IV.Жа?а саба?. - Балалар, біз б?гін «Ё» дыбысыны? екінші саба?ын ?теміз. Саба?ымызды бастамас б?рын ?ткенді ?айталап алайы?. - Айтылуында й + о болып естілгенмен жазылуында Ё ё болып жазылады.
дауысты дыбыс
Ё орыс тілінен енген дыбыс
й + о дыбыстарыны? ?осылуынан жасалады
Б?гін біз, сынып болып, «Ма?та ?ыз бен мысы?» ертегісі бойынша саяхат жасаймыз. Я?ни, ?ткен ертегіні есімізге т?сіре отырып, мысы??а к?мектесу ?шін, т?рлі тапсырмалар орындайтын боламыз.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ё дыбысы ашы? саба?»
Күні: Пәні: Әліппе Сыныбы:1
Сабақтың тақырыбы: Ёё дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты:1.Оқушылардың Ё ё дыбысы жайлы алған білімдерін толықтыру. Сол арқылы берілген сөздерді, мәтіндерді оқуға, сауатты жазуға үйрету. Өтілген дыбыстарды қайталай отырып, ё дыбысының ерекшелігіне тоқталу. 2. Сөздерге дыбыстық талдау жасауға жаттықтыру. Ой - өрістерін, байланыстырып сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өздігінен жұмыс істеуге қалыптастыру. 3.Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, білімділікке, мамандық иелерін құрметтей білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер: суреттер, кеспе әріптер, Сабақтың түрі: ертегі сабақ Сабақтың әдісі: ертегі кейіпкерлерінің суреттері, сұрақ - жауап, түсіндіру, талдау, оқу, дәптермен жұмыс, ойын. Пәнаралық байланыс: дүниетану Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық көңіл күй. - Көңіл күйлерің қалай? - Керемет! (қолдарын көтереді) - Сабаққа дайындықтарың қалай? - Тамаша! (шапалақтайды) - Ынтаңыз ше? - Ғажап! (қолдарын көтереді) - Ендеше, бастайық, сабақ! - О! (бас бармақтарын көрсетеді) - Олай болса , осындай жақсы көңіл күймен сабағымызды бастайық. II.Өткен тақырыпты еске түсіру. - Біз өткен сабақта қандай дыбыспен танысқан едік? - Ё дыбысы қандай дыбыс? - Ё дыбысы бар қандай сөздер білесіңдер? - Шахтёр , монтёр , шофёр т.б. Сөздерге дыбыстық талдау жасату. III.Үй тапсырмасын сұрау. - Үйге қандай тапсырма берілді? - «Шахтёр» мәтінін оқу. Өлеңді жатқа айту. (Мәтінді бірнеше балаға оқытамын!.
Сұраққа жауап алу. - Шахтёр кім? - Таскөмір қайда өндіріледі?
- Мәтінді жақсылап оқыдық . енді «Бәйге» ойынын ойнаймыз. Мұнда ұяшықтар бар. Ұяшықтар бойынша сұрақтарға жауап беруіміз керек.
С. ж.10.Әріп дегеніміз не? (Әріпті жазамыз және көреміз). О. ж .10.Әріптің қандай түрлері бар? (Баспа, жазба және бас әріп, кіші әрпі). Орт. 40. Дыбыс дегеніміз не? ( Дыбысты біз естиміз және айтамыз). О. ж. 20. Дыбыстарды нешеге бөлеміз? (Екіге бөлеміз. Дауысты және дауыссыз дыбыс). С. ж. 20. Дауысты дыбыстарды қалай айтамыз? ( Кедергісіз , созып). Орт. 50. Дауыссыз дыбыстарды қалай айтамыз? (Кедергіге ұшырайды , созбай). С. ж. 30. Сөйлем неден тұрады? (Сөйлем сөзден тұрады. Сөйлем бас әріптен бастап жазылады). О. ж. 30. Е дыбысы қандай дыбыс болды? ( Е дыбысы жуан дауысты дыбыс). Орт. 60. Ё дыбысы қандай екі дыбыстың қосылуынан жасалады? ( Й + О = Ё дыбыстарының қосылуынан жасалады, Ё ё - қосарлы дауысты дыбыс). IV.Жаңа сабақ. - Балалар, біз бүгін «Ё» дыбысының екінші сабағын өтеміз. Сабағымызды бастамас бұрын өткенді қайталап алайық. - Айтылуында й + о болып естілгенмен жазылуында Ё ё болып жазылады.
