абақтың тақырыбы: Қалаға саяхат Сабақтың мақсаты: Астана қаласына саяхатқа барып, әсем ғимараттарымен танысу. Сабақтың міндеттері: Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру. Дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, қаламызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ. Сабақтың типі: Жаңа сабақ. Көрнекілігі: 1) Интерактивті тақта 2) Астана қаласының суреттері. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. 2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себептерін сұрау. 3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау. 4. Тіл дамыту сәтін өткізу. ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру, жалпылау: 1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру. 2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау. 3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін, сөздік қорын байқау. 4. Неге көңіл аудару қажеттігін анықтау, ескеру.
ІІІ. Жаңа сабақты қалыптастыру: «Қалаға саяхат» 1. Сөздік жұмыс. Тақырып бойынша оқулықта берілген жаңа сөздермен жұмыс. саяхат – путешествие үлкен қала – большой город мақтан тұтамын – горжусь орталық – центр ғимарат – здание ұлт өкілдері – представители наций 2. Қалаға саяхат мәтінімен жұмыс. Біз анамыз екеуіміз Астана қаласына сапар шектік. Бұл менің үлкен қалаға бірінші рет саяхат жасауым. Анам алдын ала бару және қайту билеттерін сатып алды. Поезбен Астана қаласына да жеттік. Астана суреттері кетеді СУРЕТТР Астана әлемдегі ең сұлу қалалардың бірі екеніне көзім жетті. Астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен үлкен ғимараттар көбейіп келеді. Қаланың ортасынан Есіл өзені ағып жатыр. Маған Астана қаласы өте ұнады. Мен Астана қаласын мақтан тұтамын Мәтінді оқып, аударып, танысып болған соң мәтін бойынша мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. 1. Анасы екеуі қайда сапар шекті? 4. Астананың қандай екеніне көзі жетті? 2. Анасы не сатып алды? 5. Астанада нелер көбейіп келе жатыр? 3. Астана қаласына немен жетті? 6. Қаланың ортасынан қандай өзен ағып жатыр? 3. Грамматикалық тапсырмалар. Семантикалық картамен жұмыс 2 – тапсырма. Берілген сөздерді септеңіз. (Семантикалық карта сызылады, оқушылар ұяшықтарды толтырады)
Септіктер сұрақтары сөздер Атау септік кім? не? Астана Бәйтерек Ғимарат Ілік септік кімнің? ненің? Астананың Бәйтеректің Ғимараттың Барыс септік кімге? неге? Астанаға Бәйтерекке Ғимаратқа Табыс септік кімді? нені? Астананы Бәйтеректі Ғимаратты Жатыс септік кімде? неде? Астанада Бәйтеректе Ғимаратта Шығыс септік кімнен? неден? Астанадан Бәйтеректен Ғимараттан Көмектес септік кіммен? немен? Астанамен Бәйтерекпен Ғимаратпен
3 – тапсырма. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыз (Кесте сызылады, оқушылар кестені толтырды) Сөздер Дауысты дыбыстар Дауыссыз дыбыстар жуан жіңішке қатаң ұяң үнді Астана а С, т Н Елорда О, а е д Л, р Бәйтерек Ә, е К, т Й, р
4 – тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастыр. 1. Болашағы, зор, Астананың. Астананың болашағы зор 2. Астанада, ғимараттар, ғажап, зәулім, жатыр, салынып. Астанада ғажайып, зәулім ғимараттар салынып жатыр. 3. Ескерткіштері, бар, билердің, Астанада. Астанада билердің ескерткіштері бар 4. Астана, төрінде, Арқаның, орналасқан. Астана Арқаның төрінде орналасқан 5. Қала, жас, сұлу, Астана, ең. Астана ең сұлу жас қала.
5 – тапсырма. Елорда, дос, ел сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдеңіз. Іж. Менің -------------- Іж. Біздің ІІж. Сенің --------------ІІж. Сендердің ІІж. с. п Сіздің --------ІІж. с. п Сіздердің ІІІж. Оның ІІІж. ------Олардың
6 – тапсырма. Сөздерді сөз құрамына қарай талда. (Кесте сызылады, оқушылар кестені толтырады) Сөз Түбір Жұрнақ Көптік жалғау Тәуелдік жалғау Септік жалғау қалалық Қала лық мемлекетті мемлекет - ті Т. с ғимараттарымен Ғимарат тар - ы ІІІ ж. - мен К. с
ІҮ. Бекіту. Тест сұрақтары: 1. Астана.... қала: а) көне ә) ескі б) таза в) әсем 2. Астананың бұрынғы аты: а) Ақтобе ә) Алматы б) Ақмола в) Орал 3. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? а) Еділ ә) Қарасу б) Есіл в) Жайық 4.»Астана - столица Казахстана» аудармасын тап: а) Астана күшті қала ә) Астана - Қазақстанның астанасы б) Астана - Қазақстан қаласы в) Астана жас қала
Ү. Үйге тапсырма. 1. Астанадағы “Думан” мәдени - сауық орталығы туралы ақпарат тауып жазыңыз 2. Астанадағы “Бәйтерек” ескерткіші туралы мәлімет жазыңыз. ҮІ. Бағалау