Ой ашар: Сабақты бастамас бұрын оқушыларды жаңаша топқа бөлуден бастаймын. Үстелге тоқылдақ, көгершін, торғай,қыран құстың суреттерін тастаймын, сол бойынша отыруларын өтінемін. Топ басшысын сайлау,міндеттерін түсіндіру, бағалауды тапсыру.
а) дайындықтарын қадағалау ә) психологиялық дайындық
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.
Ендеше сөз асылын,тіл тазалығын сезінетін әдебиеттік оқу сабағымызды
бастайық.
Топтағы балаларға әр түрлі өлең тақырыптарын беру(малсақ бала,туған жер, туған өлкем, қайдан келдің бауырсақ,жаралы торғай) Авторын табу
2. Жаңа сабақ
Ө.Тұрманжанов портретін көрсету. Ол туралы білетіндерін сұрау
Бейне баян арқылы қарлығаш жайлы дерек көрсету.Бұл қай құс?
Қарлығаш сөзіне ассоцация құру, білетіндерін жазу.Қосымша мәлімет беру.
Қарлығаш тақырыбына ғаламтордан,кітапханадан,газет- журналдардан тауып келген мәліметтерімен ой бөлісу
Қарлығаш –дене тұрқы онша үлкен емес, қысқа мойынды,тұмсығы қысқа,құйрығы айыр құс. Дауысы қатты емес,қорегі жәндіктер.Жылына
1,2 –рет 3-7 жұмыртқа салып, балапан басып шығарады.Дене тұрқы 9-23см
салмағы 60 г,ұясын жағалаудағы жарға, үй ішіне, кейде ағаш басына салады
«Қарлығаш» сөзі қара ала құс сөздерінің кірігуінен шыққан
Ассоцацияны жаңа мәліметтермен толықтыру
3. Оқулықпен жұмыс
Мұғалім өлеңнің 2- шумағын аудио запись арқылы оқып,түсіндіріп береді.
Әрі қарай әр топ өлең шумақтарын бір-бірден оқи отырып , талдайды
Оқиға желісіне орай бейне баян көрсету
Түсініксіз сөздердің мағынасын ашу. Мысалы: дәуіт шегірткеге ұқсас,
алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік
Өлең 4- түрлі оқиға желісімен 4- топта талқыланады (бейне баян)
А ) табиғаттағы тіршілік ә) қарлығаштың қамқорлығы б) жыланның шабуылы в) дәуіттің көмекке келуі.
4. Сергіту сәті Қарлығаш әуенімен қозғалу
5. : 4- түрлі оқиға желістерінің орнын ауыстырып , топта сурет салу
ұсынылады.
6. 1-т Табиғатты сипаттау
2-т Автордың жыланға деген көзқарасы(сипаттау сөздер жазу)
3-т Дәуітке мінездеме жазыңдар
4-т Қарлығашқа мінездеме
7.Қорытынды: Венн диаграммасы арқылы торғай мен қарлығашт
салыстыру Әр адамның жаны жақсылыққа толы болса, жер бетінде бейбітшілік орнап, адамдар бақытты өмір сүреді
Халқымыз ежелден ақ құстарға әуес,ұлдарын сұңқарға теңесе,әншісіін бұлбұлға, батырларын бүркітке , асқан сұлуларын аққуға теңеген.Құстардың
атымен қыз есімдерін қойған,Сандуғаш,Қарлығаш.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма: Қасиетті киелі құстар туралы мәлімет әкелу.