Тақырыбы: Қарсы мағыналы сын есім.
Мақсаты: 1.Қарсы мағыналы сын есіммен танысу.Сын есім туралы алған білімдерін толықтыру, пысықтау.Сын есімдісөйлем ішінен тауып, қай сөзбен байланысып тұрғанын және дұрыс сұрақ қоя білуге үйреті, сауатты, таза жазуға дағдыландыру.2.Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға байланысты оқу мен жазу арқылы сыни ойлауын қалыптастыру, өз ойын дәлелдей алуға мүмкіндік туғызу.3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, бірлікке баулу, басқаның пікірін сыйлауға, сөзін бөлмеуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Сөзжұмбақ, тірек сызба, мақал - мәтелдер, плакатта жазылған тапсырмалар.
Сабақтың түрі: жинақтау.
Сабақтың әдіс - тәсілі: топпен, жұппен жұмыс, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Психологиялық дайындық.
Қатар - қатар тізіліп,
Оқушыға лайық.
Қолымызды жіберіп,
Түп - түзу боп тұрайық.
Жақсы болып сабақта.
Әдеп сақтау сәніміз,
Отыруға жақпа - жақ,
Дайындалдық бәріміз.
І - қатар жай отыр,
ІІ - қатар тез отыр,
ІІІ - қатар сен де отыр,
Сабақ бастар кез боп тұр.
2.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Бүгін сабақты сайыс түрінде өтеміз.Қазір үш топқа бөлініп, әр топ өз топбасшысын сайласын.
І - топтың басшысы - Арсен, ІІ - топтың басшысы - Аяжан, ІІІ - топтың басшысы - Абдулла
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
1.434 жаттығу.Берілген сын есімдерді қатыстырып, сөйлем құрап жазу.Сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтау
Сұлу қыз. Ауыр жүк. Жуан ағаш.
2.Тірек сызбамен жұмыс. Тірек сызбадан заттың түрін, иісін, дәмін,сапасын білдік.Яғни бір заттың сындық ерекшеліктерін анықтадық.Ереже айтайық.
3.Сөзжұмбақ шешу.
1) Қандай сұрағына жауап беретін сын есім? (жақсы)
2).Заттың түсін білдіретін сын есім? (қызыл)
3) Қандай жолдас болады? (жаман)
4) Бөлме қандай болады?(кең)
5) Алма қандай болады? (сары)
6) Қай сұрағына жауап беретін сын есім? (шеткі)
7) Жемдеп тұрған мал қандай болады? (семіз)
ж а қ с ы
қ ы з ы л
ж а м а н
к е ң
с а р ы
ш е т к і
с е м і з
Сөжұмбақтағы сөздер қай сөз табына жатады?
Осы сын есімдерге қарсы мағыналы сын есімдер табыңдар.
Жаман - жақсы, кең - тар, сары - қызыл, семіз - арық.
ІІІ.Жаңа сабақ:
1.Қарсы мағыналы сын есімдер.
І топ ІІ топ ІІІ топ
Жақсы - жаман қалың - жұқа ауыр - жеңіл
биік - аласа ұзын - қысқа алыс - жақын
Олардың мағынасын салыстыр.Аталған сын есімдер заттың қандай сынын білдіреді?
2.Сергіту сәті.
Келді көктем далаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы ақ құстар,
Айдын көлді арала.
ІV.Оқулықпен жұмыс.
1. 437 жаттығу.Мәтінді көшіріп жаз.Сын есімдерді тап.Сын есімдердің астын сыз.Олар қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.
Ертіс - үлкен өзен.Оның бойына сәулетті қалалар салынған.Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол өнім береді.
2.438 жаттығу.Көп нүктенің орнына қарсы мағыналы сын есім тауып жаз.Олардың мағыналарын салыстыр.
І топ ІІ топ ІІ топ
үлкен - кіші жіңішке - жуан ірі - ұсақ
жаңа - ескі қысқа - ұзын күшті - әлсіз
V.Шығармашылық тапсырма.
1.Тірек сызбадан өлең құрастыр, сын есімдерді тап.
Тірек сөздер: көңілді, күміс, мөлдір, көз.
Көктем қандай....,
.....жаңбыр төгілді.
.....аспан ашылып,
Күннің.... көрінді.
2. Сергіту сәті. "Сұр қоян"
VІ Сын есімге байланысты мақал - мәтелдер айту.
І топ - мақалды бастайды.
ІІ топ жалғастырады.
ІІІ топ осы мақалдың ішінен сын есімдерді табады.
VІІ. "Мен қандаймын" сайысы бойынша сыныптағы әр оқушы аты қандай әріптен басталса сол әріптен басталатын сын есімді айтады.Мысалы: Алмат - ақылды, Диана - дарынды т.б.
VІІІ.Сабақты қорыту.
1.Бүгінгі сабақта нені білдік?
2.Бүгінгі сабақ бойынша не алдық?
3.Не жаңалық болды?
4.Нені білгің келеді?
5.Көңіліміз қандай?
6.Қонақтар не тілейміз? Не айтамыз?
ІХ. Оқушыларды бағалау.
Х.Үйге тапсырма