?дістер: С?ра?-жауап, сурет к?ріп ??гімелеу, та?па? айту, дидактикалы? ойын ойнату, сергіту с?тін жасату, сурет бояу.
К?рнекіліктер: жыл мезгілдеріні? суреттері, дидактикалы? ойын?а ?ажетті суреттер.
Саба?ты? барысы:
Т?рбиеші
Жа?а саба?:
-Балалар біз ?андай жыл мезгілдерін білеміз?
-К?з,?ыс,к?ктем,жаз.
-?азір жылды? ?ай мезгілі?
-?ыс
-?ыс айларын ата.
-К?згі таби?ат ??былыстары жайлы не білеміз?
-К?зден со? ?ай жыл мезгілі келеді?
-?ыста таби?ат ?алай ?згереді?
-Ауа райы ?андай болады?
-?ыс мезгіліні? бас?а жыл мезгілдерінен ерекшелігі бар ма?
О?ушылар ойын толы?тыру.
-Ал ?ыстан со? ?ай жыл мезгілі келеді?
-К?ктемдще ауа райы ?андай болады?
-К?ктем мезгілінде ?андай мерекелер болады?
-К?ктемгі адамдар е?бегі жайлы не білеміз?
-Жаз мезгілі жайлы не білеміз?
-Жазда ауа райы ?андай болады?
-Біз жазда не істейміз?
-?айда барып дем аламыз?.
Т?рбиеші: Осы т?рт жыл мезгілі туралы та?па? айтып берейікші.
Әдістер: Сұрақ-жауап, сурет көріп әңгімелеу, тақпақ айту, дидактикалық ойын ойнату, сергіту сәтін жасату, сурет бояу.
Көрнекіліктер: жыл мезгілдерінің суреттері, дидактикалық ойынға қажетті суреттер.
Сабақтың барысы:
Тәрбиеші
Жаңа сабақ: -Балалар біз қандай жыл мезгілдерін білеміз? -Күз,қыс,көктем,жаз. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс
-Қыс айларын ата. -Күзгі табиғат құбылыстары жайлы не білеміз? -Күзден соң қай жыл мезгілі келеді? -Қыста табиғат қалай өзгереді? -Ауа райы қандай болады? -Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі бар ма?
Оқушылар ойын толықтыру. -Ал қыстан соң қай жыл мезгілі келеді? -Көктемдще ауа райы қандай болады? -Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады? -Көктемгі адамдар еңбегі жайлы не білеміз? -Жаз мезгілі жайлы не білеміз? -Жазда ауа райы қандай болады? -Біз жазда не істейміз? -Қайда барып дем аламыз?.
Тәрбиеші: Осы төрт жыл мезгілі туралы тақпақ айтып берейікші.
Шаһадат: Күз айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Жапырақтар сарғайып,
Жерге түсе бастады.
Айдын: Жапалақтап ала қар,
Жауады күнде қайталап.
Қырға шықты балалар,
Шаңғыларын арқалап,
Асланбек: Көктемде көңілді,
Құстар кеп жатқанда.
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.
Ерасыл: Жайқалып жапырақ,
Құлпырып қызғалдақ.
Тұратын көз тартып,
Жаз келді күн шуақты
Нұрсат:Тынық күнде,бір мезет,
Жел тұрады гуілдеп.
Құлақ салып тыңдасаң,
Дыбыстайды у-у-у-деп. (қыс)
Сабина: Күзгі орманда жапырақ,
Жел тұрғанда шуылдап.
Дыбыстайды ыш-ыш-ыш – деп. (күз)
Мақсат: Бұлт үйірілсе аспанда,
Түнереді атырап.
Жаңбыр жауса бір мезет,
Дыбыстайды тырс-тырс –деп. (көктем)
Көктем туралы мақалды кім айтады:
Нұрлыбек: 1. Сәуір болса.
Күн күркірер.
Күн күркіресе,
Көк дүркірер.
2.Қысына қарай көктемі,
Диқанына қарай кетпені.
Нұрдәулет: 3.Мезгіл жетсе,мұз ерір.
4.Сәуір дегі жауын, сауып тұрған сауын.
Қыс туралы мақалды кім айтады?
Асылбек: 1 Қыс азығын, жаз жина.
Нұрсұлтан:2.Арбаңды қыста сайла,
Шанаңды жазда сайла.
Расул: 3.Ақ қар көп болса,
Ақ нан көп.
1. Егіндікті күз суар,
Күз суарсаң , жүз суар
Әсем: 2. Жаз –береген,
Күз-алаған
Құралай: 3. Көктемде түскен бір дән,
Күздің күні мың дән болады.
Тағы кім маған жаз туралы мақалдар айтады?
Малика: 1.Жаздың қамын, қыс ойла,
Бір ойлама, үш ойла.
Сабина: 2.Жаз келді,үйрек ұшып, қаз келді.
Әсем: 3.Жазда шөпті жинасаң,
Қыста мал азығы.
Тәрбиеші: Жылдың неше айы бар,
Ерте кезде белгісіз
Жыл деген бір шал екен,
Бірі мыңға белгісіз
Төрт баласы бар екен.
Қыс пен күз
Көктем жаз
Сүйсіндіріп халықты
Әкелерін мәз еткен
Немересі төрт ұядан
Он екі екен тараған.
Жанерке:Жылдың 12 айы бар.
Күз айлары:қыркүйік,қазан,қараша.
Қыс айлары:желтоқсан,қаңтар,ақпан.
Көктем айлары:наурыз,сәуір,мамыр.
Жаз айлары:маусым,шілде, тамыз.
Ойын: «Әріптер сыр шертеді»
Т П Н Р Ғ ЛА У Ш ЙО Қ Д М Б
Өтілген әріптерден сөз құрау
Мысалы: қолғап,шана,қар,боран
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдынан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үлкен болып өседі.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Бәрін қосып санасақ
Болашаққа жол ашам.
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен ,
Теріп –теріп алайық
Қалтамызға салайық .
Тәрбиеші: -Балалар, міне жылдың төрт мезгілін біледі екенбіз. Қане барлығымыз қайталап жіберейікші: Күз, Қыс, Көктем, Жаз.
Тәрбиеші: -Ендеше, осы жыл мезгілдеріндегі ерекшеліктер, өзгешеліктер туралы қане білейікші.
-«Күз» мезгілі аяқталған соң, қай жыл мезгілі келеді;
-Қыс
-Ендеше осы «қыс» мезгіліне не қажет, білеміз бе?
-Ия.
Дидактикалық ойын: «Қыс мезгіліне не керек?
Ойынның мақсаты: Балаларды қысқа қажетті заттармен таныстыру.