дауысты дыбыс
Ё орыс тілінен енген дыбыс
й + о дыбыстарының қосылуынан жасалады
Бүгін біз, сынып болып, «Мақта қыз бен мысық» ертегісі бойынша саяхат жасаймыз. Яғни, өткен ертегіні есімізге түсіре отырып, мысыққа көмектесу үшін, түрлі тапсырмалар орындайтын боламыз. Мақтақыздың тапсырмасы. «Нысана» ойыны. Ойын ережесі: Мұнда доптар тұр. Мына жерде нысана бар. Мысыққа көмектесу үшін, доп артында сөздер жасырылған, сол сөздерді оқып, буынға бөліп, дыбыстық талдау жасау керек. Кім дұрыс жауап берсе, сол оқушы допты нысанаға дәл тигізген мерген болып саналады және мысыққа көмектескені. Мысыққа көмектесу үшін берілген сөздер. Емен , шахтер, ине, терезе, балық, жол, көл, монтер. - Балалар , бұл сөздерде қандай дыбыстар бір - біріне ұқсас? - Ё және Е дыбыстары. - Е дыбысыа ұқсас төбесінде екі добы бар, яғни ол ё дыбысы екен. Ё - дыбысы да Е дыбысы да дауысты дыбыс екенін білеміз. Бірақ Е дыбысы жіңішке дауысты дыбыс. Ал ё дыбысы жуан дауысты дыбыс. Айтылуына қарай Е дыбысы езулік, Ё дыбысы еріндік болып келеді. (Оқушылар ертегіні жалғастырып отырады). Сиырдың тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс.
Монтер белгілі бір мамандық түрі. Оны кез - келген адам істей алмайды. Оның да оқуы бар. Жарықты монтерлар жөндейді. Оқулықтың 125-бетіндегі мәтін «Монтёр» мәтіні оқылады. Ағаштың тапсырмасы: Мысыққа көмектесу үшін, ағаш сендерге сұраққа жауап берулеріңді сұрайды. - Монтёрдің жұмысы қандай екен? - Монтёр болу үшін қандай болу керек? Судан келе жатқанқыздың тапсырмасы: Өлеңді хормен айтып көріңдер,- дейді.Шаршағандарыңды басып, дем алып алыңдар, маған сағыз әкеп бер, - дейді.V.Сергіту сәті. Аспанға қарап , ай көрдім, Төменге қарап, жер көрдім. Оңға , солға бұрылып, Егеменді ел көрдім. - Енді , біз дүкеншінің тапсырмасын орындауымыз керек. Дүкеншінің тапсырмасы: Жазу дәптеріндегі Ё ё жазуды әдемі, көркем етіп жазыңдар,- депті. Тауықтың тапсырмасы: Оқулықтың 125 - бетіндегі буындардан сөз құрастыру.
Те ле фон , шах та , шах тёр , тёр мон
VI.Сабақты қорытындылау. Мысыққа тышқаннан тары алып беруге көмектесейік. Оқушыларға үлестірмелі сөздер мен әріптер таратылып беріледі. Оқушылар сол сөздерді буынға бөліп, талдау жасайды. Мысыққа жақсы көмектесе білдіңдер. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру.
Венн диаграммасын пайдалану
Е е Ё ё
Жіңішке Әріп Жуан
Дауысты дауысты Дауысты
Езулік дыбыстар Еріндік
қосарлы
- Қандай мамандық иелерімен таныстық? ( Өздірінің кім болғысы келетіні сұралады).
Мамандық иелері
Шахтёр Монтёр Шофёр
Шахтёр - шахтада көмір қазып жұмыс істейтін адам. Шахта - көмір шығатын кен орны. Монтёр - жарықты жөндейтін мамандық иесі. - Ё дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында , ортасында) Сонымен , балалар, біз мысыққа көмектесу үшін, кімдердің тапсырмаларын орындадық? Ертегіні аяғынан басына қарай айтқызу. VII.Үйге тапсырма: 125 - бет. Мәтінді оқу, Өлеңді жаттап келу. VIII.Оқушылар білімі мадақталады. Сыйлықтар беріледі.