kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

??стар к?ні

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                    Та?ырыбы: ??стар бізді? досымыз. (сайыс)

Ма?саты:

1.  Білімділігі:Таби?ат жайлы т?сінігін тере?дету, жалпы   ??старда? ма?насы жайлы ма?л?мат беру,барлы? тыныс тіршілікті? бастауы, к?ктемні? ерекшелігін бай?ату, ??старды ?ор?ау, оларды ?арсы алу. Халы? ?азынасы ма?ал- м?телді, ж?мба? болжамдарды пайдалана білуге ?йрету.

2.  Дамытушылы?ы: о?ушыларды? с?здік ?орын, с?йлеу м?дениетіні? белсенділігін дамыту.

3.  Т?рбиелік: отанын, жерін, орманын, к?лін, таби?атын с?юге, а?- ??стар?а ?ам?орлы? жасау?а т?рбиелеу.

Саба?ты? к?рнекілігі: ??старды? суреті, ?анатты с?здер, шар, г?л, к?ктем к?рінісі.

1. Кіріспе с?з: С?леметсіздер ме ??рметті ?она?тар! «??стар бізді? досымыз » атты т?рбие са?атына ?ош келді?іздер. Мен баршалары?ызды к?ктем мерекесімен ??тты?таймын.Б?л мереке таби?атты? ?ыс?ы ?й?ыдан оятуын танытатын кішкентай ?ана таби?атты? бір б?лігі, к?ктем жаршысы ??с мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуы? ??стар т?рі бар десек, бізді? елімізде 500- дей т?рі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде ?аратор?ай, сауыс?ан, к?кек, ?ар?алар кездеседі. Жыл ??старын атайтын болса?: а??у, ?арлы?аш, ?йрек, ша?ала сия?ты к?птеген ??старды білеміз.

· Бейбітшілік ??сы ?ай ??с?

· К?гершін.

2.? К?ктем:

   Ал ??рметті халайы?,

   Мерекені бастайы?.

   Ж?мба? шешімін тапса?дар,

   ??старды ?арсы алайы?.

3. Ж?мба?.

Т?сі ?ара ма?палдай

Т?сі а? сыр жа??андай.

?шса о?тай зулайды

К?ктем ж?лдыз ?а??андай.                   (?арлы?аш)

Орман іші сол?ылдап,

Жа??ыры?ты т?німен.

?рды а?ашты то?ылда?,

Т?мсы?ыны? т?бімен.                             (то?ылда?)

4.Топтарды? аты:

1.?ыран тобы

2.С???ар тобы

?діл?азы ал?асы: Жана?ат К

5.Тіл –?нер сайысы.

1.Тал басында

  Т?ндіксіз отау (?я-гнездо)

2.К??ілді? к?ркі с?ні  екен,

  ?ш?анда сазды ?н екен.

   Ай?ындар оны бай?а?ан

   Адамдар ?ор?ап са?та?ан. (а??у-лебедь)

3.Ауылда ?алада мекені,

  Жолаушы ж?рсек шы?арып салады.

   Алды?нан шы?ады,

   Жаны?ды еркелетеді. (?арлы?аш-ласточка)

4.А? сарайын тал?андап,

   Шы?ты біреу талтандап.(балапан-цыпленок)

6.Кім жылдам? (?ай топ ??старды? атын к?п біледі)

· Бейбітшілік ??сы ?ай ??с?

· К?гершін.

7.Ендеше к?гершіні? сендерге алакелген  тапсырмасы бар еккен.

?оржын, оны? ішінде ?р-т?рлі с?ра?тар.Топ басшылары шы?ып бір-бір тапсырмадан алады.

8.?з ?нерінді к?рсет. ?р топ ?з ?нерлерін к?рсетеді.( та?па?, ж?мба?, ?н, ма?ал-м?тел)

9. «?аратор?ай» с?зінен бірнеше с?здер  ??растыр.

10.К?рермендер арасында?ы сайыс (ж?мба? жасыру)

Сайрайды бір талмайды,

?нші ??с б?л та?дайлы.     (б?лб?л)

?ара??ыда ?шады, ??былады.

Жары? к?рсе ?ашады, ты?ылады.        (жар?анат)

Шарлап келіп даланы,

?йіне ?й салады.                           (?арлы?аш)

Ма?, ма? бас?ан ж?рісі,

Барлы? ??сты? ірісі.

?аш?анда ??стай ?шпайды,

?у?анын біра? ?стайды.(т?йе??с)

Жолаушы ж?рек шы?арып салады,

Алды?нан ?арсы алады.

Ауыл да,  ?ала да мекені

Жаны?да ?р?ашан еркелетеді.(?арлы?аш)

?зі са?,?зі ?са?,

Шы?ылы?тап т?рмайды.

??йры?ы ?зын, ?зі ала,

Б?л ?андай ??с, ?й бала.(сауыс?ан)

11.3 «б» сыныбыны? ??стар к?ніне дайында?ан та?па?тарын тамашала?ыздар.

 ?орытынды.

?діл?азы ?ортыныдысы

?ымбатты балалар к?ктемні? жаршысы, адамзатты? досы жыл ??сын жа?сы ?арсы алайы?. Олар?а ?ам?ор болайы?.

?р?ашан аспаны? ашы? болсын деген ниетпен «??стар ?айтып барады» ?німен ая?тауды ж?н к?рдіе.

Оянып бар таби?ат ?й?ысынан,

Жадырап ??тыл?андай ??с ?амынан.

К?ктемді шу?а б?леп ?нге ора?ан,

Ты?даймыз алуан сыр жыл ??сынан.

Тіккен туы ?аза?ты?

К?нге с?лем жолдасын.

?ыран ??сы ?алы?тап,

К?к аспанды  шарласын.

К?к байра?ым желбіреп,

Ата?-да??ы? талмасын –деп сайысымызды ая?таймыз.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«??стар к?ні »

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз. (сайыс)

Мақсаты:

1.  Білімділігі:Табиғат жайлы түсінігін тереңдету, жалпы   құстардаң мағнасы жайлы мағлұмат беру,барлық тыныс тіршіліктің бастауы, көктемнің ерекшелігін байқату, құстарды қорғау, оларды қарсы алу. Халық қазынасы мақал- мәтелді, жұмбақ болжамдарды пайдалана білуге үйрету.

2.  Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу мәдениетінің белсенділігін дамыту.

3.  Тәрбиелік: отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге, аң- құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреті, қанатты сөздер, шар, гүл, көктем көрінісі.

1. Кіріспе сөз: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Құстар біздің досымыз » атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Мен баршаларыңызды көктем мерекесімен құттықтаймын.Бұл мереке табиғаттың қысқы ұйқыдан оятуын танытатын кішкентай ғана табиғаттың бір бөлігі, көктем жаршысы құс мерекесі. Жер бетінде 8600- ге жуық құстар түрі бар десек, біздің елімізде 500- дей түрі кездеседі екен. Ал жергілікті жерімізде қараторғай, сауысқан, көкек, қарғалар кездеседі. Жыл құстарын атайтын болсақ: аққу, қарлығаш, үйрек, шағала сияқты көптеген құстарды білеміз.

· Бейбітшілік құсы қай құс?

· Көгершін.

2.Ө Көктем:

   Ал құрметті халайық,

   Мерекені бастайық.

   Жұмбақ шешімін тапсаңдар,

   Құстарды қарсы алайық.

3. Жұмбақ.

Түсі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды

Көктем жұлдыз қаққандай.                   (қарлығаш)

 

Орман іші солқылдап,

Жаңғырықты түнімен.

Ұрды ағашты тоқылдақ,

Тұмсығының түбімен.                             (тоқылдақ)

 

4.Топтардың аты:

1.Қыран тобы

2.Сұңқар тобы

Әділқазы алқасы: Жанағат К

5.Тіл –өнер сайысы.

1.Тал басында

Түндіксіз отау (ұя-гнездо)

2.Көңілдің көркі сәні екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Айқындар оны байқаған

Адамдар қорғап сақтаған. (аққу-лебедь)

3.Ауылда қалада мекені,

Жолаушы жүрсек шығарып салады.

Алдыңнан шығады,

Жаныңды еркелетеді. (қарлығаш-ласточка)

4.Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтандап.(балапан-цыпленок)

6.Кім жылдам? (қай топ құстардың атын көп біледі)

· Бейбітшілік құсы қай құс?

