1.Жа?а саба??а кіріспе. Б?гінгі ?тетін саба?ымызды? та?ырыбын, балалар, мен мынадай с?ра?пен аш?ым келіп отыр.
Ертегіні жа?сы к?реміз бе?
?андай орыс, ?аза? хал?ыны? ертегілерін білеміз? (О?ушыларды? жауаптары: «Т?лкі мен ешкі», «Ма?та ?ыз бен мысы?», «Алтын балы?», «?а?ба? шал» т.с.с) .
Ендеше, ертегіні? ?андай шы?арма екенін еске т?сірейік.
Біз ертегілерді? ?ш т?рі бар екенін білеміз.
Хайуанаттар туралы ертегілер.
?иял-?ажайып ертегілері.
Т?рмыс-салт ертегілері.
2. Жа?а саба?. Бізді? б?гінгі ?ткелі отыр?ан ертегіміз «?арлы?ашты? ??йры?ы неге айыр?» деп аталады. Б?л ертегі да??ты ?олбасшы Б.Момыш?лыны? «?ш?ан ?я» деп аталатын кітабынан ?зінді ретінде берілген. Ертегімен таныспас б?рын, балалар, біз Б.Момыш?лыны? ?мірбаянына шолу жасап ?теміз.
Ал, балалар, Бауыржан Момыш?лы кім бол?ан?
Ол кісіні? ?андай е?бектері мен ерліктері туралы не білесі?дер? (О?ушылар?а с?ра? ?ою ар?ылы ?зара ?йымдастырып,білімдерін тексеру)
Бауыржан Момыш?лы (1910-1982) – ?лы Отан со?ысына ?атысып,Отанымызды жаудан ?ор?а?ан халы? батыры. Со?ыста Генерал Панфиловты? полкында дивизия командирі бол?ан.
Жазушы со?ыста елін ?ор?а?ан жауынгерлерді? ерлігі мен досты?ын жаз?ан. «Офицерді? к?нделігі» атты жина?ы бар.
?діл – справедливый
??рт – ??мырс?а - черви и муравьи
ба?а – шаян - лягушки и скорпион
тілін біліпті – знал язык (понимал)
жау шабады – наступил
ж?лып алады – вырвал
айта алмайды – не может говорить
ызы?дайды – жужжит
тап береді – набросился
?шып ?лгереді – успеет улететь
??йры? – хвост
тіліп ?теді – прорезал
ша?атын ж?ндіктер – насекомые
жарлы? береді – дает распоряжение
алдын тосады – ждет
?арлы?аш – ласточка
масаны к?реді – увидит комара
тілін шы?арады – высовывает язык
мені? ?рпа?тарым – сое потомство
е? т?тті ?ан – самая вкусная кровь
айт?аны? болсын – пусть будет по-твоему
Білімділік: Бауыржан Момышұлының жасаған ерліктері туралы оқушыларға түсінік беріп,оның әңгімелерімен таныстыру. Оқушыларға ертегі жайлы толық мағлұмат беру, ертегі түрлеріне тоқталу.
Дамытушылық: Сөйлеу дағдысын қалыптастыру,шығармашылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Оқушылардың бойына дамгершілік қасиеттерін сіңіруге, кішіге қамқорлық, үлкенге ізет көрсетуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,әңгімелеу, сұрақ-жауап, топпен жұмыс .
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу; Оқушылардың дайындығын, оқу құралдарын тексеру, топқа бөлу.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
«Мен жастарға сенемін» өлеңі М.Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев кім? (Өмірбаяны, шығармашылығы)
Өлеңді жатқа айту.
Өлеңнің кейіпкері кімдер?
Ақын жастарды нелерге теңейді?
Ол не себептен жастарға сенеді?
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Жаңа сабаққа кіріспе. Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбын, балалар, мен мынадай сұрақпен ашқым келіп отыр.
Ертегіні жақсы көреміз бе?
Қандай орыс, қазақ халқының ертегілерін білеміз? (Оқушылардың жауаптары: «Түлкі мен ешкі», «Мақта қыз бен мысық», «Алтын балық», «Қаңбақ шал» т.с.с) .
Ендеше, ертегінің қандай шығарма екенін еске түсірейік.
Ертегі – халық аузынан тараған көркем әңгіме. Ол - халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Онда халықтың тұрмыс -тіршілігі, арман-қиялы бейнеледі.
Біз ертегілердің үш түрі бар екенін білеміз.
Хайуанаттар туралы ертегілер.
Қиял-ғажайып ертегілері.
Тұрмыс-салт ертегілері.
2. Жаңа сабақ. Біздің бүгінгі өткелі отырған ертегіміз «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деп аталады. Бұл ертегі даңқты қолбасшы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» деп аталатын кітабынан үзінді ретінде берілген. Ертегімен таныспас бұрын, балалар, біз Б.Момышұлының өмірбаянына шолу жасап өтеміз.
