Просмотр содержимого документа
«Имандылық-инабаттылық»
Ямышев жалпы орта білім беретін мектеп
ТАҚЫРЫБЫ:
«Имандылық инабаттылық»
Күні: 06.10.16
Сынып: 1 А
Жетекшісі: Мусай Досжан
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Имандылық инабаттылық»
Мақсаты: Оқушыларды имандылыққа,әдептілікке тәрбиелеу,үлкенді сыйлау,кішіге өнеге көрсету,ата-ананы қадірлеу,шарихат жолында дұрыс істерді таңдап,дұрыс жолмен жүруге баулу.Балалардың дін туралы түсініктерін кеңейту,білімдерін,ойларын арттыру. Таза жүру,өзгеге қиянат жасамау,үлкендерге жәрдем етіп, қолғанат болуға,имандылық жолындағы жақсы істерге талпынуға үйрету.
Көрнекілігі:сызбалар,қанатты сөздер.
Имандылық арабшадан аударғанда сенімділік деген ұғымды білдіреді. Олай болса «Иман» деген ұғым адам баласының жан азығының негізі.
Жан көңілі дархан ешкімнен ешнәрсені қызғанбайтын,жұрттың бәрін өзіндей көретін жақсы адамның ниетімен пейілі кең болады екен.Ол үшін біз өзімізді де, өзгені де жақсылыққа тәрбиелеуіміз керек.
Иманды адам басқаға жамандық жасамайды.
Иманды пенде шыққан тегін біледі.Ол өзінің ұстазын да,ата-анасын да, жүрген ортасын да сыйлайды.Өзі де сыйлы болады.Ондай пенде екіжүзді болмайды,жалған сөйлеу,жалған айту екіжүзділіктің нәтиежиесі болады. Осы айтылғандарды меңгерген бала ұлық болады,бірақ кішік ,мансапқор болмайды. Имансыз- деген дінсіз.Дінсіз деген өзіне-өзі сенбеген адамнан еш опа болмайды. Одан ұры да, қанішер де, жауыз адамға , қоғамға пайдасыз ұрпақ шығады..
Бұл айтылғандардың барлығы біз үшін.
ТЫЙЫМ сөздер
1)Ұмытып кетпе
Есікті теппе.
2)Шарсасаң сәл аялда,
Бірақ та жер таянба.
3)Тарту төрт келместігі тақымына:
Мылтық,пышақ сыйлама жақыныңа.
4)Кеңеске салақ қарама :
Кір жайма түнде далаға.
5)Деме бәрін айтқызбай білем мен:
Төрге қарап отырма жүреңнен.
6)Ұлттық салттан бұлжыма
Жұма күні кір жума.
7)Түнде шық далаға,
Аспанға қара да.
Қызықта бірақ та,
Жұлдызды санама.
8)Ізет танытып,әдепті сақта да,
Жатқан кісінің үстінен аттама.
9)Көргенді жас, пәк бала!
Дастарханнан аттама!
10) Құр бекерден ермекке,
Бос бесікті тербетпе!
12) Құдайға сыйын жас бала!
«Құранды» жерге тастама!
13) «Өзім қумын»-деме:
Кісі ақысын жеме!
Имандылықты қайдан үйренеміз.
Мектептен Ата-анадан Ортадан
Оқушы Бала Мұсылман
-Мұсыылман деп кімдерді айтамыз
1)Ислам дінін тұтынатын адамдарды мұсылман деп атайды.
2)Мұсылман дінінің негізін салған Мұхаммед.Ұлты-араб.Меккеде туған. Мұхаммед ойдан шығарылған емес тарихи тұлға.Оны тарихта Мұхаммед пайғамбар деп атайды.
3)Мүсылман дінінің қасиетті кітабы:-құран.Құранның сөзі құдайдың сөзі.Құдай жалғыз.Ол көзге көрінбейді,бірақ жердегі адам атаулының іс-қимылын,тіпті ойлаған ойына дейін біліп отырады.
4)Мұсылман дініндегілердің негізгі күні –жұма.
5)Мұсылмандардың қасиетті үйі-мешіт.Мешіт-өтірік айтылмайтын,ақиқат пен шындық жолын ең таза,пәк дін.
6)Мұсылман діні бойынша жағдайы,мүмкіндігі бар әр адам мезгіл-мезгіл садақа беруге тиіс.
Мұсылманның негізгі бес парызы
Ораза ұстау садақа беру Құдай бірлігі Мұхаммед Пайғамбар
Қасиетін мойындау
Намаз оқу
Қажылыққа бару
Сөз жұмбақ жасыру
-Балалар ендеше мұсылманның бес парызының бірі ораза ұстау жайында не білетінімізді ортаға салайық.