Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгін құрайтынын түсіндіру, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге, сөйлем мүшесіне талдау. үйрету, оқушылардың ойын, тілін дамыта отырып, сөздік қорын молайту.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Мақсаты: Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгін құрайтынын түсіндіру, сөйлемнің мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге, сөйлем мүшесіне талдау. үйрету, оқушылардың ойын, тілін дамыта отырып, сөздік қорын молайту.
Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, топпен жұмыс
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
1). Психологиялық дайындық
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің әр сәті,
Сәттілікке толы болсын.
Біздің алар бағамыз.
Кілен бестік болсын.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
А) 1деңгейлік: 2-жаттығу. 4 -хабарлы сөйлем.
1- сұраулы сөйлем. 3-лепті сөйлем
2-д: 3- жаттығу.
3-д: 5- жаттығу.
ә) Әр топ басшысына тапсырма : Тест тапсырмасы
Шығармашылық диктант
Оқушылар дәптерлеріне жазады. Анара жиналған шөптің арасынан бір дыбыс естіді. Ол жақын барып қарады. Бір құс қуысқа қысылып қалыпты. Құс қанатымен отынды сабалайды.
Сен Анардың орнында болсаң не істер едің? (Анар құсты үйіне алып келді)(оқушыларды мадақтау)
Тапсырма:1. Сөйлемдердегі кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қайтті? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді алып тастап оқу. ( Нәтижесінде сөздердің мағынасыз тізбегі ғана қалады )
2. тапсырма: не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қалдырып оқыту. ( сөйлемдік дәрежесін сақтай алмайтынын байқату)
3. тапсырма: кім? не? кімдер? нелер?не істеді? не қылды? қайтті? Бұл сұрақтар сөйлемнің негізін білдіреді.
Жаңа сабақ
- Сонымен сөйлем құрауға негізгі болатын қандай сөздер екен?
Олар Не?нелер? кім? Кімдер? Не істеді? неқылды? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздер- сөйлемнің негізі болатын сөздер.
Ереже: Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері толық мағыналық сөздер.
Ойын «Толықтыр» дидақтикалық ойын. Бұл ойынның шарты көп нүктенің орнына сөздерді қойып сөйлемді толықтыру.
Сөйлемдер: 1. ... гүлдей әдемі. 2. Қар күнімен ... .
3.Адамдар ... ұйықтайды.
4.Балық ... жүзеді.
5. Күзде ... жылы жаққа ... ... .
6. Ауылда қызықты ... болды. ( тақтада орындау)
Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі.
Кіп кішкентай ағаштар
Біп биік болып өседі.
Бекіту.
Жаттығулар мен жұмыс.
2- жаттығу. Құс ұшты. Қыран бүркіт аспанда қалықтай ұшып барады. Бала жүгірді. Бала тез жүгірді. Қарға отыр. Қарға ағашта отыр.
3- жыттығу. Әр топ бір сөйлемнен орындап, талдау.
Ойын «Кім жылдам»
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Мәтін деген не? Оның түрлері
Сөз таптарын айтып бер?
Сөйлем деген не? Олардың түрлері
Кітап сөзіне дыбыстық талдау жаса?
Етістік дегеніміз не? Оның түрлері?
жалқы есім деген не? Мысал келтір?
«Жаңбар жауап тұр» осы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
Білімге байланысты мақал- мәтел айт
«Адасқан сөздер» ойын мақал-мәтел құрастыру
Күн суытты, тығылды, ұшып кетті, жаңбар, сарғайды, диқаншылар
Рефлексия: Сабақ мақсаттарына жеттім бе? Бүгін оқушылар не біледі? Оқушылар қызығушылық танытты ма? Мен бүкіл уақыт ішінде улгердім бе? Мен орындаған шаралар тиімді болды ма?