kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Адамгершілік ж?не имандылы?"

Нажмите, чтобы узнать подробности

                    ?зін ?ана ойла?ан-

         Жаманды?ты? белгісі.

         ?згені де ойла?ан-

         Адамды?ты? белгісі,-

деген ?ла?атты жолдарды? тере? т?сінігі бар. ?йткені адам баласына адамды?ты? белгісі адамгершіліктен ?алыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не? М?ны? жауабы, ?рине, адам бойында?ы асыл ?асиеттерді айтамыз. Демек, асыл ?асиетіміз-е?бек с?йгіштік, досты?, ?дептілік, к?мек беру, досты?, жа?сылы?, ар-?ят, ?ызмет ету, имандылы?, инабаттылы?, елін, жерін с?ю, кішіпейілділік. Я?ни, адам бойында осы ?асиеттер жо?ары т?рса, ол адамны? адамгершілігі жо?ары болма?. Сонды?тан, біз осы ?асиеттерді кішкентай кезімізден бойымыз?а сі?іруіміз ?ажет. Ал, керісінше с?зі д?рекі, мінезі шайпау, менмен ма?танша?, жаман мінезден аула? болуымыз керек.

«Адамны? адамшылды?ы - а?ыл, ?ылым, жа?сы ата-ана, жа?сы ??рбы, жа?сы ?стаздан болады», дейді ?лы данышпан Абай атамыз. Б?гінгі т?рбиелік шараны? негізгі ма?саты – ?лтты? сана сезімі оян?ан, рухани ойлау д?режесі биік, м?дениетті, парасатты, е?бек?ор, бойында ізгі ?асиеттер ?алыптас?ан, д?ниетанымы мол жеке т?л?аны ?алыптастыру болып табылады. Сол ма?сатта ??рметті студенттер б?гінгі ой б?лісу шарасын ?ткізіп отырмыз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Адамгершілік ж?не имандылы?"»

«Адамгершілік және имандылық»


Мақсаты: Жастардың бойында кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, -адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыру, діни ұғым туралы түсініктерді түсіндіре отырып мәнін, мазмұнын меңгерту. Теріс бағыттағы діни түсініктерін өз бетімен күресе білуге дағдыландыру.


Тәрбиеші: Өзін ғана ойлаған-

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған-

Адамдықтың белгісі,-

деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады.

Ал, адамгершілік дегеніміз не? Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз-еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді кішкентай кезімізден бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, жаман мінезден аулақ болуымыз керек.

«Адамның адамшылдығы - ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады», дейді ұлы данышпан Абай атамыз. Бүгінгі тәрбиелік шараның негізгі мақсаты – ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, бойында ізгі қасиеттер қалыптасқан, дүниетанымы мол жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Сол мақсатта құрметті студенттер бүгінгі ой бөлісу шарасын өткізіп отырмыз.

Тәрбиеші: Бүгінгі таңда дін тақырыбы өзекті мәселе болып отыр, діни сауаттылық, діни мәдениеттілік әрбір адамның бойында болуы қажетті. Діннің адамзат тарихында алатын орны ерекше. Өз тарихында діни санасы болмаған халық жоқ. Сонымен бірге дінге деген көзқарастар да әр дәуірде әр түрлі болып келген. Сондықтан «дін» дегеннің не екенін танып, білу әрбір саналы адамға мәдени қажеттілік. Егемен Қазақстан мемлекеті азаматтары үшін бұл қажеттіліктің өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Ислам және православие діндеріне сенетін халық 90 пайызды құрағанымен, қазіргі заманда елімізге өзге діндер ықпалы айтарлықтай.

Ғылым дінді табиғи инстинкт, өмір үшін күрестің құралы деп санайды және «діндарлық генінің» болуы ықтимал деген болжам жасайды. Осы мәселелерді зерттеуден діннің биологиялық анықтамасы шығады. Қандай дінді алмасақ та оның негізінде адамның сезім дүниесі жатыр. Мұны психология ғылымы зерттейді.

Діннің психологиясы – дін адамның ішкі жан дүниесіне әсер етуін зерттейтін ғылыми зерттеулер аймағы.

Діннің психологиясының пәні ретінде психикалық факт сияқты діншілдік болып табылады, сонның ішінде сана мәнімен ішкі уайымын сипаттайтындай адамның діни қылығы.

Психологтар үшін үлкен мәселе бұл дін мен діншіліктің генезисі (белгілі бір нәрсенің алғаш шығуы, жасалуы, даму процесі) болып табылады.

Діншілдік – адамның қалауындағы мәселе болғандықтан, рухани құндылықтарды таңдау дифференциалды түрде жүреді. Кей адамдарда – жетерліктей терең, сол үшін көптеген психика құрамаларымен байланысты, ал басқаларында – үстірті ғана. Осыған байланысты нақты діни тұлғалық қалыптасады. Осы діни тұлғалақ дамуын қарастыру үшін, оның бірінші дамуының сатыларын анықтау керек.

Тұлғалық оқшаулану, шеттетілудің уайымдар шегіне жетушілік соңғы кезде психологияда діншілдіктің бұлағы ретінде қарастырылады.

Адамның шеттетілгендігінің фактісі ретінде 3 негізгі типтер әсерін бөліп көрсетуге болады. Әрбір позиция діни және діни еместе болуы мүмкін.


  1. Мойындамау – бұл ғылымды әр түрлі дұрыс емес қылықтардан босататын әдіс ретінде санайтын адамдарда кездеседі.

  2. Жайсыз жағдайдан қашу – жекелік тұлғалық бөлетігінің шындығынан қашу экзистенциялды қорқынышқа әкеледі, яғни өзін ұстай алмау сезімі, өлім және тағдырдың алдындағы қорқыныш.

  3. Акцепция (ұсынысты қолдау ризалығы) – адамдық табиғаттан алшақтықты мойындау, бұл оңай процесс емес.


Діншіліктің пайда болуының көп таралған фактісі ретінде адами әлсіздік, қорқыту сезімдері оның дамуына әкеледі деген сендірулерді алады. Қорқыныштың 3 типі бар және оларда діншілдік өзіндік әртүрлі көрініс табады. Бұлар: жекелік интеграцияның болмауынан пайда болатын жеке алаңдаушылық; Жүйкелік және моральдық қорқыныш және экзистенционалды алаңдаушылық.


Көрсетілген сұрақтар бойынша ойларыңызды жинақтап айтуға дайындалып отырыңыздар. Қазір сіздерге тапсырмалар парағы үлестіріледі, парақтағы сұрақтар бойынша пікір айтушылар өздерінің ойын ашық, еркін білдіресіздер.

Тапсырма № 1.Діннің шығу тегі туралы өз ойларыңызды жазыңдар.


Тапсырма № 2. Көптеген ұлы ойшыл, ғалым, дінлер адамдар болған. Олар: Аристотель, Аль-Фараби, Ф. Бэкон, Г. Лейбниц, Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Л. Толстой, А. Эйнштейн, И. Павлов т.б. Олардың дінде адамдар болуын қалай түсіндіресіңдер?


Тапсырма № 3. Дін-күрделі әлеуметтік құбылыс. Дінді қалыптастырушы негізгі элементтерді көрсетіңдер.









Тапсырма № 4. Тарихтан мысалдар келтіріңіз, дін-қашан, -


А. Адамдарды біріктірді



Б. Адамдар арасын ажыратты



В. Тарихи жағдайларға шешулі рөл атқарды


Г. Нәтиже




Тапсырма № 5. Төмендегі терминдердің мағынасын анықтаңдар.

Құдай –

Дін –

Атеизс –

Конфессия –

Теология –

Дінтану –

Шіркеу –

Секта –

Фетишизм –

Тотемизм –

Анимизм –

Монотеизм –

Политезм –

Культ –

Магия –

Мистика –

Шамандық –


Тапсырма № 6. Дін мен магияның айырмашылықтарын табыңдар.


Дін

Магия

1



2



3



Тапсырма № 7. Мұсылман мейрамдары қандай, олар қалай аталып өтіледі?


Тапсырма № 8. Дәстүрлі емес діни ағымдарға сипаттама беріңдер.


Тапсырма № 9. Қазақстанда қандай діни ағымдар бар? Кестені толтырыңдар:

Діни ағымдар

Пайда болған уақыты







Тапсырма № 10. Қазақстандағы мемлекет пен діннің арақатынасы қандай?


Тапсырмаларды орындап болсаңыздар, парақтарды жинап беріңіздер. Енді өздеріңіздің ойларыңызды ауызша айтып өтсеңіздер.


1 сұрақ. Дінді жалпы қалай түсінесіз?

Таңшолпан: Менің ойымша дін – ол әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Адамның қандай діни сенімге енуі, оның жеке басының ісі. Бұл жөнінде президент Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» деген қазақстан халқының жолдауында: «Әртүрлі этникалық және діни топтардың біреуіне мүмкіндік беріп, екіншісіне еркіндік бермеген елдің болашағы жоқ»- деген болатын.

Мирамбек: Дін дегеніміз-адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты-адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі. Ол әлемді байланыстыратын күш. Ислам тұжырымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналадаы.

2 сұрақ. Экстремизм дегеніміз не?

Аслан: Экстремизм – оның қазақ тілінде мағынасын түсіндіретін болсам, ол ең соңғы, ақырғы, төтенше деген мағынаны білдіреді. Экстремизмнің көптеген түрлері бар. Соның ішінде бүгінгі таңда кең атарған түрі терроризм.

Таңнұр: Экстремизм ол-жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасайтын адамдарды айтады. Мысалы, яғни, тек менің ғана пікірім болу керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Олар өздерін ең таза, кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қан төгістер орын алуда.



3 сұрақ. Дәстүрлі дін дегеніміз не?

4 сұрақ. Вахаббизм деген ен?

5 сұрақ. Араларыңда осы тақырып төңірегінде түрлі жағдайларға кездескендеріңіз болды ма?

6 сұрақ. Дін адамдарды адамгершілікке шақырады ма?


Енді дін туралы видео ролик тамашалаңыздар.

Видео роликті талдау.


Тәрбиеші: Қорыта айтқанда, дін-әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Қазір Қазақстанда 49 конфессия, деноминация мен түрлі христиандық миссиялар жұмыс жасайды. Осындай жағдайда азаматтардың кез-келген бостандық тәрізді ар-ождан бостандығын да дұрыс пайдалана білу керек. Бүгінгі күні егеменді Қазақстанда қандай дінге болмасын қатал тыйым салу нәтижесіз екендігін өткен тарихымыздан білеміз. Тек ол діндердің мемлекеттің дамуына, ұлттық мәдениетке кедергі келтірмеуін қадағаланған тиімдірек.

Халқымыздың асыл мұралары мен сарқылмас салт-дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілмесе ұлт болып сақталып қалар ма едік.

Олай болса біздің жүргізетін жұмысымыз ел ертеңіне талпынған жасқа білім ғана емес, адам болып, мына өмірден өз кетігін тауып, қалануына жол ашады және жастардың рухани ізгілік тәрбиесін қалыптастырады.















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Мероприятия

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Адамгершілік ж?не имандылы?"

Автор: Бисариева Айтолкын Амангельдиевна

Дата: 28.03.2016

Номер свидетельства: 311129


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства