kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? тілі п?ні бойынша 4 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза? тілі п?ні бойынша 4 сыныпты? саба? жоспарлары

Саба?ты? та?ырыбы: С?з таптары

Ма?саты: 1. С?з таптары туралы т?сініктерін естерінде жа??ырта отырып, о?ушыларды? білімдерін жатты?улар ар?ылы жетілдіру. Т?уелдеулі зат есім туралы білімдерін жа??ырту.

2. Жатты?улар ар?ылы  берілген  с?здерді  ма?ыналарына ?арай топтап с?з табына ?арай жина?тау, с?з таптарыны? ережелерін ?айталау ар?ылы білік да?дысын арттыру. О?ушыларды? танымды? ?абілетін арттыру, с?здік ?орын байыту, ойлау ?абілеттерін.

3. О?ушыларды ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін т?рбиелеу.

К?рнекілігі: с?з таптары таблицасы,  ребус, кесте.

?дісі: интербелсенділік саба?

Жа?а саба?

  1. ?йымдастыру б?лімі: О?ушыларды т?гендеу, саба??а бейімдеу.
  2. ?й ж?мысын тексеру. 38- жатты?уды талдау, 2 о?ушыдан с?рау.

«Проблеманы ай?ындау» кезе?і: Топтар?а б?ліну, ойсергек (3 минут)

  1. О?ушыларды есімдеріндегі ?ріптерді? санына ?арай   ша?ын топтар?а б?лу
  2. Есімдеріндегі ?ріптерден с?з ??рату, с?здерін о?ып с?ра? ?ойып ай?ындайды.

Неліктен с?ра?тар ?р т?рлі болды?

40- жатты?у «Проблеманы шешу» кезе?і

*с?з таптары дегеніміз не, есі?е т?сір!

* с?здерді ма?ыналарына ?арай топтау, с?ра? ?ою.

*С?ра?тарды? ?р бас?а болу себебін ай?ындату.

* Топты? ж?мыс таблица бойынша с?з таптарын талдау «Орта? т?жырым» орта? пікір жасау

41- жатты?у

Зат есім

Жал?ы есім

.

Баянауыл

.

Жалпы есім

Адам

.

?зен

Негізгі зат есім

К?л

.

орын

Туында зат есім

.

Досты?

.

«Проблема шешімін ?олдану» кезе?і 42- жатты?у жа?шада берілген с?здерге т?уелдік жал?ауларын жал?ап, алдында?ы с?збен байланыстырып жазады. Т?уелдеулі с?зді ??рамына талдау.

43- жатты?у ауызша топ болып, т?уелдеулі зат есімдерді тауып ??рамына талдайды.

 Малы, кені, д?ні, елі ?ай ел туралы айтыл?ан? «Ой сергіту»

?й ж?мысы : 44 - жатты?у ребусты шешу, сыныпта талдау.

Жауабында?ы с?зді 3 жа?та жекеше, к?пше т?рде т?уелдеп жазу (сыныптан талдап алу) Саба?ты ?орытындылау

О?ушыларды ба?алау

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? тілі п?ні бойынша 4 сынып »

Қазақ тілі пәні бойынша 4 сыныптың сабақ жоспарлары

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары

Мақсаты: 1. Сөз таптары туралы түсініктерін естерінде жаңғырта отырып, оқушылардың білімдерін жаттығулар арқылы жетілдіру. Тәуелдеулі зат есім туралы білімдерін жаңғырту.

2. Жаттығулар арқылы берілген сөздерді мағыналарына қарай топтап сөз табына қарай жинақтау, сөз таптарының ережелерін қайталау арқылы білік дағдысын арттыру. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, сөздік қорын байыту, ойлау қабілеттерін .

3. Оқушыларды туған жерге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.


Көрнекілігі: сөз таптары таблицасы, ребус, кесте.

Әдісі: интербелсенділік сабақ


Жаңа сабақ

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа бейімдеу.

  2. Үй жұмысын тексеру. 38- жаттығуды талдау, 2 оқушыдан сұрау.


«Проблеманы айқындау» кезеңі: Топтарға бөліну, ойсергек (3 минут)

  1. Оқушыларды есімдеріндегі әріптердің санына қарай шағын топтарға бөлу

  2. Есімдеріндегі әріптерден сөз құрату, сөздерін оқып сұрақ қойып айқындайды.

Неліктен сұрақтар әр түрлі болды?

40- жаттығу «Проблеманы шешу» кезеңі

*сөз таптары дегеніміз не, есіңе түсір!

* сөздерді мағыналарына қарай топтау, сұрақ қою.

*Сұрақтардың әр басқа болу себебін айқындату.

* Топтық жұмыс таблица бойынша сөз таптарын талдау «Ортақ тұжырым» ортақ пікір жасау

41- жаттығу


Зат есім

Жалқы есім

...

Баянауыл

...

Жалпы есім

Адам

...

өзен

Негізгі зат есім

Көл

...

орын

Туында зат есім

....

Достық

...




«Проблема шешімін қолдану» кезеңі 42- жаттығу жақшада берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғап, алдындағы сөзбен байланыстырып жазады. Тәуелдеулі сөзді құрамына талдау.

43- жаттығу ауызша топ болып, тәуелдеулі зат есімдерді тауып құрамына талдайды.

Малы, кені, дәні, елі қай ел туралы айтылған? «Ой сергіту»

Үй жұмысы : 44 - жаттығу ребусты шешу, сыныпта талдау.

Жауабындағы сөзді 3 жақта жекеше, көпше түрде тәуелдеп жазу (сыныптан талдап алу) Сабақты қорытындылау

Оқушыларды бағалау










































Тақырыбы: Жусан иісі. Сайын Мұратбеков.

Мақсаты:

  • Оқушыларға Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» атты әңгімесі бойынша халықтың басына түскен соғыс жылдардыға ауыртпашылық, жетім қалған балалар өмірімен таныстыру,

  • оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту;

  • қиындықтан қорықпайтын, елін қорғайтын, шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. «Алақан» жаттығуы.

Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға салам, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

  • Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Әңгіме кім жөнінде жазылған ? Бородиноға кімдер келді ?

Әңгімені баяндап отырған кім?

Ол Төлегенге не берді ?

Төлеген Тоқтаров жөнінде жолдастарының пікірі қандай еді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Кеңес Одағының тағы қандай батырларын білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, Ұлы Отан соғысы қай жылдары болды? (1941-945).

Ол жайлы не білеміз?

Ү. Жаңа сабақ:

1. Қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдердің бірі – Ұлы Отан соғысы жылдары. Бұл соғысқа Қазақстаннан бір жарым миллион адам қатысты. Оның 602932 адамы соғыс кезінде қаза тапты. Қаншама бала жетімдіктен, ашаршылықтан зардап шекті. Соның бірі – Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» әңгімесіндегі Аян тағдырымен танысамыз.

  1. Оқулықпен жұмыс. Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады?

  2. Қаралы қағаз алған Аян не істеді?

  3. Аянмен қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды?

  4. Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?

  5. Мына үлгі бойынша қора ішін сипаттаған сөздерді дәптеріңе жаз.


сары су іркілген

Қора іші тұншығардай қапас,тымырсық

тастай қараңғы


ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгімені өз ойыңша жалғастыр. Аян бұл күні қайда болуы мүмкін?

ҮІІ. Қорыту. Әңгімеге жоспар жаз.

  1. Аянның қаралы қағаз алуы.

  2. Аянның өксігі.

  3. Қоштасу.

  4. 4.Жусанды төбеге оралу. ...

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, Аянға хат жазу.

2. Бағалау.



2- сынып



Тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер. «Жақсы көрем» 94 - 96жаттығу

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға заттың атын білідіретін сөздер туралы түсініктерін одан әрі дамыту, жаттығулар арқылы меңгерту. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқи білуге баулу.

2. Дамытушылық: сөздік қорын байыту, ауызша сөйлеу тілін, ойлау қабілетін дамыту;

3. Тәрбиелік: Аналарын сыйлауға баулу. Сұлулыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: қайталау сабақ

Сабақтың көрнекіліктері: тақырыпқа сәйкес суреттер

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Жер бетінде гүлдер сұлулығымен көз тартады. Жүрегімізді жылу мен сұлулыққа толтырады.

-Міне, жүрегіміздегі жылуды аналарымызға ұсына отырып, сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: Апама өлеңін жатқа сұрау. 93- жаттығу Ережені сұрау.

ІІ Өтілген материал бойынша тексеру:

1. Көктемгі мерекелерді ата. Көктемдегі табиғат өзгешелігі қандай?

ІІІ Мақсат қою кезеңі: 1) сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау

Сенің отбасыңда кімдер бар? Кімдерді жақсы көресің?

ІҮ Жаңа материалмен жұмыс: а) дәптермен жұмыс: Күннің жадын, тақырыпты жазғызу

көркем жазу: О о

94- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқыту.

«Жақсы көрем»

Автормен таныстыру: І. Мәмбетов (1929- 1974ж.)- ақын. Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Табантал ауылында дүниеге келген.

Түсінгендерін ортаға салу, талдау. Мазмұнын ашу. Өлеңде қандай көңіл- күй берілген? Анаға деген сүйіспеншілікпен берілген.

Ү. Сергіту сәті:

95- жаттығу 1. Сөйлемдерді толықтырып оқыту, көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып көшіріп жазу.

Не? Кімдер? Сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сызғызу.

Қосымша дәптермен жұмыс:.

№1. К, г, дыбыстарынан басталатын заттың атын білдіретін сөздерді тауып жазу.


ҮІ Қорытындылау Кім; кімдер? сұрағы неге байланысты қойылады?

Не? нелер? сұрағы неге байланысты қойылады?

ҮІІ Үйге тапсырма: Жақсы көрем жаттау. 96- жаттығу.



ҮІІІ Оқушыларды бағалау










Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Мақсаты: 1.оқушылардың төрт түлік туралы түсініктерін берілген шығармалар арқылы жаңа ұғымдармен толықтыру.Мал және олардан алынатын өнімдер мен заттар туралы түсінік беру.

2.Оқушылардың танымдық қабілетін, ой-өрісін,сөздік қорын байыту.

3.Ата-бабамыз кәсіп еткен мал өсіру, баптау, олардан түрлі тамақтар мен бұйымдар жасау дағдыларын үлгі-өнеге ете отырып, кәсіптік бағдар беру, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, төрт түлік мал, табиғат суреттері.

Сабақ түрі: ашық сабақ

Әдіс-тәсілі: интербелсенді сабақ

Ұйымдастыру: 1-слайд бойынша.

Сынып оқушылары берілген есептерді шығара отырып, жасырын суреттерді ашып өз топтарын анықтау, екі оқушыдан топқа бөлінеді.

12+19 15+16 24+17 18+21


Әр топ өздеріне тиісті өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

1-топ: Қой 2-топ: Торы құлын 3-топ: Сиыр 4-топ: Түйе

Малдар қалай дыбыстайды ? Малдың дыбыстауын айқындай отырып, анықтау

Қой маңырайды. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Түйе боздайды.

Жаңа сабақ

2-слайд: 3 ондық пен 4 бірліктің қосындысын тап. Берілген тапсырманы орындай отырып, жаңа тақырыпты ашады.

Төрт түліктің кеңесі

Топтар біріге отырып, (мәтіндегі кейіпкерлер рөліне еніп) кеңес өткізеді.

Сиыр: -Қалың қорыс нуға бітем, Жылқы: -Бетегелі белге бітем,

Қоры үзілген қуға бітем. Найза ұстаған ерге бітем.

Қой: -Күнгейлі қара тасқа бітем, Түйе: - Жалмаң құлақты сорға бітем,

Шаруа қуған басқа бітем. Ел ішіндегі зорға бітем.

Әр кейіпкер өзі туралы берілген сөз тіркесінің мағынасын ашып, түсінігін ортаға салады.

Берілген сөздердің мағынасын ашып, сөз тіркестерді теріп жаз.


БЕРІЛГЕН СӨЗДЕР

МӘТІНДЕГІ ОСЫ СӨЗДЕРДІҢ МӘНІ

1.Тұрмыс жағдайы төмен адам

2. Еңбекқор адам

3.Батыл, өжет адам

4.Шаруасы жақсы, бай адам

Қоры үзілген қу

Шаруа қуған бас

Найза ұстаған ер

Ел ішіндегі зор


Сергіту сәті: төрт түлік малға арналған өлең жолдарын қолдана отырып,

бір-біріне жұмбақ жасырады.


Мақал-мәтел сайысы:

Әр топ өздеріне қатысты мақал-мәтел айтып, мағынасын ашады.

3-слайд:


Суретпен жұмыс: мәтіндегі сөздерді пайдалана отырып, мағынасын ашып жаз.

Қой: Құлын: Сиыр: Түйе:

Сүті ... Басы . . . Мойны ... Мүйізі . . . Түйенің жүрісі . . .

Өнімі ... Көзі . . . Жағы ... Мұрнын . . . Шудасы . . .

Құрты ... Ерні ... Жалы... Ірімшік, құрт,майы .. . Екі өркеші . .


Кестемен жұмыс: берілген тапсырма бойынша малдан алынатын өнімдер мен тамақтарды жаз.

Қойдың пайдасын сызбаға түсір. Жылқының пайдасын сызбаға түсір.

Жүнінен

жасалатын заттар

Терісінен

жасалатын

заттар

Сүтінен әзірленетін

тағамдар

Жүнінен

жасалатын заттар

Терісінен

жасалатын

заттар

Сүтінен әзірленетін

тағамдар







Сиырдың пайдасын сызбаға түсір.

Сүтінен әзірленетін тағамдар

Терісінен жасалатын заттар

Етінен әзірленетін тағамдар

Түйе жүнінен істелетін бұйымдар

Сүтінен әзірленетін тағамдар

Терісінен істелетін бұйымдар

Түйенің пайдасын сызбаға түсір.

Сабақты қорытындылау:

4-слайд: Қай түлік қай жерді, қандай кісіні қалайды?

Мәтіндегі тіркестерді пайдалана отырып, суреттері бойынша сәйкестендіру.

Еңбектің наны тәтті... .

Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты қандай еңбек жасайсың ?

Жасаған жұмысымыз мақал мазмұнын ашуға сәйкес келе ме ?

Мал бағуды өзіне кәсіп еткен ата-бабамыз, малына қарай ол кәсіптерге де баға бере білген.

Түйе байлық,

Жылқы сәндік,

Қой мырзалық,

Сиыр сараңдық,

Ешкі кедейшілік,

Шаруашылық бес,

Диханшылық оған ес

Оқушыларды бағалау.
















Тағылымы мол семинар


Маңғыстау облысының оқу- әдістемелік және қосымша білім беру орталығының жаратылыстану- математика, бастауыш сынып бөлімінің жетекшісі Т.Б. Хамитованың ұйымдастыруымен Ақтау қаласының №28 орта мектебінде «Оқу үдерісіндегі оқушының зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін арттыру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға облыстағы мектептерден 30- дай бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. ООӘЖҚББО директорының әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Райымбердиева кіріспе сөз алып, семинардың өткізілу мақсаттарын және бағдарламасын таныстырып шықты. 4 сынып оқушыларына қазақ тілі сабағынан «Мен (бен, пен), және шылаулары» тақырыбында ашық сабағын берген №28 орта мектеп ұстазы

Д. Шалхарованың ұстаздық шығармашылық қабілеті мен білімді қалыптастырудағы әдіс- тәсілі әріптестер көңілінен шықты. 1 сыныпқа ана тілінен осы мектептің ұстазы

Г. Сүйекенова «Жырау. Сөйлем», 3 сыныпқа дүниетанудан «Қонақжай» тақырыбында

Г. Қапашова, 3 сыныпқа әдебиеттік оқудан Ж. Рейпенова «Жаз» тақырыбында ашық сабақтарын жаңа технология бойынша өткізіді. Тәрбиелік шараны А. Бегева 3 сыныпқа «Брейн- ринг» интеллектуалды сайыс түрінде өткізді.

Сонымен бірге понарамалық сабақтарда интербелсенді сабақ түрінде көрсетіліп таныстырылды. №28 мектептен математика пәнінен 1 сыныпқа «Теңдеу және оның шешімі» тақырыбында А. Ерходжаева, 4 сыныпқа дүниетану пәнінен «Кітап қайдан шығады?» тақырыбында Б. Айжанова өткізді. Қатысушы ұстаздар Б. Айжанованың сабағынан тың ұғымдар алып, ұстаз шеберлігіне риза болды. Маңғыстау ауданы Жангелдин орта мектебінің мұғалімі Р. Қамысбаева 3 сыныпқа ана тілі пәнінен өткізген «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», №20 мектептен қатысқан Т. Ибраева өзін- өзі тану пәнінен «Қуаныш- жан шуағы» тақырыбында 4 сыныпқа өткізген сабағын көрсетті. Маңғыстау ауданы, Бекі бастауыш мектебінің ұстзы А. Молдашова «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың шығармашылығын анықтау» тақырыбында ашық сабағын 4 сынып оқушыларымен өткізді. Бұл ұстаздың шығармашылық шеберлігі әріптестер көңілінен шықты. Мұнайлы ауданы №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Г. Е. Асамадинова «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, іс- тәжірибесін әріптестерімен бөліссе, №11 МФММ- нен келген Г. Өтегенованың « Жалпы ерекшеліктерге сай оқыту модулі» және №28 орта мектебінің мұғалімі А. Нұрбосынованың « Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырудағы АКТ- ның тиімділіг» тақырыбындағы коучингтер өте жақсы болды. Қатысушы ұстаздар бір сәт бала болып тәлімгердің ұйымдастыруымен жұмыстарды топтық , жұптық түрде орындады. Жұптасу үшін қағазды нөмірледі, топтасу үшін «қар» лақтырды, «қайықпен» көлден де өтті. ООӘЖҚББО- ның әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары А. Райымбердиева ұстаздармен топқа түсіп, коучингтің қызықты өтуіне ықпал етті. Ұстаздар өздері бала бола отырып, оқушыға берер тапсырманы жеңілден күрделендіре отырып, ынтымақтастықпен бірлесе жұмыс жасау керектігін түсінді. Коучингтің көмегімен жұмыс орнында бірден оқыту қажеттігін уақыт талап етіп отыр. Семинар соңы оқу- әдістемелік және қосымша білім беру орталығының жаратылыстану- математика, бастауыш сынып бөлімінің жетекшісі Т.Б. Хамитованың ұйымдастыруымен дөңгелек үстел болды. Онда №11 МФММ- нен келген Г. Өтегенова ҚР білім және ғылым министрлігінің 2015- 2016 жылғы «Жаңа форматтағы оқу бағдарламасымен» таныстыра келіп, алдағы оқу жылында МАД тобы 1- сынып болып қабылданатындығын және сабақтардың үш тілділік түрінде өткізілетіндігін айтып өтті. 1- сыныптың оқу жоспарлары, ондағы сағаттардағы өзгерістер де айтылды. Дене шынықтыру сабағының оқу жоспары, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын да негізінен тілдік мақсатта көздей отырып өзгерту қажеттілігі назардан тыс қалмады. Уақыт жылдам өзгеруде, оқу үрдісінің талаптарын жоғарыдан беріліп отырғанда, оқытушының құзырлылық деңгейіне қойылатын жаңа талаптар пайда болуда. Білім саласында жүріп жатқан реформа бойынша барлық бастауыш сынып мұғалімдерін қайта даярлау курстарынан өткізу қажеттігіне тоқталды. Бір күнгі семинардан қызықты мағлұмат алған ұстаздар ұйымдастыру алқасы мен өздерінің іс- тәжірибесін бөліскен ұстаздарға алғыстарын білдірді.



Ж. Б. Өмірбайқызы

Бостан ауылы Қарақұдық орта мектебі




































Мектепішілік акция


Қарақұдық орта мектебінде «Табиғатпен бірге біз, көгереміз, көктейміз» атты мектепішілік акция ұйымдастырылуда. Соған сәйкес сынып бөлмелерін гүлдендіру, мектеп ауласына шыбықтар мен гүлдер отырғызу жұмыстары жүргізіліп жалғасуда. Акцияны қолға алған мектеп басшысы Т. Елгондиев ерте көктемнен бастап жерді тыңайтқышпен тыңайтып, ағаш отырғызатын жер орындарды дайындатты. Мектеп ауласындағы 117 түп ағаштың түбі қопсытылып ақталды. Мектеп мұғалімдері әр түрлі

2-3 талдан «Жеңістің 70 жылдығына» арнап 70 тал, гүлзарларға әр түрлі гүлдер отырғызды. Мектеп бітірушілер аллеясына да түлектер 27 тал екті. Мектеп бітіргеніне 20 жыл толған мектеп түлектері 30 тал отырғызып, мектеп ауласының көгалдануына өз үлестерін қосты. «Атадан мал қалғанша, тал қалсын»,- деген осы да. Кеше шәкірт болып сол мектепте білім нәрімен сусындап өмірге қанат қақса, бүгінде өздерінің балалары оқып білім алуда. Мектеп оқушылары мен қызметкерлері отырғызылған ағаштар мен гүлдерді суарып, тамыртартып өсіп кетуіне мүмкіндік жасауда.

Күнарадан шаңдатқан табиғат құбылысы адамдардың да жүйкесін жұқартты. Шөл даланың тозаңымен ауаға ұшып жатқан зиянды заттардың қалдығы адам ағзасына өте зиян. Ендеше, табиғат- жасыл әлем. Одан бөлінер оттегінің адам ағзасына пайдасын кішкентай бөбектерімізде түсінеді.

Жасыл желек- жердің жаны саялы,

Қамқор болсаң жапырағын жаяды.

Мейіріммен жылуын арна жүректің,

Соған қоса, алақан керек аялы,- деп сөзімді қорыта келіп, әрбір ауылдасыма «Өзіңнен өзің аяма, табиғатты досым аяла»- демекпін




























Шенен ана


Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында тыл ардагері Қырымқұлова Шенен Байбарақ қызымен сұхбаттасуды жөн көрдік. Қызы Қоңыраудың өмірден ерте кетуі ауыр соққы болды ма, кәрілікпен бірге жеткен денсаулықта сыр берген, 87 жасқа келген анамыздың жүзінен шаршау байқалады.

Қарақұдық орта мектебінің ұжымы мереке қарсаңында құттықтап барып тыл ардагеріне сый- сияпатын ұсынды. Телевидениеден барған Райымгүл Махамбетова қысқаша сұхбат алды. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын Шенен анамыз терең ойланып, «мен не білемін...» алысқа көз жүгірткендей үндемей қалды. Кенет, бала кезін асықпай еске алып: - Негізгі атым Мәнет екен, неге өзгерткенін білмеймін бір кісі келіп атымды Шенен деп өзгерткен екен,- деді.

Қырымқұлова Шенен Байбарақ қызы 01.07. 1928жылы Жамбаулы жерінде дүниеге келген. Жанақ руының тумасы. Өмірге екі қыз, бір ұл болып келсе, қиын қыстау кезінде екі туысы өмірден кетіп, жалғыз өсті. «Қызық» деген №5 ауылда отырған кез, әрине киім жоқ аш- жалаңаштау кезеңдер еді. 1941 жылы «соғыс» деген сұм хабар келіп, ауыл азаматтары майданға алынғанда әкесі Байбарақта алғашқылардың бірі болып соғысқа аттанды. Шулаған ел, жылаған бала артта қалды. Елден майданға күш көлік деп мал, киім- кешектер жинағанды еске алған Шенен ана: үйдегі екі нар түйені және әкемнің тонын солдаттар киеді,- деген соң бердік, бірақ әкемнің үйден не киіп кеткенін білмедім,- деп ауыр күрсінді. Әкесі елге 7 жыл дегенде, яғни, 1948 жылы оралған. Әкесі кеткенде 13 жастағы балаң қыз анасы Қымбатпен бірге тылдағы тауқыметті бірге көрді, Ералиев колхозындағы №5 ауылдың малын бақты. Ал жолдасы Төлекте «Қызық» ауылынан әкесі Ерқаспен бірге қан майданға аттанады. 1942 жылы көзінен оқ тиген әкесі соғысқа жарамсыз болады. Әкесін елге әкелген Төлек госпитальға орналастырып, қайтып соғысқа оралды. Соғыстан кейін 1957 жылы елге оралған Төлекке Шенен анамыз тұрмысқа шығады.

Ақтау қаласының бүгінгі орналасқан жері сол кездері «Қолтық» деп аталған. Онда Ералиев атындағы колхоздан қалған 4- 5 қана үй болған. 1957 жылы Қолтыққа су іздейтін гидрогеологтардың «Кольцовская- 45»партиясы келіп, осы күнгі 3 шағын ауданның орнына шатырларын тігеді. Партияға алғаш жұмысқа орналасқан жергілікті қазақтардың қатарында Қырымқұлов Төлек пен Шенен анамыздың отбасы да болды. Кейін өмірінің соңына дейін Ералиев колхозының малын бағып, ауылшаруашылығын көтеруге белсене араласты. Жолдасы өмірден кеткен соң бала- шағасымен Қарақұдық совхозының орталығы Бостан ауылына келіп қоныстанды. Бұл күнде баласы Бекқали мен Нағимадай келіннің қолында, немерелерін қызықтап отыр.

Шенен анамыз: менің тілегім де, алладан тілейтінім де: еліміз, жастарымыз аман, бейбіт заман болсын,- деп бүгінгі ұрпағына ризашылығын білдіріп ақ батасын берді. Жеңістің жетуіне өз үлесін қосқан тыл ардагерлер еңбегі бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге. Өмірден көрген бейнетіңіздің зейнетін көріңіз Шенен ана.





Ж. Б. Өмірбайқызы

Бостан ауылы Қарақұдық орта мектебі









Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
?аза? тілі п?ні бойынша 4 сынып

Автор: Бесинбаева Жания Омирбаевна

Дата: 30.04.2015

Номер свидетельства: 207202

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(162) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі. "
    ["seo_title"] => string(101) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi"
    ["file_id"] => string(6) "200086"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428727755"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(161) "Мектеп информатикасы бойынша электронды? о?у-?дістемелік кешенді ?олдануды? ?ажеттілігі "
    ["seo_title"] => string(103) "miektiep-informatikasy-boiynsha-eliektrondyk-ok-u-distiemielik-kieshiendi-k-oldanudyn-k-azhiettilighi-1"
    ["file_id"] => string(6) "200106"
    ["category_seo"] => string(11) "informatika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428730799"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(87) "Поурочный план на тему: Портрет деген не? 9 сынып"
    ["seo_title"] => string(46) "pourochnyiplannatiemuportrietdieghiennie9synyp"
    ["file_id"] => string(6) "309597"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1458825027"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(216) "?АЗА? ТІЛІ САБА?ЫНДА А?Т М?МКІНДІКТЕРІН ?ОЛДАНА ОТЫРЫП, ИНТЕРАКТИВТІ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ ?А?ИДАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ АР?ЫЛЫ."
    ["seo_title"] => string(110) "kazaktilisabagyndaaktmumkindiktierinkoldanaotyrypintieraktivtimoduldiktiekhnologiiakagidalaryniskieasyruarkyly"
    ["file_id"] => string(6) "328228"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463581856"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(99) "?аза? ?дебиетінен ашы? саба? :А.Байт?рсынов "?гіз бен ба?а""
    ["seo_title"] => string(53) "kazakdiebiietinienashyksabakabaitursynovoghizbienbaka"
    ["file_id"] => string(6) "304305"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1457696273"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства