Просмотр содержимого документа
«?аракерей ?абанбай »
Бастауыш сынып мұғалімі
Жақсылықова Р.М.
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы: Қаракерей Қабанбай
Сабақтың мақсаты:
1.Оқушыларға елін жаудан қорғаған батыр Қаракерей Қабанбай өмірімен таныстыру.
2.Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, сөйлеу тілін жаттықтырып,ел қорғаған батырларды үлгі ету, батырлар жайлы білімдерін кеңейту,ойын сөйлем арқылы жеткізе білуін қадағалау.Сөздік қорын молайту.
3.Оқушылардың бойында өз еліне,өз жеріне Отанына деген патриоттық сезімдерін оятып, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақта қолданылатын әдістер: ой толғау, әңгімелеу,сұрақ-жауап,академиялық дау-дамай,автор орындығы,эссе.
Сабақтың көрнекілігі: Қаракерей Қабанбай суреті, батырдың өміріне байланысты суреттер, кластер.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа дайындық
II.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі
1.Он сегізінші ғасырдағы қазақ елінің жағдайы қандай еді?
2. Абылай ел арасында неліктен беделді болды?
III. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қазақстан дүние жүзі бойынша жер көлемі жағынан нешінші орын алады?
Қазақстанның жер көлемі қанша?
Міне , осы кең байтақ қазақ жеріне көз тіккен жауларымыз да аз болған жоқ. 1723-1725 жылдар қазақ халқының есінде ең ауыр кезең болды.
Бұл тарихта «Ақтабан шұбырынды» деп аталды.Жоңғар хандығы қаннен- қаперсіз жатқан қазақ елін қорғануға мұршасын келтірмей, қырғын шектірді.Осындай жағдайда үш жүздің басшылары даналық танытып,ішкі күштерді біріктіруге, шоғырландыруға қайрат салып бақты. Ел қорғау ісін халық өз қолына алып, ішінен ұйымдастырушылық қабілеті мол Бөгенбай, Қабанбай,Наурызбай т.б. сынды батырлар шығарды.
IV. «Батыр» сөзіне сипаттама беру (Ассосация)
Бүгінгі сабағымыз осындай батырдың бірі – Қаракерей Қабанбай.Дарабоз атанған қазақтың қас батыры, алғаш қазақ әскерін құрып, жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен бас қолбасшы Қабанбай найман тайпасының қаракерей руынан шыққан.
V . – Балалар,батыр ерлігін қай кезде көрсетеді?
Дұрыс қан майданда ,жауымен ел үшін ,жер үшін ұрыста көрсетеді екен.
Олай болса, мән мәтінді «Қаракерей Қабанбай» оқимын, мұқият тыңдап отырыңдар.
VI. Сөздік жұмыс жүргізіледі.Жарақ-бес қаруы бойындағы батыр. Пырақ-төрт тұрманы сай сәйгүлік, дүлдүл жүйрік.
VII. Мәтінді толық оқып беру.
Оқушыларға оқыту, мазмұндату.
VIII .Батырға мміінездеме беру.
IX. Жаңа материалды меңгергенін тексеру: сурет бойынша жұмыс.
1.Әкесі Қожағұл туралы
2. Ағасы Есенбайды өлтіру туралы
3. Нар бала- аталуы
4.Қабан батыр- аталуы
5. Абылаймен кездесіп Дарабоз аталуы
6.Қарт жырау неге сонша қайғырды деп ойлайсың?
7. Қарт жырау оның батырлығын,халық қамқоршысы екенін қалай көрсеткен?
X. Эссе , оқушы орындығы
XI. Кластер құру XII . Сабақты бекіту
Сендер қалай ойлайсыңдар?
Батырлар неге өлмейді?
Есімі неге мәңгі сақталады?
Ер есімі – ел есінде .Облыс орталығы Талдықорған қаласында Қабанбай батыр бабамызға ескерткіш қойылды. Біз сыныбымыз батыр бабамызға барып, тағзым еттік.
Біз тәуелсіз еліміздің жас ұланымыз
Сондықтан өз елімізді,жерімізді батыр бабаларымыз сияқты қадірлеуге, құрметтеуге, оны сүюге,қорғауға тиіспіз.
Сабақты қорыту: оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма :мәтінді оқып, батырлық,ерлік жөнінде мақал- мәтел жинау.