Мотивациялық қозғаушы Ұйымдастырушылық- ізденімпаздылық Рефлексиялық | Балалар назарын ұйымдастырған оқу іс-әрекетіне аудару, хабарлау жүргізу. Амандасу рәсімін айтқызу. Оқу іс-әрекетті бастамас бұрын жақсы тілектер айтайықшы. Еліміз тыныш болсын, Аспанымыз ашық болсын, Ата-анамыз аман болсын, Деніміз сау болсын, Балабақшамыз көркейе берсін, Бәріміз дос болайық, Күніміз жарқырай берсін! Бейбітшілік болсын, Елбасымыз аман болсын! -Өте жақсы балалар! Осы айтқан тілектерін қабыл болсын. -Балалар, біз қай республикада тұрамыз? Елбасымыз кім? Біздің ұлтымыз қандай? Біз қай тілде сөйлейміз? Қазақстан елі қандай ел? Өте жақсы балалар! Еліміз егемендік алғаннан кейін Ата заңын қабылдады. Әрбір тәуелсіз елдің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Солардың бірі мемлекеттік рәміздер. Олар ҚР-ның әнұраны, ҚР-ның мемлекеттік елтаңбасы, ҚР-ның туы. Енді әрқайсысына тоқтала кетейік. Мемлекеттік туымыз- бірыңғай көгілдір түсті, бұл түс төбеміздегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді. Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің, тыныштық пен жақсылықтың нышаны. Көк түс- Қазақстан халқының бірлік, ынтымақ жолына адалдығын білдіреді. Ту ортасында – алтын күн, баршамызға ортақ нұр сәулесін төгіп тұр, қалықтап ұшқан қыран құс- ерліктің, айбындылық бейнесі, нұрға малынған алтын күн- тыныштық пен байлықты бейнелейді. Балаларға ту туралы тақпақ айтқызу. Айнымайды аспаннан, Біздің тудың бояуы, Оны халық қашанда, Биікке іліп қояды. Ағаш сабағына бекітілген тұтастығы тік жолақ- ұлттық оюлармен өрнектелген. Күн, қыран, ою-өрнек- алтын түсті. Қазақстан Респуликасы мемлекеттік туының авторы- суретші Ш.Ниязбеков. Елтаңбамыз туралы: Елтаңба негізі- Шаңырақ- елтаңбаның жүрегі, ол мемлекеттің туы- негізі отбасының бейнесі, шаңырақ- күн шеңбері. Шаңырақ- киіз үйдің күмбезі, үйдің, ошақтың бейнесі, тұлпар- дала дүлділі, ер-азаматтың сәйгүлігі, шаңырақ айналасындағы уықтарды тұлраплардың қанаты қоршап тұр. Бесжұлдыз- «Бағыңыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» дегенді білдіреді, «Қазақстан» жазуы – қазақ елінің айғағы. Елтаңба авторлары- Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов. Әнұран туралы: Мәтінінде тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі көрініс табады, еліміздің кең, байтақтығы, еліміздің тату-бірлігі баса айтылған. Авторлары: Шәмші Қалдаяқов, Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. осы мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден көріп тұрамыз. Әнұран сөзін жатқа білу міндетіміз. Әнұранды орнымыздан тұрып, қолымыды жүрегіміздің тұсына қойып, бас киімді шешіп орындаймыз. Әнұран туралы тақпақ. Әнұраны елімнің, Шақырады бірлікке, Егеменді халқымның, Болашағы бірлікте. Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі- бірігу идеясымен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз, ашық аспанды еске салады. Қорытынды: Қазақстан- туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты. Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды. Отансыз жан өмірінде оңбайды, Отаны жоқ адам- бақытсыз жан. Ал, біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Біз ҚР-ның Азаматы- Отаным Қазақстанның алдыңғы қатарлы, әділетті ел болуы үшін сапалы білімді, тәртіпті, мәдениетті адам боламыз, еліміздің президентін құрметтейміз, еліміздің туын, елтаңбасын, әнұранын сыйлап, қастерлейік. Отан туралы мақал-мәтелдер айтқызу. Дидактикалық ойын: «Бұл не?» Билингвистикалық компонет: Отан- Родина, рәміз- символ, ту-флаг, елтаңба- герб, әнұран-гимн. Балалар жауабын мадақтау. | Оқу іс-әрекетке дайындық Амандасу рәсімін айтады. Әрқайсысы тілек айтады. Қазақстан Н.Ә.Назарбаев Қазақпыз Қазақ Тәуелсіз Мақал-мәтелдерді жатқа айтады. Ойынға белсене қатысады. Сөздерді екі тілде қайталайды. |