kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Қарлығаш" 4-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

4-сыныпта "Қарлығаш" тақырыбына өткен ашық сабақ жоспары

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Қарлығаш" 4-сынып»

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

БЕКІТЕМІН КЕЛІСЕМІН

Мектеп директоры: С.А.Дабынов Оқу ісінің меңгерушісі: Қ.С.Ибраев

«___»______ 2016 ж «___»______ 2016 ж

Пән мұғалімі: Р.Ж.Бөкеева




15.02.2017ж

Әдебиеттік оқу

4 - сынып

Ашық сабақтың тақырыбы

Өтебай Тұрманжанов «Қарлығаш»

Сабақтың мақсаты

Өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты меңгереді.

Табиғаттың адам өміріне, жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Тақырып бойынша білім алады. Оқушы алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Қарлығаш құсын қастерлеуге тәрбиеленеді, қарлығаш құсына деген сүйіспеншілігін арттырады.

Сілтеме

4-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы. « Атамұра» баспасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық (үшінші негізгі деңгей),



Сабақта қолданылатын материалдар

АКТ, оқулық, стикер, флипчарт.



Тапсырмалар

  • Оқулықпен жұмыс, топтық тапсырмалар, сурет салу,өлең құрастыру, сұрақтарға жауап іздеу.

Сабақта қолданылатын әдістер

Топтық жұмыс, 4- модуль. АКТ,постер қорғау, қарлы кесек,кубизм

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрәкеті

І. Ұйымдастыру бөлімі

(2 мин)

Психологиялық дайындық.


Сурет құрау арқылы топқа бөлу


Оқушылар 2 топқа бөлінеді.



ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

(7-8 мин)

Өтебай Тұрманжановтың өмірі мен шығармашылығын айту.

«Жаралы торғай» өлеңін мәнерлеп оқу.

«Қарлы кесек» әдісі арқылы бір-біріне сұрақ қою.

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

(18 мин)

«Жұмбақтар шешейік» арқылы жаңа тақырыпты ашу.

Оқушылар өлеңді кезекпен оқып, түсініктерін бір – біріне сұрақтар арқылы тексереді.

Қарлығаш, дәуіт, жылан жайлы түсінік беру. (Оқушылар топтастыру арқылы жазып көрсетеді.)

Топтарға сұрақ – жауап әдісін қолдану.

Топтар жұмбақ шешеді.

Сергіту сәті

(2 мин)

4- модуль. АКТ. Интерактивті тақта

(«Қарлығаш» сергіту сәті)

Интерактивті тақта арқылы бейне сергітуді оқушылар қайталайды.

Шығармашылық жұмыс: Өлең жазу, сурет салу

IV Бекіту

(4мин)

«Тәтті сұрақтар»

  1. Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады?

  2. Ұяда ьқанша балапан бар еді?

  3. Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді?

  4. Қарлығаш жыланнан қалай құтылды?

Дәуіт- пайғамбар есімі, араб тілінен аударғанда «сүйкімді,тартымды» деген мағынаны білдіреді.

Жыланға ақ құйып шығару- үйге еклген қонаққа міндетті түрде ертеде ақтан ауыз тигізетін болған, міне үйге келген жауға да ақ құйып құрметтеу дегеннен шыққан екен.

Бүкіл ел көшіп бара жатқанда Төле бидің үйінің шатырына қарлығаш ұя салып, содан Төле би қарлығаштың балапандары әбден қанаттанғанша көшпей қалып қойған, содан «Қарлығаш әулие атанып» кеткен.









V  Қорытынды

(4мин)

Кубизм әдісі арқылы жаңа сабақты қорыту.

Суретте: Табиғатты суретте(Құстардың үнін, ұясын, жәндіктердің іс-әрекетін суреттеу)

Салыстыр: «Жаралы торғай» және «Қарлығаш» өлеңін салыстыру

Зертте: Өлеңдегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлер туралы мәлімет беру

Қолдан: Қарлығаштың балапанын жыланнан қорғаштаған кездегі іс-әрекетін кітаптан тауып оқу. (оқулықпен жұмыс)

Талда: Жыланның қарлығаштың ұясына келу себебі неде?

VI Үйге тапсырма беру

(2мин)

Өлеңнің өзіне ұнаған 3 шумағын жаттау.

Ұнаған кейіпкеріне әңгіме құрастыру.

Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.

VIІ Бағалау

(3мин)

Қалыптастырушы бағалау: өзін – өзі бағалау, топтық бағалау, мұғалімнің бағалауы .

Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау.

VIІІ Рефлексия

(2мин)

Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқу.

Оқыған кезіндегі сезімдерін стикерге жазып беру.









Сабаққа талдау

4-сыныпта 5 оқушы, 2 ұл және 3 қыз. Оның 1-озат, 2-екпінді,2-орташа білімді. Мен бүгін 4-сыныпта әдебиеттік оқудан «Қарлығаш» тақырыбына ашық сабақ өткіздім. Сабақтағы мақсатым:

Өлеңнің мазмұнын меңгере отырып, табиғат пен адам баласының арасындағы байланысты меңгереді.

Табиғаттың адам өміріне, жан-жануарларға қажеттілігі туралы ғылыми түсінік беру, қоршаған ортаны сақтауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар сыни тұрғыдан ойлана алады. Тақырып бойынша білім алады. Оқушы алған білімдерін тиянақтауға, пысықтауға, өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланады. Қарлығаш құсын қастерлеуге тәрбиеленеді, қарлығаш құсына деген сүйіспеншілігін арттырады.

Ең алдымен оқушыларды сурет құрастыру әдісі арқылы топқа бөліп алдым. Бала санының аздығына байланысты бір топта 2 оқушы, келесі топта 3 оқушы. Әр топтың аты құрастырған суретімен аталды. Сабақты үй тапсырмасынан бастадым. Өлеңді мәнерлеп оқып, қарлы кесек әдісімен сұрақтарға жауап берді. Жаңа тақырыпты жұмбақ арқылы оқушылардың өздері ашты. Осы кезде тақырыпқа байланысты шағын видео алдым. Оны алудағы мақсатым оқушылар оқып немесе естігеннен гөрі көру арқылы жақсы қабылдайды. Оқу техникасын жақсарту мақсатында оқушыларға өлеңді кезектесіп оқуға тапсырма бердім. Өлеңнен түсінгендерін флипчартқа түсіріп, постер қорғады. Кейіпкерлерге сипаттама берді. Тақырыпқа байланысты оқушыларды сергітіп алдым. Әр оқушыға өз қабілеттеріне байланысты жекелей тапсырма бердім. Оқушылар бұл тапсырманы да ойдағыдай орындай алды. Сабақты бекіту мақсатында оқушыларға «тәтті сұрақтар» әдісін қолдандым. Оқушылар конверттегі сұраққа жауап беріп, сыйлыққа ие болды. Бұл әдісті оқушыларды ынталдандыру үшін қолдандым. Сабақты қорытындылау кезеңінде «Кубизм» әдісін қолдандым. Осы әдіс арқылы оқушылар өлеңді зерттеп, талдап, суреттеп, қолданып,салыстыып, көз алдарына елестете алды. Сабақ барысында оқушылар өз-өздерін бағдаршам әдісі арқылы бағалады, топ басшысы бағалау парағына белгілеп отырды. Сабақ соңында оқушылардың өз-өзерін, топ басшысының бағалауын ескере отырып қорытынды бағаны өзім қойдым.

Үй тапсырмасы

Кері байланысқа оқушыларға жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқу және оқыған кезіндегі сезімдерін стикерге жазып беруге тапсырма бердім. Әр түріл тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, сабаққа қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.




























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Қарлығаш" 4-сынып

Автор: Бөкеева Раушан Жайлаукановна

Дата: 18.01.2018

Номер свидетельства: 450954

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(70) "Ашы? саба?: "?арлы?аш пен Д?уіт " ертегісі"
    ["seo_title"] => string(38) "ashyksabakkarlygashpienduitiertieghisi"
    ["file_id"] => string(6) "311156"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459163039"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(71) "Ашы? саба?:  "?арлы?аш пен Д?уіт " ертегісі"
    ["seo_title"] => string(39) "ashyksabakkarlygashpienduitiertieghisi1"
    ["file_id"] => string(6) "311157"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1459163046"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(81) "4 класс ?. Т?рманжанов "?арлы?аш"  ?дебиеттік о?у"
    ["seo_title"] => string(42) "4klassoturmanzhanovkarlygashdiebiiettikoku"
    ["file_id"] => string(6) "272426"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1451982674"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "?дебиет "?арлы?аш немесе мамамны? ??гімесі" 4 сынып"
    ["seo_title"] => string(58) "diebiiet-k-arlyg-ash-niemiesie-mamamnyn-n-ghimiesi-4-synyp"
    ["file_id"] => string(6) "303582"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457549363"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(92) "Открытый урок на тему: "Қумырсқа, өрмекші,қарлығаш""
    ["seo_title"] => string(55) "otkrytyi_urok_na_tiemu_k_umyrsk_a_ormiekshi_k_arlyg_ash"
    ["file_id"] => string(6) "421321"
    ["category_seo"] => string(10) "geografiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1497178239"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства