Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдау. - «Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?» - «Бүгінгі сабақ не туралы болады деп ойлайсыңдар?» Ту туралы. -Біздің туған өлкеміз, туған еліміз қалай аталады? - Қазақстанның президенті кім? - Қазақстан рәміздеріне не жатады? - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Қазақстанның рәміздері" ту – флаг – flag; елтаңба – герб – coat of arms; гимн – anthem; мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol. Суреттерге қара. - Бұл суреттердің бәрі қайда бейнеленген? - Олардың әрқайсысы нені білдіреді? Оқулықтағы 1-мәтінді өз бетінше оқу. Кел, анықтайық! - Мемлекеттік ту қандай жағдайда көтеріледі? - «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?» Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі. Сергіту жаттығуы. 1.Қол буындарына арналған жаттығу – «Жеміс жина». 2.Мойынға арналған жаттығу – «Аңға шыққан адам». 3. Аяққа арналған жаттығу. - "Атқа мініп шабу". Кел, ойланайық! Топтық жұмыс. Оқушыларға ерте заманда қазақ халқы үшін тудың мәні қандай болғаны, ал қазіргі кезде тудың маңыздылығы қалай өзгергені туралы қорытынды жасату. Отан қорғау әр жігіттің қасиетті борышы екені туралы тұжырым жасау. Оқулықтағы 2-мәтінді өз бетінше оқу. 1-топ. Ту 2-топ. Елтаңба 3-топ. Гимн Сен білесің бе? Жұптық ұмыс. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүрген, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқан. Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына жұмылдыруы екен. Оқушылардың біріне мәтінді мәнерлеп оқыту. «Жеті жебе» әдісі бойынша портреттің айналасындағы жеті жебеге тарихи тұлға Абылай ханды сипаттайтын сөздерді жазу. Жауабы: Батыр, ержүрек, ақылды, әділ… Дәптермен жұмыс Орындап көр. Топтық жұмыс. Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын қадағалау. «Сөйлейтін қабырға» әдісі бойынша әр топ өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. |