Просмотр содержимого документа
««Имандылық–инабаттылық мұраты!»»
Тақырыбы :«Имандылық–инабаттылық мұраты.»
Мақсаты:Оқушыларды салт-дәстүрді білуге, имандылыққа, бір-бірімен жақын қарым қатынасқа, адалдыққа, мейірімділікке, инабаттылыққа баулу.
Тәрбиелік шараға төрт сыныптан бес оқушыдан қатыстыру.
Оқушылар төрт топқа бөлінген
Бірінші сынып тапсырмасы:(сұраққа жауап беру)
1. Сен мұсылмансың ба? Әлхәмдулилләһ мұсылманмын.
2. Раббың кім? Раббың Аллаһ.
3. Дінің не? Дінім Ислам.
4. Біз кімге құлшылық етеміз? Бір Аллаға ғана.
5. Сені кім жаратты? Мені және барлық нәрсені Аллаһ жаратты.
6. Аллаһ адамды не үшін жаратты?
Өзіне ғана құлшылық етіп, жерде адал болып, өзін Алланың тыйым салған
нәрселерден сақтауы үшін жаратты.
7. Қасиетті кітабымыз қалай аталады?
Құран Кәрім деп аталады.
8. Ислам дінінің негіздері қанша ?
Ислам дінінің негіздері бесеу:
Алланың елшісі екенін мойындау.
Намаз оқу.
Зекет беру.
Рамазан айында ораза ұстау.
Шамасы келсе, қажылық міндетін өтеу.
2-сынып тапсырмасы:
Кіріспе.
(бейнесөзді шешу.)Шешуі: ИСЛАМ
ИСЛАМ-туралы түсінік беру.
3-сынып тапсырмасы.
Мәнерлеп оқу...
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас,»
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап еклді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
Әмәнту оқымаған кісі бар ма?
Уә күтубихи дегенмен ісі бар ма?
Аллаһ өзгермес, адамзат күнде өзгерер,
Жарлық берді ол сіздерге сөзді ұғарға.
«Бес парыз»
Шын жүректен кәлимәні сөйле де,
Мұсылман бол, нәпсіңе ерме кел сен де.
Құтылудың жолы осы пендеге,
Бақыттың да кілті ғой бұл білгенге.
Намаз оқы, діннің ол бір тірегі,
Құлшылық қыл, Аллаһтың мол берері.
Намаз оқы, жаман істен тыяды,
Ықыласпен қылсаң, болды Аллаһ разы.
« Сырлы әлем »
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас»,
Екенін дәлелдеді Абай біраз.
Сен де оқып жүрекке құй, пайғамбардан
Боп қалған Құран, Хадис бізге мирас.
Ішінде бүкіл әлем сыры жатыр,
Жансыз жұмыртқада балапан тірі жатыр.
Ақымақ Дарвин өзі атеист пе,
Адамды маймылыңа бұрып жатыр.
Болса егер мүмкіндігің Меккеге бар,
Өтейтұғын мойныңдағы қажылық бар.
Тауап етіп, Арафатқа шығып, Зәмзәм ішіп,
Ихрам киіп, Махшарды да бір есіңе ал.
Бес парыздың орындалу шарттары бар,
Мүкәлләфтық орындайтын міндетің бар.
Серік қоспай табынсаң бір Аллаһқа,
Аллаһтың жәннәттағы сыйлығы бар.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және де Хақ жолы деп әділетті.
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен, тахқиқ біл.
Ойлан дағы үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына малың түгіл.
4-сынып тапсырмасы.
1 .180*4 – 690= Х
2 .760:2:380= А
3 . 9279:1031-2= Д
4 .480:6-68= И
5 .(36+64)-76= С.
№2 бастауыш мектебінің 1«А»сыныбына 2015-2016 оқу жылында қабылданған оқушыларға
Мінездеме
1 «а»сыныбына жыл басында 20 оқушы қабылданды. 1-ші тоқсанда 2 оқушының ата-анасы қалаға көшіп, Атырау мектептеріне ауысты.
Қалған 18 оқушының 12-сі ұл, 6-уы қыз бала. Оқуында олқылығы бар, ата-ана тарапынан түрлі себептермен қадағалаусыз оқушылар бар. Олар Қажыбай Әмина, Алтаев Нұртілек. Жалпы оқуында олқылығы бар оқушыларды тақтаға шығарып орындатып, жиі оқытып, жиі диктант жаздырып, озат оқушы қасына отырғызып, көмегі арқылы ілестіру жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек сабақты сайыс және ойын түрінде, соңы түрлі шағын сыйлықтар беру арқылы оқуында олқылығы бар оқушылар ынтасын арттыруға күш салам. Сабаққа күнде дайын, калиграфиясы өте жақсы, сабақты түсіндіру кезінде зор ынтамен тыңдап, өз бетімен жақсы жұмыс жүргізетін белсенді оқушыларды жиі үлгілеу арқылы да сынып оқушыларының білімге құштарлықтарын арттыруға тырысам.
