қолданылған тіл:

Бақылауға арналған сұрақтар: Қазақстан Туының түсі қандай және неліктен осындай түсті? ҚР-ның Гимні қалай дұрыс орындалады?




Жазуға арналған сөздер: Елтаңба, Ту, Гимн, мемлекеттік рәміздер.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:


Түйінді сөздер

ту

флаг

flag


елтаңба

герб

coat of arms


гимн

гимн

anthem


мемлекеттік рәміз

государственный символ

state symbol




Алдыңғы білім

Оқушылардың аңыз, әңгіме, миф, ертегі және мақал-мәтелдер туралы түсініктері бар. Сондай-ақ олар Астана туралы, «Бәйтерек» ескерткіші туралы біледі.



Жоспар

Белгіленген уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Дереккөздер

Кіріспе бөлім


  1. Ұйымдастыру кезеңі.Бір-біріне жақсы тілектер тілеу

  2. Бейнефильм: Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні.

  • Осы әнді тыңдаған кезде қандай сезімде болдыңдар?

  • Біз бүгінгі сабақта не туралы айтуымыз мүмкін деп ойлайсыңдар?

Жауаптары: Рәміздер туралы.



https://www.youtube.com/watch?v=mn4JJP7pZbU («Көк тудың желбірегені» әні)






Негізгі бөлім











-Қ.Р Астанасы қай қала?

-Президенті кім?

-Рәміздерге нелер жатады?

-Олай болса осы рәміздер туралы қандай өлең,тақпақ білесіңдер?




Жұппен жұмыс

  1. Суреттермен жұмыс (презентация боыйнша).

Оқушыларға иллюстрациядағы бүркіттің және күннің суретіне қарап тұрып, сұрақтарға жауап беруі тапсырылады.

  1. (Ж) «Анықта»: Оқушылар иллюстрацияға қарап отырып, жұпта бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.

Бұл жұмыстан кейін мұғалім сұрақтар қояды:

Бұл суреттер қай жерде бейнеленген?

Олардың әрқайсысы нені білдіреді, қалай ойлайсыңдар?

Ерте заманда тулар әскери ерліктің белгісі болған. Туға ерекше құрмет көрсетілген. Біздің заманымызда ол елдің тәуелсіздігін білдіреді.

Қазақстанның Туы көгілдір түсті. Көгілдір түс еліміздегі береке мен бейбітшілікті білдіреді.

Олай болса қазір жұппен рәміздерді жапсырайық.

6. (Т) Оқушыларды жұпқа бөлу.

«Ойлан». Мақалмен жұмыс.«Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көру ұсынылады.

«Тусыз бірлік болмас, қарусыз жігіт болмас»? мақалды қалай түсінесің? Бұл сұраққа жауап беру үшін «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көруді ұсынамыз.

Жұптық жұмыс: бірінші жұп әуенін тыңдау, екінші жүп адамдардың әрекетін бақылау тапсырылады. Сосын әр топтың бір мүшесін алып, оларды біреуі сазын, екіншісі адамдардың әрекетін сипаттайды. Оқушылардың міндеті – аталмыш фильм мақалды қалай растайтынын айту.

-Бұрынғы кезде қазақ халқына ту не үшін қажет болды?

-Ал қазіргі кезде тудың рөлі қандай? Қай кезде біз оны биікке көтереміз?

Мәтінмен жұмыс

7.Оқушыларға мәтінді өз беттерінше оқу тапсырылады.

Әрбір елдің мемлекеттік рәміздері бар. Оған Елтаңба, Ту және Гимн жатады. Қазақстанның рәміздері еліміздің тарихы туралы айтып бере алады. Олар еліміздегі барша халықты біріктіреді.

8. Сен білесің бе?

Абылай ханның әскери туының түсі ақ болған. Осы тудың астында ұлы ханның қолы жоңғарларды талай талқандаған.

Қазақтың атақты ханы Абылайдың портреті көрсету. Абылай ханның қазақ халқына өте ауыр болған кезде өмір сүрген және қазақ қолының жоңғарларға қарсы соғыстарына он бес жасынан бастап қатысқан. Абылай ханның ең үлкен еңбегі – қазақтың үш жүзінің басын бір тудың астына біріктіре алған. Бір оқушыға айдардың мәтінін дауыстап оқу тапсырылады. «Жеті жебе» әдісін қолдана отырып, ақпаратты байытуға да болады. Портреттің айналасына жеті жебе сызылады. Әр жебенің тұсына оқушылар тарихи тұлғаны сипаттайтын бір-бір сын есім жазып шықсын.

Жауаптары: Ер жүрек, дана, әділ және т.б.

Топпен жұмыс: Берілген әріптерден сөз құрау

Орындап көр айдары



9. Қалыптастырушы бағалау.



10. Тілдік құзыреттілікті дамыту

Үштілділік

«Бағдаршам» ойынын өткізу. Қазақ тіліндегі сөз жасыл түспен, орыс тіліндегі – сары түспен, ағылшын тіліндегі – қызыл түспен белгіленеді. Әр топқа тірек сөздер бар карточкалар таратылады. Мұғалім белгілі бір түсті атайды, (қызыл, сары, жасыл) немесе сол түстің белгілік дөңгелегін көрсетеді. Оқушылар тірек сөзді түске сәйкес келетін бір тілде атайды.

Әнұран



Мультимедиапроектор, мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат, гимннің дыбыс жазбасы, «ту», «гимн», «елтаңба» сөздері жазылған карточкалар,

«Бәйтерек», «Алтын адам» суреттері, флипчарт, түсті маркерлер, «Мемлекеттік Ту» тақырыбында таныстырылым, түсті қағаз, желім, қайшы, ҚР-ның рәміздерінің элементтері бейнеленген суреттер (бүркіт, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты пырақ), жапсырмалар, өрнек-жапсырмалар, «Байқап көр» айдарының тапсырмаларына қолданылатын ту үлгілері.

Интернет-дереккөздері

http://www.youtube.com

http://www.akorda.kz/ru


https://www.youtube.com/watch?v=ALGIpmCKcsM

(Ерболаттың бейнеклипы «Мен қазақпын», «Жау жүрек мын бала» фильмнен үзінділер)

Қорытынды бөлім

Рефлексия «Табыс баспалдағы»



Қосымша ақпарат

Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәндік байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары

АКТ байланыс, Құндылықтармен байланыс (тәрбиелеу элементі)













Керек сөздерді қою:

Ертеде ту _____________ ерліктің белгісі болды.

Қазір ол елдің ___________________көрсетеді.

Біздің елімізде көгілдір түс _________және _____________ білдіреді.

Әрбір елдің__________________

рәміздері бар.

Оларға _____________, _______________және __________ қарайды.


Қажетті сөздер: әскери, тәуелсіздік, молшылық,

бейбітшілік, мемлекеттік, елтаңба, ту, гимн.


Оқушылар:

–ҚР-ның мемлекеттік Туымен танысты;

– Тудағы бейнелердің мәнін білді;

– Тудың мемлекет үшін маңызы мен мәнін түсінді.

Оқушылар үйренді:

– бақылау жасауды;

– ақпарат негізінде өз пікірілерін жеткізуді;

– жауаптарында сәйкес келетін лексиканы қолдануды;

– халқымыздың өткені мен бүгінін салыстыруды;

– Туға құрметпен қарауды.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушылардан нақтылаудың дұрыстығын анықтауды тапсырыңыз.

– Ту елдің тәуелсіздігін әйгілейді.

– Қазақстанның туының түсі – қызыл.

– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.

– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихын баяндай алады.

Бұл сабақта оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды үйренеді.

Өнер. «Байқап көр» айдарының тапсырмасын орындайды.

АКТ. Интернет-дереккөздерден әртүрлі мемлекеттердің тулары жайында материалдарды іріктеп алады.

Бақылау

Сабақтың мақсатына жетім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Осы сабақты бағалау үшін бос орын пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы тиісті сол жақтағы сұраққа жауап беріңіз



Қорытынды бағалау


Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.



1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 1 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақстанның рәміздері

Автор: Жумагулова Алия Алибековна

Дата: 20.02.2017

Номер свидетельства: 393945

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Қазақстан рәміздері"
    ["seo_title"] => string(24) "k_azak_stan_r_mizdieri_1"
    ["file_id"] => string(6) "459120"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1519371955"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "Ашы? ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті "?аза?стан р?міздері" "
    ["seo_title"] => string(63) "ashyk-u-iymdastyrylg-an-ok-u-is-riekieti-k-azak-stan-r-mizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "211103"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431539336"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(37) "Қазақстан рәміздері"
    ["seo_title"] => string(22) "k_azak_stan_r_mizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "406329"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1491276774"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(80) ""Тәуелсіз Қазақстан рәміздер" тәрбие сағаты"
    ["seo_title"] => string(47) "t_uielsiz_k_azak_stan_r_mizdier_t_rbiie_sag_aty"
    ["file_id"] => string(6) "406530"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1491310130"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(54) "1"а" сынып Қазақстан рәміздері"
    ["seo_title"] => string(32) "1_a_synyp_k_azak_stan_r_mizdieri"
    ["file_id"] => string(6) "457072"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518522147"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства