Пәні: Дүниетану | Мұғалімнің аты-жөні: Жұртшыбаева М.С |
Күні: 23.02.2017ж. Сыныбы: 1 «в» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Қазақстанның рәміздері |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (қу бағдарламасына сітеме) | 1.3.5.2 тәулсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату |
Бағалау критерийлері | * Қазақстан Республикасының негізгі белгілері болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекетіміздің рәміздерімен танысу; * Мемлекеттік рәміздерді өзге елдің рәміздерінен ажырату, мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу; * Еліміздің рәміздеріндегі негізгі белгілерін мағынасын білу |
Құндылықтарды дамыту | Оқушылардың бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу; Еліміздің мемлекеттік рәміздерін силап,қастерлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу; |
Пәнаралық байланыс | Сауат ашу пәні |
Ресурстар | Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бұрышы, И.Ескедір «Көк Тудың желбірегені» әні, Б.Момышұлының суреті. Т.с.с |
Тілдің құзыреттілік | ту – флаг – flag; елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem; мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol. |
Сабақтың баысы | |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтың жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы 0-5минут | Кіріспе Ұйымдастыру Аспанға қарап ай көрдім, Төменге қарап жер көрдім. Оңға қарадым, Солға қарадым-Егеменді ел көрдім. | |
Сабақтың ортасы 6-15минут | МК: Ө; Қ Суретке қара? Бұл суреттердің бәрі бірге қайда бейнеленген? Олардың әрқайсысы нені білдіреді? Дискриптор: - Мәтінді оқып, ой түйеді; - көгілдір түс –еліміздің бибітшілік пен тыныштқтың белгісі екенін түсінеді; -туды сипаттайды. | И.Ескедір «Көк Тудың желбірегені» әні. Таныстырылым, Оқулықпен жұмыс. |
16-21 минут | МК; Ө; Қ Тәуелсіз мемлекеттің өзіне тән қандай белгілері болуы керек? Анықта Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі? Мемлекеттік гимн қай уақытта шырқалады? Дискриптор Тәуелсіз мемлекеттің өзіне тән белгілерін айтады; Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтерлетінін түсінеді; Мемлекеттік гимн қай уақытта шырқалатынын түсінеді. | Оулық Бине-сюжет |
22-27минут | Ойлан «Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің? Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді. Дискриптор: | Оқулық |
28-30минут | Сен білесің бе? Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан. Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына жұмылдырды. | Абылай ханның суреті |
31-38 | 39-жұмыс парағы . Біздің ту Дискриптор 40-жұмыс парағы. Менің елімнің рәміздері Дискриптор -Қажетті сөздерді қойып жаза алады, оқый алады. * Еліміздің рәміздерін сипаттай алады. * Оқулық бойынша керекті сөздерді тауып жаза алады. | Дәптермен жұмыс |
39-40минут | Мен оқушыларға 4-5 мемлекеттің рәміздерінен беремін соның ішінен өзіміздің рәміздерімізді қателеспей тауып алу шарт. | |
41-44минут | Өз сыныбымыздың туын ойлап табайық және суретін салыңдар. | |
45минут | Бір-біріне «жүрекетен-жүрекке» әдісі арқылы тілек айту. | |
Бағалау | Оқушылар: –– ҚР мемлекеттік туымен танысты; –– тудағы бейнелердің мағынасын; –– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді. Оқушылар: –– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді; –– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды; –– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды құрметтеуді үйренді. Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыныңыз. –– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді. –– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті. –– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген. –– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді. | |
Қорытынды бағамдау | Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ? | |