Ата –аналарына жиі телефон соғу, ватсапқа жазу, жиналыстар мен тәрбиелік шаралар, ертеңгілік соңында оқушы білімін үйден қадағалап, көтеру жұмыстарының қысқаша жоспарын ұсынам.
Тамақ пісіріп, ыдыс, кір жуып жүріп, өздері істеп жатқан жұмыстарына бір-екі сөйлемнен диктант жаздыру, үйдегі түрлі зат атауына сөздік диктант жаздыру.
Мысал есептер жазып беріп, өз бетінше есептеу, сандар құрамын жаттату.
Жүргізіп оқытуды минутқа тексеріп, досымен сайыстыру, түсінгенін әдемі айтуды қалыптастыру.
Сабақ дайындағанда, үй шаруасына көмектескенде әр істі толық аяқтап орындауын қадағалау арқылы да білім мен тәрбиені терең меңгертуді ойластырам. «Білім мен тәрбие егіз»-демекші сынып оқушылырының тәртібіне де түрлі жұмыстар жүргізем. 5.Қайырымдылық, адал достық, қамқорлық, алға қойған мақсатқа жету үшін еңбектенген негізгі оқиғаларды әдемі әңгімелеу немесе кітаптан оқыған мәтіндегі негізгі ойды анықтату, теледидар, ватсапта немесе өзара болған түрлі оқиғаларды талдату арқылы да ақылды, тапқыр, әдепті, батыл, көңілді, жанашыр, мейірімді,қолғанат болуға тәрбиелеймін. Жалпы сынып оқушыларының құрамы өте жақсы.
Сабақтың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»
Сабақтың мақсаты: Елін сүю, патриоттық сезімдерін қалыптастыру демалыста өздері жасаған жақсы іс-әрекеттері мен үлгілі істерін әңгімелей алуға пән бойынша білімдерін байқау. Өзіндік жұмыстар жүргізу.
Міндеттері: Елге құрметті, батырлық, ерлік, даналық,ұлтжандылық әрекеттерімен ел аузындағы аға-апаларды тану. Есептер түрін өз бетінше орындау, әдемі әңгімелеу, жазу түрлі талдаулар жүргізуін еске түсіру.
1.Ертедегі, бертін келе және қазіргі заман батырлары, кемеңгерлері, ойшылдары жалпы қазақтың туын биік көтеруге ат салысқан аталар, апалар, ерлік үлгілерімен танысу.
Қазақстанның тәуелсіз Республика басын құрылу жолы өте қиын болды.
Қазақ хандығы 15 ғасырда құрылып, 17-18 ғасырларда Абылайханның даналығы арқасында үш жүз бас қосып, әрі орыстар қол астына бірігіп ел мен жерді сақтап аман қалдық. Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай,Жәнібек үш би, т.б кіші жүз ханы, Әбілхайыр. Беріректе,Кененсары, Исатай Махамбет
1941-1945 жылдары Бауыржан, Мәншүк, Әлия, Төлеген т.б. 1986 желтоқсан батырлары Лаззат, Қайрат, Сабира, Щоқан, Қаныш, Мұхтар, Ахмет, Ыбырай, Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт, Міржақып, т.б. Мақаттық Айман Жұмашеваның Мақат станциясында болған өртен поселке тұрғындарын аман алып,өз жанын қиған батырлығын ерлігін дәріптей айта, өз жұмыстарына лайық жасаған жақсы істерін үлгілей әңгімелету. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының батырларын атата тоқталу. Балаларға өздерінің жасына лайық жасаған патриотпын деп айта алатын әрекеттерін сұрақ қоя айттыру(үлкенге силастық, құстарға қамқорлық, досқа көмек т.б). Сонымен біздің әрқайсымыз өз еліміздің патриотымыз, өз елімді сүйемін және Қазақстан мәңгілік ел екеніне сенеміз.
Математика, 1 сыныпта өткенді қайталау бірінші екінші ондықтар, толық ондықтар, тура және кері сандар қатарын қайталату. Алдынғы және кейінгі сандарды табу. Сандар қатарындағы О санының орны. Кестелік қосу 10 көлемінде азайтудың сәйкес жағдайлары кім шапшаң? Сандар құрамын атату. Амалдар, амалдар байланысы, қосудың ауыстырымдылық қасиеті.