ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 8 санын қосу және азайтуды қайталау
Жаңа сабақ: Оқушылар біз әр тапсырмаларды орындай отырып, Қазақстан Республикасының алғашқы астаналарымен танысатын боламыз
№1.Ауызша орындау(дәптерге қосу кестесін пайдаланған есептерді жаздырту)
8+8=16 16-8=8 9+8=17 17-8=9 8+9=17 17-9=8
Жақсы балалар, біз бірінші есепті шығардық енді, Қазақстан Республикасының алғашқы астанасы-Семей қаласы. Семей қаласы1917-20 жылдар аралығындa астанамыз болған. Семей қаласы аталғанда біздің есімізге Абай атамыз түседі. Абай атамыздың туған жері біздің алғашқы астанамыз. Абай Құнанбайұлының қандай өлеңдерін білеміз?
-Адам болам десеңіз...
Әрі қарай екінші астанамызбен таныс болу үшін №3 есепті шығаруымыз керек
№3.Есептерді шығар. (Нұсқа бойынша шығару)
1-нұсқа: 2-нұсқа:
Қоян-3 ?сонша тауық Қаздар – 4
Үйрек – 4 Үйрек -4 ?
Тауықтар-20
Шешуі: 3+4=7 Ш: (4+4)+20=28
Жауабы: 7 тауық Ж: 28 құс
Ал, балалар біз үшінші есепті шығардық, енді ҚР екінші астанасы қай қала екенін білетін боламыз Ол-Қызылорда қаласы.1925-1929 жылдар аралығында ҚР астанасы болды. Қызылорда қаласында Қорқыт ата дүниеге келген. Қорқыт ата ойлап тапқан аспап?
-Қобызды ойлап тапты
Ұқсас есептерге уақыт үнемдеу мақсатында ауызша орындату
Біз 5 есепті дұрыс шығардық, енді үшінші астанамызбен таныс боламыз. Бұл-Алматы қаласы.1929-1996жылдар аралығында ҚР астанасы болған. Алматыны еске алсақ біздің есімізге не түседі? Аты айтып тұрғандай-алма түседі. Байырғы аты-Алма-ата, 1996жылғы бұйрыққа сәйкес Алматы деп өзгертілген. Алматы қаласына биыл 1000 жыл
Сергіту сәті
Поэззия минуты
Күләш Ахметова апамыздың «Астана» өлеңін оқыту
№4. Өрнекті жаз және оның мәнін тап(Нұсқа бойынша бөлу)
1. 8+ а, а=20; 21; 9 8+20=28; 8+21=29; 8+9=17
2. а-8, а=28;29;17 28-8=20; 29-8=21; 17-8=9
Жақсы, біз 4 есепті де дұрыс орындадық. 4-ші астанамызбен танысатын боламыз, ол қазіргі-Астана қаласы. 1997 жылы 17 желтоқсанда ресми Астана атанып,1998 жылы 10 шілде де халыққа танылды. Астана қаласы болашақтың қаласы. Қызықты ақпарат: әлемде екі мемлекеттің астанасы Астана деп аталады. Соның бірі біздің меклекет, екіншіci Оңтүстік Корей елі, астанасы Сеул-өз тілдерінде «Сеул-Астана» деген мағына білдіреді.