Ал, балалар, Бауыржан Момышұлы кім болған?
Ол кісінің қандай еңбектері мен ерліктері туралы не білесіңдер? (Оқушыларға сұрақ қою арқылы өзара ұйымдастырып,білімдерін тексеру)
Бауыржан Момышұлы (1910-1982) – Ұлы Отан соғысына қатысып,Отанымызды жаудан қорғаған халық батыры. Соғыста Генерал Панфиловтың полкында дивизия командирі болған.
Жазушы соғыста елін қорғаған жауынгерлердің ерлігі мен достығын жазған. «Офицердің күнделігі» атты жинағы бар.
3.Сөздік жұмысын жүргізу (Тақтада жазылған сөздік жұмысын оқушылармен бірге қайталап оқу. Сөздердің қолданылу аясын түсіндіру).
әділ – справедливый құрт – құмырсқа - черви и муравьи бақа – шаян - лягушки и скорпион тілін біліпті – знал язык (понимал) жау шабады – наступил жұлып алады – вырвал айта алмайды – не может говорить ызыңдайды – жужжит тап береді – набросился ұшып үлгереді – успеет улететь құйрық – хвост
тіліп өтеді – прорезал шағатын жәндіктер – насекомые жарлық береді – дает распоряжение алдын тосады – ждет қарлығаш – ласточка масаны көреді – увидит комара тілін шығарады – высовывает язык менің ұрпақтарым – сое потомство ең тәтті қан – самая вкусная кровь айтқаның болсын – пусть будет по-твоему
Мәтінмен жұмыс ұйымдастыру. Мәтіннің мазмұнымен танысу,оқу.
(Оқушылар мәтінді рөльге бөліп оқиды.)
Ал, оқушылар, мәтінмен таныстық , ертегінің мазмұнын түсіндік пе?
Ендеше, мен сендерге сұрақ қояйын.
Бүгін біз кім туралы өттік, қандай ертегімен таныстық?
Сүлеймен деген кім ?
Сүлеймен патша жыланға не дейді?
Патша қандай жарлық берді?
Қарлығаш қандай әрекет істейді?
Қарлығаш патшаға не дейді?
Қарлығаштың сөзі жыланға қалай әсер етеді?
Ашулы жылан қайтеді?
Тапсырмалармен жұмыс (топтық жұмыс)
І –топ. Ертегінің кейіпкерлерін анықтап, оларға мінездеме беру.
ІІ-топ. «Қарлығаш қандай құс ?» деген тақырыпта жұмыс орындау. Сурет салу, қарлығаштың адам баласына жақындығы туралы әңгімелеу.
ІІІ-топ. Табиғат, құстар, жақсылық, қамқорлық қасиеттер туралы мақал-мәтелдер, тыйым сөздер жазу.
(Оқушыларға аталған тақырыптарда жұмыс жасау тапсырылады. Әр топтан оқушылар шығып өз жұмыстарын таныстырады. Суреттерін тақтаға іледі).
І-топ. (Сүлеймен патша,жылан, жәндіктер, маса)
ІІ-топ. (Қарлығаш – пайдалы құс. Зиянды жәндіктерді, әсiресе, шыбын-шiркейдi өте көп жеп, ауыл шаруашылығына пайда келтiредi. Ата-бабаларымыз қарлығашты ежелден жақсы көрген. Қарлығаштай сүйкiмдi, еңбекқор, ақылды болсын деп, қыздарына «Қарлығаш» деп ат қойған. Қарлығашқа көптеген аңыз-ертегi, мақал-мәтел, жұмбақтар, жыр жолдарын арнаған. Аңыз-ертегiлерде қарлығаштың адамдарға жасаған көмегi айтылады.)
ІІІ-топ. (Оқушылар тыйым сөздердің, мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіріп береді)
Адам мен табиғат –егіз.
Табиғат – тал бесігің.
Құс қанатымен ұшады, құйрығымен қонады.
Талабы жоқ жас қанаты жоқ құспен тең. Қарлығаш биiктеп ұшса, күн ашық болады.
Жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады.
Құс ұясын бұзба.
Құсты атпа,
Досыңды сатпа.
Ал, балалар, енді ойын тапсырма ретінде бүгінгі сабағымызды қарлығаш құстан өзімізге қандай жақсы қасиеттер алатынымызды айтып қорытындылайық.
Қарлығаш құсқа сәйкес келетін сөздермен сипаттама жасау.
Қ - қамқор
А - ақылды
Р – реңді (әдемі)
Л - лайықты
Ы - ынталы
Ғ - ғибратты (үлгілі)
А – адал
Ш – шыншыл
Ендеше, осы қасиеттердің барлығын өз бойымызға сіңіруге тырысайық, балалар!