· Көгершін.

7.Ендеше көгершінің сендерге алакелген тапсырмасы бар еккен.

Қоржын, оның ішінде әр-түрлі сұрақтар.Топ басшылары шығып бір-бір тапсырмадан алады.

8.Өз өнерінді көрсет. Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.( тақпақ, жұмбақ, ән, мақал-мәтел)

9. «Қараторғай» сөзінен бірнеше сөздер құрастыр.

10.Көрермендер арасындағы сайыс (жұмбақ жасыру)

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы.     (бұлбұл)

Қараңғыда ұшады, құбылады.

Жарық көрсе қашады, тығылады.        (жарқанат)

Шарлап келіп даланы,

Үйіне үй салады.                           (қарлығаш)

Маң, маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.(түйеқұс)

Жолаушы жүрек шығарып салады,

Алдыңнан қарсы алады.

Ауыл да,  қала да мекені

Жаныңда әрқашан еркелетеді.(қарлығаш)

Өзі сақ ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс, әй бала.(сауысқан)

11.3 «б» сыныбының құстар күніне дайындаған тақпақтарын тамашалаңыздар.

Қорытынды.

Әділқазы қортыныдысы

Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.

Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.

Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құс қамынан.

Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.

Тіккен туы қазақтың

Күнге сәлем жолдасын.

Қыран құсы қалықтап,

Көк аспанды  шарласын.

Көк байрағым желбіреп,

Атақ-даңқың талмасын –деп сайысымызды аяқтаймыз.































№ 2 Ертіс жалпы орта білім беру мектебі



















Өткізгендер:Омарова Г.К

Жанағат К



























































.Сұрақтар.

А) Көктем айларын ата!

Б) Құстар балапандарын қайда өсіреді?

В) Ең алғаш шығатын гүл?

Г) Қандай құс жұмыртқасын басқа ұяға салады?

Д) Киелі құс?

Е) Қандай құстың құйрығы айыр?

   Сұрақтар.

А) Адамдар көктемде қалай киінеді?

Б) Түнде ұшатын құсты ата!

В) Орман дәрігері?

Г) Өз атын өзі шақыратын құс?

Д) Сөйлейтін құс?

Е) Көгершін қандай құс?

ҮІ. Кім құстарға арналған тақпақ оқиды?

« Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.» - деп Абай атамыз жырлағандай өлең жолдарына кезек берейік.

Оқушылар өлең оқиды.

ҮІІ. Ән «Торғай»     3а- сынып.

Кім көп құс біледі?

Құс аттарын параққа жазу.

ҮІІІ. «Мақал- мәтел, жұмбақ» сайысына кезек берейік.

Бұлбұл үнді, жылап тілді.

 

Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

 

Ер жаңылып қолға түсер,

Құс жаңылып торға түсер.

 

Жылқыда өт жоқ, құста сүт жоқ.

 

Қаз келсе, жаз келер.

Жұмбақтар:

Сайрайды бір талмайды,

Әнші құс бұл таңдайлы.     (бұлбұл)

Қараңғыда ұшады, құбылады.

Жарық көрсе қашады, тығылады.        (жарқанат)

Шарлап келіп даланы,

Үйіне үй салады.                           (қарлығаш)

ІХ. «Аққу биі»  3-4 сыныптар.

Ал, балалар құстарға байланысты қандай халық болжамдарын білесіңдер?

· Құс жүнін үрпитсе- жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.

· Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.

· Шымшық ұя салса- қыс қатты болады.

· Қарға қарқылдаса - қар жауады

Х. Қорытынды.

Қымбатты балалар көктемнің жаршысы, адамзаттың досы жыл құсын жақсы қарсы алайық. Оларға қамқор болайық.

Әрқашан аспаның ашық болсын деген ниетпен «Құстар қайтып барады» әнімен аяқтауды жөн көрдіе.




Оянып бар табиғат ұйқысынан,

Жадырап құтылғандай құс қамынан.

Көктемді шуға бөлеп әнге ораған,

Тыңдаймыз алуан сыр жыл құсынан.





Мақсаты: Құстар туралы біліктерін байыту , оларды қорғауға , ұрпағын көбейтуге өз     үлестерін қосуға тәрбиелеу. Экологиялық  және  эстетикалық  тәрбие  беру.

Құстар мерекесіне арналған «Құстар-біздің  досымыз» атты сазды  кешімізді бастаймыз.

1-жүргізуші:

Әр  күн  сайын  сабағын  әзірлеген,

Мен  бірде  сәби  болған  тәрізденем.

Көктем  деген  көбелек  гүлге  қонған,

Көктем  деген  аралар  бал  іздеген.

 

2 – жүргізуші:

Қуат  алып  бойына  арғымақтан,

Көктем  деген  бұлақтар  қарғып  аққан.

Алыс  жақтан    асығыс  ұшып  келіп

Құстар  бақыт  табады  таңғы  бақтан

 

 

1- жүргізуші:

Құрметті  ұстаздар,  оқушылар  және  ата – аналар,« Құстар  -  біздің  досымыз »  атты        құстар     мерекесіне    орай     ұйымдастырылған    дәстүрлі     кешімізді     ашық      деп  жариялаймыз.

2- жүргізуші:Ән : «Құстар  қайтып  барады»

1 – жүргізуші: Табиғаттың  тамаша  бір  сыйы – құстардың  сан  қырлы   құпиясы   бар  екен.   Кезекті   құстардың   құпиясыеа  берейік.

 

2 – жүргізуші: Құстардың  жылы  жаққа  ұшатынын   кішкентай  балалар   да   жақсы  біледі. Алайда , олардың « компассыз- ақ » аспан  жолын    меншіктейтіні,  яғни   қанаттылардың  жұмбақ  әрекеттері  туралы  небір   қызық  оқиғалар   жеткілікті. Құстар   жылы  жаққа  ұшқанда  белгілі  бір   тәртіпке  бағынады  екен.

 

1 – жүргізуші: Шымшық  торғайдың    түнгі  жылы   жаққа  қарай    ұшуын  қадағалаған  неміс  ғалымдары  жұлдыздардың  орналасуы    құстардың   дұрыс  ұшуына   бағыт – бағдар    нұсқайды  деген   тұжырымға  келіп  отыр.

 

2 – жүргізуші: Шымшық  торғай   жылы  жаққа   ұшқанда   бұлттан  да  жоғары   ұшады  екен.  Бұл  құстар   түн   уақытында  аспан  картасының     қалай    өзгеретінінен  де  сауатты   болып  шықты.  Сол  сияқты     құстардың    жұлдыздар  мен  күнге       иек  артатыны   да   белгілі  болып  қалды.

 

1 – жүргізуші: Құстардың  адаспай   ұшуына    жердің    магнитті  өрісінің    әсері  мол  деген    тоқтамға  келген. Сонымен   бірге    құстардың   алыстан   көргіштігі   дәлелденген.

 

2 – жүргізуші: Қалай  дегенде   де  жыл  құстарының   осы  бір  қасиеті    әлі  де   жұмбақ   екені  таразының   басын  басып  тұр.

 

1  - жүргізуші: Қазақстан  территориясында   құстардың  489- дай  түрі  мекендейді.Олар  далалы , шөлді, орманды,  таулы  алқаптарды, өзен  бойларын,  көлдер  мен  теңіздердің    жағалауларын,  ауылдық жерлерді  мекендейді.

 

2- жүргізуші: Құстардың   биі  тамаша,

Көз  тоймайды – ау   қараса,-  дегендей    қоқиқаздардың  « Танго»   биін тамашалауға   шақырамыз.(комьютердегі    слайд)

1 – жүргізуші:

Қанаты  бар  талмаған,

Аспанда  ұшып  самғаған.

Жауы  шыбын – шіркейден,

Табиғатты  ол  қорғаған.-    деген  өлең  шумақтарынан   құстардың  маңызы   зор  екендігін  байқауға  болады.Осы  құстарға  байланысты   жазылған   ақын- жазушылардың   өлеңдерін  қабыл  алыңыздар.  (Тұманбай  Молдағалиевтің   өлеңі оқылады.)

1 – жүргізуші:

О, достарым, құста  қандай  айып бар,

Келген  құсқа  ұшағыңды  жайып  қал.

Әлем  теңіз,  өмір  толқын,жыл құсы,

Желкендерін  жел  көтерген  қайықтар.

Мейірімділіктің  символына  айналған, адамзатқа  жан ашыр  құс- қарлығаш  екенін  барлықтарыңыз  жақсы  білесіздер. «Қос  қарлығаш» әні.

 

2 – жүргізуші: Көрермендерге  сұрақтар  қою. Көктем  жаршысы  - қараторғай. Құс  патшасы – қыран. Орман  саққұлағы –сауысқан. Өсімтал  сұлу  құс – қырғауыл. Өте  қырағы , сақ  құс – қаршыға. Жорға  құс – кекілік . Қауырсыны  өте  сұлу  құс – тотықұс. Жан – жақты  пайдалы  үй  құсы – тауық. Маңғаз   су  құсы – қаз. Жемтік  аңдушы  құс – қарға. Ағаш  емшісі – тоқылдақ. Сұлулық  пен  махаббат  символы – аққу. Көрермендерге  сыйлықтар  үлестіру.

1 –жүргізуші: Көрермендерге    құстарға  байланысты  жұмбақтар  жасырылады. Қатысқан   көрермендерге  сыйлықтар  беріледі.

 

2-жүргізуші:

Табиғат  деген  тамаша,

Көз  тоймайды  қараса.

Табиғаттың   жұмбағы,

Таусылмайды  санаса.

Ән : «Табиғатым»

1 – жүргізуші:

Бұлбұл , қарға, сауысқан,

Дауыстайды  алыстан.

Мөлдіреген  суында

Балықтары  жарысқан..

Ән :«Бұлбұл  құс»

 

2 – жүргізуші: Кезекті   қызықты  деректерге  берейік.

Кенияда    салмағы    небәрі    бірнеше   грамм   болатын  құс   бар.   Оны  орысша  стриж  деп  атайды.Сағатына  160 км жылдамдықпен  ұшатын  ол - әлемдегі  ең  ұшқыр   құс  болып  саналады.Олардың  кейбірі    бір  жылдың  тоғыз  айын  әуеде  ұшумен  өткізеді. Бір  қызығы – кейде  екі  қанатын  2  түрлі  қағады.Соның  арқасында  қандай  шапшаң  зулап  келе  жатса  да  қалаған  жағына  оп – оңай,  кілт  бұрыла  салады.  Бұлар   ұя  жасағанда,  өзінің  сілекейін    пайдаланады, аяқтары  жерде  жүруге  икемсіз.

 

1 – жүргізуші: Келесі  қызықты  дерек   түйеқұстың  жеміне   байланысты.

Австралияда   мекендейтін бір  түйеқұсты   сойғанда  оның  ішінен: 4  үлкен  түйме, бірнеше   ұсақ  тас ,  7 түйреуіш , 1 түймелі  түйреуіш , 1 күміс  медаль ,  III Напалеонның  суреті  салынған 1 франк, 2  кілт    және 1  қол  орамал  шыққан.

Ән :« Ақ   көгершін»

2–жүргізуші: Құс  ұясын  бұзбайық ! Балапандарына   қамқорлық  жасайық !

 

1 – жүргізуші: Ұрпағына  көмек  берейік ! Ұяларына  дән  себейік ! 

 

2 – жүргізуші: Осымен ,   құстар  мерекесіне  арналған  кешіміз   аяқталды. Сау  болыңыздар 













































Құстар – біздің досымыз.

(ашық тәрбие жұмысы)

 Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар! Сіздер бүгін  4 -сынып оқушыларының дайындаған   “Құстар –біздің досымыз” атты ашық тәрбие сағатын тамашалауға  хош келіпсіздер.

    Ашық тәрбие сағатының  мақсаты: Оқушыларға  жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұматтар беру. Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен сақтандыру, құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Сондай-ақ , оқушыларды Отанын, жерін, орманын, көлін,табиғатын сүюге тәрбиелеу.

      Көрнекілігі: Құстар жайлы мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, буклеттер, рефераттар. “Құстар-біздің досымыз,” ”Құстардың табиғи ұялары” атты қабырға газеттері, сөзжұмбақ.

         Сабақтың  барысы :      Енді осы  тақырып  бойынша  оқушылар өз өнерлерін  ортаға  салмақ.

1-жүргізуші:Көк құрақ –көлдің  сәулеті, құс пен аң – ердің дәлеті дегендей, халықтың хайуанаттар ішіндегі ең  жақсы көретіні  құстар. Олардың құбылтып салған әндері біздерді сүйсіндірмей қоймайды. Қанатты достарымызды республиканың қай түпкіріне сапар шексек те кездестіреміз.  Өйткені  туған  өлкенің климаты  мен жер жағдайы құстардың алуан түрлерінің  тіршілік етуіне мүмкіндік  жасайды.

1 -оқушы: Наурыз келді!                           2 - оқушы: Жыл құстары келді деп,

Тіршілікке жан кірді,                                      Балдырғандар мәз болды.

Кең дала жасарып, жаңғырады,                     Қос қанаты желпілдеп,

Бар өңір құлпыра бастады                Көлге үйрек-қаз қонды.

Төсіне құйып ап жаңбырды.

3 -оқушы: Ұшып келген ең алғаш

                         Қараторғай қырағы

                         Ұяларға қонақтап

                          Дейді “менің тұрағым.”

2-жүргізуші:Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі-құстар. Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүйіспеншілігі шексіз, ең жақсы көретін адамын құсқа теңеу арқылы ықыласын білдіріп келеді.

1-жүргізуші: Халық өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын  сұңқарға теңеп, төгілте ән шырқайтын әншісін – бұлбұлға. Отан үшін ,ел үшін жанын қиятын батырларын – қыранға , елден асқан сұлуды – аққуға теңеп  жатады.

4-оқушы: Құстар тойын құттықтап,                       5-оқушы: Үй салдым құстың алдынан

Қуанамыз, қолдаймыз.                                           Болсыншы ол өмір панасы

Ұя жасап, үй салып,                                                Өзімдей сәби балдырған

Біз оларды қорғаймыз.                           Өссінші құстың баласы.

2  -жүргізуші:    Біздің міндетіміз қанатты досымыз құстарды қорғау. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқаларын  жарып, рақымсыздық жасап, жазықсыздан – жазықсыз  құстарды жәбірлеуге , өлтіруге жол бермейік.

6-оқушы: Жылы шуағымен гүл өсіріп,

Жыл  құстарын ілестіріп,

Ару көктем  келді, міне

Самалынан нұр есіп.

 Көктем киімін киген оқушы шығады.     

   Сәлем, достар аман ба?

Мынау бейбіт заманда.

Шад-шадыман көктеммен

Шаттық болсын әманда

Ән құрадым гүліммен

Қуантамын бәріңді

Құт-мереке күніммен.

1-жүргізуші: Халық-« Көкек келді – көктем келді» дейді. Көктемнің тамаша бір айын көкек деп атайды. Қадірі менқасиетінде өзгешілік жақ осы құстың аты неліктен жылдың ең тамаша айына теңеу  болды екен?

7-оқушы: Жаршысымын көктемнің ,

Көкек дейді мені жұрт.

Өз ойын айтар құс менмін

Көктемді  күтскң – мені күт.

                               ХОР:  КӨКЕК    әні.

2-жүргізуші:Өз ұрпағына ұқыпсыз болса да, көкек пайдалы құстардың біріне жатады.  Көкектің балапаны бір күнде отыз  тоғыз  шегірітке, қырық үш жұлдыз құрт, зауза қоңызының бес жұмыртқасын, шытырлақ қоңыздардың елу жұмыртқасын, төрт өрмекші, құмырысқа жұмыртқаларын қорек етеді.

8-оқушы:                                                          9 -оқушы:

Мен торғаймын, торғаймын                        Үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкене

Суықтан да тоңбаймын                           торғайдың бір өзі ғана жылына төрт млн-ға

Құрт-құмырысқа , шіркейден                 жуық жәндік жейді екен.

Бау-бақшаны қорғаймын.

10-оқушы:                                                      11 -оқушы:

Үкі едім түнде ұшып қалықтаған,               Мен жапалақ қалыспаймын жарыстан,

Құртудан зиянкесті жалықпаған                 Қорегімді іздеймін алыстан.

Үнімді үлпілдеген киелі деп,                      Іннен басы қылт етсе-ақ тышқанның

Бұрыннан-ақ адамдар тағып алған.            Жүз елуін әр ай сайын жалмаймын.

12-оқушы:                                                           13 -оқушы:

Құртты іздеп інінен,                                   Бейбітшілік құсы менмін –көгершін,

Қарағайды үңгіген.                                     Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін.

Тоқылдақ құс дәрігер,                                Аспан ашық , шат көңілді болайық,

Қашанда ол әбігер.                                     Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

                              ХОР: АҚКӨГЕРШІН.

Міне балалар, сендер құстар және олардың пайдасы туралы айтып шықтыңдар. Жалпы құстардың бәрі де пайдалы және біздің досымыз. Мысалы: жапалақ әр ай сайын жүз елудей тышқан  жейді екен, ал торғай бау-бақшаны құрттардан қорғайды, тоқылдақ – орман емшісі дейміз. Олай болса мен сендерге көгершін мен аққу туралы қысқаша түсінік берейін, назар қойып тыңдаңыздар.

     Көгершін – дүние жүзінің көптеген халықтары үшін бейбітшілік белгісі. Бейбітшілік нышанын басқа құстарға теңейтін халықтар да бар.   Мысалы:Жапондықтарда  ақ тырналар – бейбітшілік белгісі. Сондықтан олар ақ тырналарды қағаздан жасап, бір-біріне сыйға тартады, яғни бақыт пен жақсылық әрдайым өзіңмен бірге болсын деген ақ ниеттерін білдіреді. Үнді халықтары үшін бейбітшілік белгісі – тайыс құсы.

    Ал қазақ халқында шынайы тазалықтың , сұлулықтың, бақыттың белгісі – аққу. Ерте заманнан қалған аңыз әңгімелерге қарағанда бір кездерде қазақтар  өздерін аққу құсынан  жаралғанбыз деп есептеген екен дейді.

     Аққу құсының мүсіні қазақ халқының саз аспаптары – домбыра, қобыз  құрылысына  өте  ұқсас.   Аққу  киелі  құс,  оны атуға  болмайды.

1-жүргізуші: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының , тамаша мақал-мәтелдері қаншама десеіші. Мақал-мәтелдер халықтық педагогиканың үлкен бір арнасы. Олар сан ғасырлар бойы қорытылып, кесек  гауһардай  жентектелген сөз асылы. Сол мақал-мәтелдерге зер салайық.

Аққу - қазсыз көл жетім,                                Ақ сұңқар құстың баласы – алдына қоймай жем-             Киюсіз қалса,  бөз жетім...                              жемес.

Өлеңге енсе, сөз сұлу                                    Қарға баптанып, сұңқар болмас,

Аққу жүзсе, көл сұлу.                                    Есек мақтанып, тұлпар болмас.

Бұлбұлға бау жақсы,

Кекілікке тау жақсы.

Ер жігітке бәрінен

Туып-өскен ел жақсы.

2-жүргізуші: Құстар адам өміріне сән-салтанат беріп, әсем сазды үнімен жаныңды рахатқа бөлейді.Сондықтан ,атадан балаға мұра болып келе жатқан халық шығармашылығында адам бойындағы ең    үздік қасиеттерді құстарға теңеп: «Аққу мойын»,  «Қасы қарлығаштың қанатындай», «Бүркіт тұмсық», «Қаршыға көз», «Қаз дауысты», «Ұлардай әдемі»  деп атаған.

14 -оқушы:  Мұра боп ата кәсіп құсбегілік,

Өң түгіл дөңбекшіткен  түске кіріп.

Қазақтың қасиетті бұл дәстүрін,

Ердің де ең қыраны түскен іліп.

Енді,   ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ  атты көріністі тамашалайық.

1 -жүргізуші: Қыран құс баулып , аңға салатын, яғни тағыны баптап, тағы алдыратын адамды Құсбегі деп  атайды.

Құрметті жас достар , құстар жөнінде викториналық сұрақтарға жауап берейік.

Құстың негізгі баспанасы? (ұя)    Қандай құс хат тасушы атанған? (көгершін)  Қай құста мүлде ұя болмайды?(көкек)   Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (бүркіт) Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? ( тоғыз жүз алпыс рет)

2-Жүргізуші: Құстарға арналған көптеген жұмбақтар да бар. Кімнің ойы ұшқыр болса ,сол жұмбақты тез шешеді.

Көлдің көркі сән екен,

Ұшқанда сазды ән екен.

Ақындар оны мақтаған,

Адамдар қорғап сақтаған.(аққу)

Ақ сарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап. (балапан)

Маң, маң басқан жүрісі,

Барлық құстың ірісі.

Қашқанда құстай ұшпайды,

Қуғанын бірақ ұстайды.(түйеқұс)

Жолаушы жүрек шығарып салады,

Алдыңнан қарсы алады.

Ауыл да,  қала да мекені

Жаныңда әрқашан еркелетеді.(қарлығаш)

Өзі сақ ,өзі ұсақ,

Шықылықтап тұрмайды.

Құйрығы ұзын, өзі ала,

Бұл қандай құс, әй бала.(сауысқан)

1-жүргізуші:

Тамылжыған тамаша табиғаттың көрікті көктемінде құстар әні толастамайды. Құстар тойы тойға ұлассын! Бейбіт аспанда қалықтаңдар, шаттана шарықтаңдар, қанатты достар!

2- жүргізуші: Тіккен туы қазақтың

Күнге сәлем жолдасын.

Қыран құсы қалықтап,

Көк аспанды  шарласын.

Көк байрағым желбіреп,

Атақ-даңқың талмасын –деп кешімізді аяқтаймыз.

   Қорытынды:    Міне , оқушылар сендер бүгінгі ашық тәрбие сағаты барысында Құстар біздің досымыз  екендігін мәлімдедіңдер. Сендер жалпы құстардың пайдасы туралы мағлұмат алдыңдар. Мақал-мәтелдер айтып ,жұмбақтар шештіңдер. Ендігі біздің мақсатымыз бен міндетіміз құстарды аялап, баптау. Құстарға әрқашан қамқорлық жасау. Орманымызды, көлімізді қорғасақ,құстардың да мекені ,  тіршілігі көбейеді.  Ол үшін қыста ауылда қыстап  қалатын құстарға  қамқор болып , жемшашарлар жасап, көктемде жылы  жақтан  келетін құстарға ұя жасап қарсы алуымыз керек.

      Табиғатты сүйе біліңдер!  Қанатты құстарды қорғай біліңдер!  Балапандарына тимей , тіршілік етуіне мүмкіндік жасаңдар. « Құстар- біздің досымыз»  екенін  естеріңнен  шығармаңдар!




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
??стар к?ні

Автор: Омарова Гульбаршин ?изат?ызы

Дата: 08.04.2015

Номер свидетельства: 199070

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(191) "Презентация для урока по роману Л. Н. Толстого "Война и мир" на тему:"Духовные искания Андрея Болконского" "
    ["seo_title"] => string(113) "priezientatsiia-dlia-uroka-po-romanu-l-n-tolstogho-voina-i-mir-na-tiemu-dukhovnyie-iskaniia-andrieia-bolkonskogho"
    ["file_id"] => string(6) "144731"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1418769638"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(229) "Социально-педагогическое значение, сущность, функции нестандартных форм урока как проблема психолого-педагогической науки "
    ["seo_title"] => string(142) "sotsial-no-piedaghoghichieskoie-znachieniie-sushchnost-funktsii-niestandartnykh-form-uroka-kak-probliema-psikhologho-piedaghoghichieskoi-nauki"
    ["file_id"] => string(6) "245531"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1446138677"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(18) "«?атынас» "
    ["seo_title"] => string(8) "k-atynas"
    ["file_id"] => string(6) "122921"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1414354107"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(139) "конспект урока "Женские судьбы и тема любви в романе М.А.Шолохова "Тихий Дон" "
    ["seo_title"] => string(84) "konspiekt-uroka-zhienskiie-sud-by-i-tiema-liubvi-v-romanie-m-a-sholokhova-tikhii-don"
    ["file_id"] => string(6) "156340"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1421412894"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(104) "ПРИЁМЫ РАБОТЫ С ОДАРЕННЫМИ ДЕТЬМИ  НА УРОКАХ  МАТЕМАТИКИ "
    ["seo_title"] => string(59) "priiomy-raboty-s-odariennymi-diet-mi-na-urokakh-matiematiki"
    ["file_id"] => string(6) "232943"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1442945111"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства