Сабақтың тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр?
Сабақтың мақсаты;1)Білімділік:Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру,ертегі түрлеріне тоқталу.”Қарлығаштың құйрығы неге айыр?”ертегісінің негізгі идеясын ашу;2)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,сөздік қорын молайту; 3)Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,бауырмалдыққа,еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Аралас сабақ.
Сабақтың түрі:Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әлісі:Таратпамен жұмыс,өздік жұмыс, шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану,сурет,ән, еңбек.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар,ТСО,сызба кестелер,сюжетті суреттер.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі. «Шаттық шеңбері» Оқушылар бір шеңбер бойында емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп,үлкен достық шеңберінің бір мүшесі ретінде әрқайсысы өзіне сенім артып,өзгелердің де сеніміне енеді.
2.Үй тапсырмасына шолу. Құмырсқаның қанағаты.(Ел аузынан.) Сыныпты үш топқа бөлу. 1-топ-сахналап көрсету. 2-топ-«еңбекқор құмырсқа»,«қораптағы құмырсқа»- мағынасын ашу. 3-топ-сұрақ жауап(таратпа материалдармен жұмыс): -Оқымысты құмырсқаны неге,қалай сынады? Құмырсқаның ақылы, қайраты,қанағаты барын қайдан білдің?Құмырсқаның қасында дән жатқанда ашығу себебі не деп ойлайсың? -Балалар,құмырсқаға байланысты қандай мысалдар оқыдық? -Крылов; Құмырсқа мен Шегіртке. Өткен тақырыпты кластер арқылы пысықтау,бекіту.
.ақылды
Құмырсқа. .қажырлы
.еңбекқор
.ынтымақшыл
Еңбек етсең ерінбей,
Тояды қарның тіленбей.