kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Грамматикалық тақырыбы: Күрделі сөздер. Б.Момышұлы. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақтың тақырыбы: «Бауыржан Момышұлының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»»ертегісі.

Сабақтың мақсаты:  Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру, өмір жолы, шығармашылығымен қысқаша таныстыру. Жазушының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзінді –ертегісінің мазмұнымен, түйінімен таныстыру,елін сүюге тәрбие беру

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, салыстыру,ВЕНН диаграммасы, мағынаны тану, Блиц-турнир, кластер, рөлге бөліп оқу.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс тілі

                                         Сабақтың барысы:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Грамматикалық тақырыбы: Күрделі сөздер. Б.Момышұлы. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"»

Сабақтың тақырыбы: «Бауыржан Момышұлының «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?»»ертегісі.

Сабақтың мақсаты: Бауыржан Момышұлы туралы түсінік беру, өмір жолы, шығармашылығымен қысқаша таныстыру. Жазушының «Ұшқан ұя» повесінен алынған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» үзінді –ертегісінің мазмұнымен, түйінімен таныстыру,елін сүюге тәрбие беру

Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, салыстыру,ВЕНН диаграммасы, мағынаны тану, Блиц-турнир, кластер, рөлге бөліп оқу.

Пән аралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс тілі

Сабақтың барысы:

  1. Шолу.Балаларға көрме ұйымдастырдым. Соғыс кезіндегі суреттер мен туындыларды таныстырдым.

Балалар! Әдебиет – өмір айнасы болғандықтан ол бізді қоршаған ортамен, біздің өмірімізде болып жатқан оқиғалармен, біздің тарихымызбен тығыз байланысты. Біздің тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі – Ұлы Отан соғысы. Ұлы Отан соғысы 1941 жылдан 1945 жылға дейін 1418күнге созылды. Соғыста қаза тапқан қазақстандықтардың саны – 603мыңнан асады. Қазақстанның да жеңісті жақындатуға қосқан үлесі зор. Қазақстанда құрылған 316 дивизияны генерал – майор И.В. Панфилов басқарды. Олардың ішінде қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі Б.Момышұлы да бар еді. Москваны қорғаудағы ерен ерлігі үшін 28 жауынгерге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Қазір Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар бағында алауланған. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар олар: Т.Ж. Бигелдинов, Л.И. Беда, И.Ф.Павлов, С.Д. Луганский. Үш мәрте Кеңес Одағы Батырының атағын алған – И.Н. Кожедуб. Атақты жауынгер – жазушы Б. Момышұлы аталарын Батыр атағын 1990 жылы алды. Батыр аталарыңның өмірі туралы, ерлік істері туралы білу, сол кісілердің үлгі алу – біздің парызымыз.

Біздің бүгінгі сабағымыз – жауынгер - жазушы Бауыржан аталарыңа арналады

(интерактивті тақтадан батырлар суреті, панфиловшылар бағы көрсетіледі). Сосын сыныпты алдын ала дайындалған қима қағаздар арқылы «Арыстан», «Жолбарыс», «Қыран» деп үш топқа бөліп аламын. Оқушыларды сабақтың соңында асықтар арқылы бағалаймын. Толық, нақты жауап үшін 2 асық, толық емес жауапқа 1 асық беріледі. Ең көп асық жинаған топ жеңімпаз болады.

Оқушылардың назарларын сабаққа аудару мақсатында тілдік орта қалыптастыру.

  1. Блиц-турнир ұйымдастырамын.
    Әдебиет дегеніміз не? 


  • Әдебиеттің қандай түрлері бар? 


  • Ауыз әдебиетінің қандай негізгі түрлері бар? 


  • Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы кім? Бұл әдіс арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын оятқан болатынмын.  

ІІ. Үй тапсырмасы. Б.Момышұлы туралы әңгімелеу. Слайд арқылы бекіту. Бауыржан  Момышұлы - даңқты жауынгер, халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры. Жазушы, ақын, әскери педагог

Кластер толтыру.

ІІІ. Жаңа тақырып.

Мағынаны тану. Бауыржан Момышұлының “Ұшқан ұя» романының үзіндісі «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» ертегісі бойынша әр түрлі тапсырмалар орындаймыз.

1) Ол үшін осы ертегінің мультфильмдегі нұсқасын тамашалайық.

2) Алдын ала ертегіні оқып келуге тапсырма берілген.

Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға қысқа да нұсқа жауап беру:

1.Сүлеймен деген кім ? Ол қандай адам болған?

2. Жауды жеңген кім? Ол жауды қалай жеңді?

3.Сүлейменнің патшалығында не болды?

4.Сүлеймен патша жыланға не дейді?

5.Патша қандай жарлық берді?

6.Қарлығаш қандай әрекет істейді?

7.Қарлығаш патшаға не дейді?

8.Ашулы жылан қайтеді?

9. неліктен қарлығаштың құйрығы айыр екен?

Салыстыру.Осы мультфильм мен оқулықтағы ертегінің кейпкерлерінің арасында қандай айырмашылық бар? (Оқулықтағы ертегіде Сүлеймен патша бар, жылан, мультфильмде Сүлеймен патша жоқ, жыланның орнында үш басты айдаһар)

Топпен жұмыс

1) Ертегідегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді табу, оқулыққа сүйене отырып сипаттау (басты кейіпкерлердің суреттері).

2) Әр топқа суреттер (басы жоқ жылан, құйрығы жоқ қарлығаш, тұмсығы жоқ масаның суреттері) беріледі, сол суреттерде жетпей тұрған жерлерін салып, не істегендерін әңгімелейді.

3) Әр топқа абзацты оқуға тапсырма беріледі, соңынан оқулықты жауып қойып, осы абзацты қиылған сөйлемдерден құру керек.

«Арыстан» :

Күндердің күнінде Сүлейменнің патшалығына жау шауып, әлек салғанда жау бетін у себелеп қайтарған жылан екен.

Бұл баға жетпес ерлікке риза болған Сүлеймен патша жыланға:

- Қалауыңды айт, не тілесең, соны берем,-депті.

-Мен және менің ұрпақтарым жер бетінде ең тәтті қанды сорып өтсе деп тілеймін,-депті жылан.

«Жолбарыс»:

Содан патша ине тұмсық шаққыш жәндіктерді шақырыпты да, дүниенің төрт

бұрышына жұмсапты. Ұшып жүріп, жан-жануарды шағып, қанын сорасыңдар,

сонан кімнің қаны тәтті екенін анықтап қайтасыңдар деп жарлық етіпті.

Патша жарлығын бұлжытпай орындауға шабармандар ұша жөнеледі.

«Қыран»:

- Адамның қанынан тәттісі жоқ. Тілімнен дәмі әлі кетер емес...

- Кәне, тіліңді көрсетші!

Ақымақ маса тілін шығара бергенде қарлығаш оның тілін көмейімен жұлып алыпты.

- Өтірік айтқаннаң тілі осылай кесіледі! –деп қарлығаш қуаныштан сайрап жіберген екен.
Ой қозғау. Ертегі мен мультипликациялық фильмдегі кейіпкермен салыстыру. ВЕНН диаграммасын пайдалану.

Үй тапсырмасы: Мәтінді баяндау

Бағалау: оқушылардың жинаған асығына қарай бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Всем учителям

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Грамматикалық тақырыбы: Күрделі сөздер. Б.Момышұлы. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?"

Автор: Мухитова Дарига Алибековна

Дата: 18.05.2017

Номер свидетельства: 416599


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

Распродажа видеоуроков!
ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства