Дәлелдеу-ояту | Амандасу Шаттық шеңбері: Шуақ шаша, Алтың таңда, Мөлдір таза ауада, Табиғатта бәрі оянды, Оян сенде бар бала. Жұмбақ:Терезеге қонады, Әсем ою ояды. (Аяз) Қысы – жазы Бір түсте. (Шырша) Жинайды енді баланы, Жасайды аққаланы, Шанаменене сырғанап, Ойнап асыр салады. Бұл қай кезде болады? Тақтаға қыс мезгілінің көріністері шығады. | -Балалар амандасып,шаттық шеңберін құрып,бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді. -балалар жұмбақтарды мұқият тыңдап жауабын табады. -балалар өленді жақсылап тыңдап алып, қыс мезгілінде болатының айтады. |
Ұйымдастыру - іздену | Балалрға қыс мезгілінің ерекшеліктері туралы түсінік беріп,әңгімелесу. Қыс мезгілінде адамдар қалай киініп жүреді? Жаз мезгілінде велосипед теуіп доп ойнасақ қыс мезгілінде немен ойнаймыз? Жақында біз қандай той тойладық? Қане балалар шырша тойында Аяз атаға айтқан тақпақтарымызды есімізге түсірейікші Қане тақтаға қарайықшы не көріп тұрмыз? Мейрам болса өтіп кетті ал шыршаның ойыншықтары жиналмай қалыпты.Балалар сеңдерге тапсырма шыршадағы ойыншықтарды түстеріне қарай өз қораптарына жинау керек. Тақтаға ұйықтап жатқан аюдың суреті шығады. Балалар қыс мезгілінде ең көп ұйықтайтын аң ол аю екен. Сергіту сәті: Қыр үстінде қар-қар, Шырша үстінде қар-қар, Қар астында ақ аю Ұйықтайды екен әй-әй, Тыныш-тыныш балақай Шуламаймыз біз бұлай. Ойын: тақтаға әр түрлі ойыншықтардың суреті шығады.баланың таңдауы арқылы астынан қыс мезгілінің көрінісі шығады бала сол көрініске қарап шағын әңгіме құрастырады. Ойын:«Сыңарын тап» Қолқаптардың сыңарын табу. Балалардың алдына тартылып беріледі, | -адамдар баскиім,тон,жылы аяқкиім,қолқап,шәлі жамылып жылы киініп жүреді. -шанамен зырғанақ тебеміз,коньки,шанғы теуіп ойнаймыз.аққала соғып,қар лақтырып ойнаймыз. -шырша тойын тойлыдық -балалар бірінен-бірі тақпақтарын айтады. -жаңа жылдық шырша -балалар ойыншықтардың түсін атап сол түстес қорапқа жинайды. -балалар іс-қимылмен жасайды. -балалар ойынды қызыға ойнайды -балалар қолқоптардың сыңарын табады. |