kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Имандылық жүрекке ұяласа.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: «Имандылық жүрекке ұяласа»

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру.Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні, имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа, рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, плакаттар,суреттер.

Мұғалім сөзі:

Құрметті Ұстаздар, оқушылар және ата- аналар! Рахымды АЛЛАНЫҢ атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.

Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек.

Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады.

Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.

Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым.Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, философия және ғылыми ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.

Ислам – «Ислам» сөзі «бейбітшілік», Алланың заңдарына «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіреді. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған Мұхаммед Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні. Ислам дінінің негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні.

Ислам 3 негізден тұрады

ИСЛАМ ИМАН

Исламның 5 тұғыры Иманның 6 шарты

1. Алла Тағала мен 1. Аллаға иман Пайғамбар Мұхаммадке (с.ғ.с.) 2. Періштелерге иман

иман келтіру 3. Пайғамбарларға иман

2. Намаз оқу 4. Кітаптарға иман

3. Ораза ұстау 5. Ахиретке иман

4. Зекет беру 6. Тағдырға иман

5. Қажылыққа бару

Ихсан

Алланы көріп тұрғандай

құлшылық етуің: сен Оны

көрмесең де, Ол сені көреді


 

І- жүргізуші:

Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.

Иманды адам – арлы адам,

Имансыз адам- сорлы адам.

ІІ- жүргізуші

Үстіңнің кірін – сабын кетіреді,

Жаныңның кірін – иман кетіреді.

«Имандылық қастерлі қасиет»

«Имандылық – инабаттылық айнасы»

«Имандылық – ізгілік негізі»

«Ақ тілек» әні орындайтын Бекбашева Әсем


 

І - Жүргізуші: Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады.

1.Алланың жазуына шүкіршілік;

2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;

3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;

4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық.

ІІ -Жүргізуші: Біздің мойындайтын дініміз-Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы мойынсыну, бағыну,амандықгы бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз сөзбен айтқанда түтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам-бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал жолмен күн көруді қүлшылық деп санайды, яғни имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің негізгі бес парызы бар. Олар:

1. Иман.

2. Намаз.

3. Ораза.

4. Зекет.

5. Қажылық.

І - Жүргізуші: 1. «Иман» дегеніміз не?

Иман сөзі араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен алынған. Сөздік мағынасы бір нәрсеге сену деген сөз.Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы- Хазіретті пайғамбарға Алла Тағаладан жеткен нақгы үкімдерді растап,ешбір күмәнсіз қабыл ету.Әрі бұларға шын коңілмен сену болып табылады.Адам дене мен жанның бірлесуінен пайда болған тіршілік иесі.Денеміз қалай ішіп - жеуді талап етсе,жанымыз да азықты яғни, ғибадатты қүлшылық етуді керек етеді.Имансыз қылық жасағандар кінәлі болып, ерте ме кеш пе жазасын тартады. Иманды адамдар қайырымды,мейірімді болып, өздеріне нәсіп еткен намаз,ораза,зекет,қажылық сияқты парыздарын орындауға ниет етеді.

Оқушы:

Күн келеді көмектеспес жиғанын,

Ара түсер терген иманың.

Парыздарды жас кезінен өте де,

Сауапты істен өз - өзіңді тыймағын!

Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.

Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да.

Міндеттерін орындаған мүміндер

Аллаға әркез жағар, болар ұнамда.

Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.

Амал жасап, шын ниетпен, жүрекпен.

Дін туралы айтар болсақ, осы орай,

Ислам діні құралған бес тіректен.

Иманды-баға жетпес нұрға бала,

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге берген Раббым,

Дінді берер тек сұйген құлға ғана.

ІІ -Жүргізуші: 2. «Намаз» дегеніміз не?

Намаз мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне жатады.Намаз күн сайын бес мезгіл оқылады.Бес уақыт намаз: Таң намазы,Бесін намазы,Екінті намазы,Ақшам намазы,Қүптан намазы деп аталады.Намаз оқу үшін таза жүру,әр намаздың алдында арнайы жуынып-шайыну (дәрет)міндеттеледі.Намазда Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаға жүзді қарату шарт болып есептеледі,сондай ақ намаз оқылатын жер таза болуы керек.

Оқушы:

Ендеше дін тірегі -намаз дейді,

Намаз бен Пенде Алладан пана іздейді.

Қүлшыньш,құлшылығын артгырғандар,

Құраннан ешқашанда ара үзбейді

Ислам діні болғандықтан таза дін.

Шаршамастан, насихаттап жазамын.

Қияметте ең бірінші сұралар,

Жүрек нұры, рухы азығы - намазың.

Намазсыз жан екі өмірде қиналады,

Намазбенен жанға азық жиналады.

«Көздің нұры»,- деген Расул Мұхаммед,

Өйткені бұл - шүкірі көп ғибадат

І -Жүргізуші: З.«Ораза»дегеніміз? Бүл арнайы ниет етіп, таңның атысынан кештің батуына дейінгі уақыт аралығында тамақ ішуден бас тарту және басқа да шариғатта көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді.Мүсылмандардың сенімінде ораза адамды сабырлыққа төзімділікке үйретеді.Мүсылмандар оразаны жылына бір рет рамазан айында толық бір ай ораза ұетайды.Ораза ұстаудың денсаулыққа да пайдасы зор.Ораза айында дау-дамайдан,ұрыс-керістен,қиянаттан,зорлықтан,ұрлық-қарлықтан аулақ болған жөн.

Оқушы:

Отыз күнге ішіп - жеуден тыйылған.

Бір Аллаға серік қоспай, сыйынған,

Бар үшінші тірегің, ол - ораза.

Оны ұстасаң, қорықпайсың қиыннан.

Байланысы адам менен Алланың,

Дейді Алла: «Тек мен үшін арнадың».

Өзі берер, сауабын да өзі өлшеп

Нәпсің басып, сауаптан құр қалмағын

ІІ - Жүргізуші: 4.3екет.

Зекет -араб тілінде кобею,өсу,тазалық деген мағыналарды білдіреді.Ол мұсылмандардағы тек дәулетті,бай кісілерден талап етілетін салықтың түріне жатады.Зекет жылына бір рет беріледі.Зекетті қаржылай,мүліктей,малдай беруге болады.Зекетті мұсылмандар байлардың кедейлерге қарасуы деп түсіндіреді.

Оқушы:

Зекеті жоқ өмірдегі байлығың,

Ақыретте азап пенен қайғы - мұң.

Қияметте сол байлығың жылан боп,

Оралатын мойыныңа жайды ұғын!

Алла алдында бір әкім де, бастық та,

Ұшыратпай өз - өзіңді қастыққа,

Зекетіңді беріп жүргін ұмытпай,

Болмас үшін, жоқшылық та, аштық та.

Парызды сонан соңғы-Зекет дейді,

Қолыңнан нелер келіп,не кетпейді?

Бергенің береке боп Ақіретте,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Имандылық жүрекке ұяласа.»

Тақырыбы: «Имандылық жүрекке ұяласа»

Мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, ізеттілік, имандылық секілді құндылықтарды бойына сіңіру. «Иман» сөзінің нақты мағынасын түсіндіру.Жалпы дін туралы ұғым түсініктерін кеңейтіп, ислам діні , имандылық туралы көзқарастарын дұрыс қалыптастыру. Имандылыққа , рухани тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер, плакаттар ,суреттер.

Мұғалім сөзі:

Құрметті Ұстаздар, оқушылар және ата- аналар! Рахымды АЛЛАНЫҢ атымен бастаймын. Атам қазақ қай кезде де бала тәрбиесіне жауаптылықпен қараған. Баланы тәрбиелеудегі мақсат – оны жан - жақты кемелдендіріп, қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп шығару. Осы орайда, Ислам дінінің кемел тәрбиеге қосар үлесі зор.Тәрбие - арабтың сөзі «көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны білдіреді. Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар.

Иманды адам - сабырлы,мейірімді, әдепті ,қамқоршы,төзімді,шыншыл, отансүйгіш,арлы болуы керек.

Мұсылмандық дүние таным бойынша имандылық иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Имандылық – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да назардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты “көргенді” деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды “иманды” деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша, имандылық иманнан пайда болады. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): “Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім”, – деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: “Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар” (Мұхаммед пайғамбар), – деп уағыздалады. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады.

Имандылыққа қарама - қарсы сипат имансыздық.

Дін дегеніміз сенім-нанымның ұйымдасқан түрдегі жүйесі әрі рухани дәстүр, Сонымен қатар ол жаратушы жайында қалыптасқан жоғары деңгейдегі киелі ұғым.Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы, философия және ғылыми ерекше өзіндік бір тұрпаты; адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Діннің басты белгісі — адамның ақыл-ойы, сезім мүшелері қабылдай алмайтын болмыс түріне сену және оны мойындау.

Ислам – «Ислам» сөзі «бейбітшілік», Алланың заңдарына «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. өмірдегі ең ұсақ құбылыс бөлшегін түсіндіретін жетілген қоғамдық құрылым жүйесі. Ислам – қайрымдылық пен зұлымдықтың не екенін нақты түсіндіреді. Дүние жүзін дүр сілкіндіріп желдей есіп тез тараған Мұхаммед Пайғамбарымыз негізгі қалаған Ислам діні. Ислам дінінің негіздерін үйрену, оқу, меңгеру, өйткені адамзатқа жаратушысын танытып шынайы бақытқа жеткізетін дін-Ислам діні.

Ислам 3 негізден тұрады

ИСЛАМ ИМАН

Исламның 5 тұғыры Иманның 6 шарты

1. Алла Тағала мен 1. Аллаға иман Пайғамбар Мұхаммадке (с.ғ.с.) 2. Періштелерге иман

иман келтіру 3. Пайғамбарларға иман

2. Намаз оқу 4. Кітаптарға иман

3. Ораза ұстау 5. Ахиретке иман

4. Зекет беру 6. Тағдырға иман

5. Қажылыққа бару

Ихсан

Алланы көріп тұрғандай

құлшылық етуің: сен Оны

көрмесең де, Ол сені көреді




І- жүргізуші:

Жиғаныңа сенбе-иманыңа сен.

Иманды адам – арлы адам,

Имансыз адам- сорлы адам.

ІІ- жүргізуші

Үстіңнің кірін – сабын кетіреді,

Жаныңның кірін – иман кетіреді.

«Имандылық қастерлі қасиет»

«Имандылық – инабаттылық айнасы»

«Имандылық – ізгілік негізі»

«Ақ тілек» әні орындайтын Бекбашева Әсем




І - Жүргізуші: Имандылықтың шынайы төріне төрт нәрсе арқылы жетуге болады.

1.Алланың жазуына шүкіршілік;

2. Алла тағалаға шын пейілмен сенушілік;

3. Барлық істе де Аллаға жүгінушілік;

4. Сана сезіміңе кереғар нәрсеге шыдамдылық.

ІІ -Жүргізуші: Біздің мойындайтын дініміз-Ислам діні. Ислам сөзінің мағынасы мойынсыну, бағыну,амандықгы бейбітшілікте болу, яғни бір ауыз сөзбен айтқанда түтастай бейбіт өмір салтын білдіреді. Ислам-бейбітшілікпен қамқорлық діні. Бүл дін ғылым мен білімді үйреніп адал жолмен күн көруді қүлшылық деп санайды, яғни имандылыққа тәрбиелейді. Ислам дінінің негізгі бес парызы бар. Олар:

1. Иман.

2. Намаз.

3. Ораза.

4. Зекет.

5. Қажылық.

І - Жүргізуші: 1. «Иман» дегеніміз не?

Иман сөзі араб тіліндегі «ә-мә-нә» етістігінен алынған. Сөздік мағынасы бір нәрсеге сену деген сөз.Иман сөзінің шариғаттағы мағынасы- Хазіретті пайғамбарға Алла Тағаладан жеткен нақгы үкімдерді растап,ешбір күмәнсіз қабыл ету.Әрі бұларға шын коңілмен сену болып табылады.Адам дене мен жанның бірлесуінен пайда болған тіршілік иесі.Денеміз қалай ішіп - жеуді талап етсе ,жанымыз да азықты яғни, ғибадатты қүлшылық етуді керек етеді.Имансыз қылық жасағандар кінәлі болып, ерте ме кеш пе жазасын тартады. Иманды адамдар қайырымды,мейірімді болып, өздеріне нәсіп еткен намаз,ораза,зекет,қажылық сияқты парыздарын орындауға ниет етеді.

Оқушы:

Күн келеді көмектеспес жиғанын,

Ара түсер терген иманың.

Парыздарды жас кезінен өте де,

Сауапты істен өз - өзіңді тыймағын!

Алла сөзі, ұмтыл Кәрім Құранға.

Оны оқысаң, келер сабыр, шыдам да.

Міндеттерін орындаған мүміндер

Аллаға әркез жағар, болар ұнамда.

Жақсы сөйлеп, ойлан әсем тілектен.

Амал жасап, шын ниетпен, жүрекпен.

Дін туралы айтар болсақ, осы орай,

Ислам діні құралған бес тіректен.

Иманды-баға жетпес нұрға бала,

Ақылды адам одан құр қала ма?

Дүниені әркімдерге берген Раббым,

Дінді берер тек сұйген құлға ғана.

ІІ -Жүргізуші: 2. «Намаз» дегеніміз не?

Намаз мұсылманның өмірінде күнделікті атқарылатын құлшылық түріне жатады.Намаз күн сайын бес мезгіл оқылады.Бес уақыт намаз: Таң намазы,Бесін намазы,Екінті намазы,Ақшам намазы,Қүптан намазы деп аталады.Намаз оқу үшін таза жүру,әр намаздың алдында арнайы жуынып-шайыну (дәрет)міндеттеледі.Намазда Мекке қаласындағы қасиетті Қағбаға жүзді қарату шарт болып есептеледі,сондай ақ намаз оқылатын жер таза болуы керек.

Оқушы:

Ендеше дін тірегі -намаз дейді,

Намаз бен Пенде Алладан пана іздейді.

Қүлшыньш,құлшылығын артгырғандар,

Құраннан ешқашанда ара үзбейді

Ислам діні болғандықтан таза дін.

Шаршамастан, насихаттап жазамын.

Қияметте ең бірінші сұралар,

Жүрек нұры, рухы азығы - намазың.

Намазсыз жан екі өмірде қиналады,

Намазбенен жанға азық жиналады.

«Көздің нұры»,- деген Расул Мұхаммед,

Өйткені бұл - шүкірі көп ғибадат

І -Жүргізуші: З.«Ораза»дегеніміз? Бүл арнайы ниет етіп, таңның атысынан кештің батуына дейінгі уақыт аралығында тамақ ішуден бас тарту және басқа да шариғатта көрсетілген талаптарға сай артық істер жасамау дегенді білдіреді.Мүсылмандардың сенімінде ораза адамды сабырлыққа төзімділікке үйретеді.Мүсылмандар оразаны жылына бір рет рамазан айында толық бір ай ораза ұетайды.Ораза ұстаудың денсаулыққа да пайдасы зор.Ораза айында дау-дамайдан,ұрыс-керістен,қиянаттан,зорлықтан,ұрлық-қарлықтан аулақ болған жөн.

Оқушы:

Отыз күнге ішіп - жеуден тыйылған.

Бір Аллаға серік қоспай, сыйынған,

Бар үшінші тірегің, ол - ораза.

Оны ұстасаң, қорықпайсың қиыннан.

Байланысы адам менен Алланың,

Дейді Алла: «Тек мен үшін арнадың».

Өзі берер, сауабын да өзі өлшеп

Нәпсің басып, сауаптан құр қалмағын

ІІ - Жүргізуші: 4.3екет.

Зекет -араб тілінде кобею,өсу,тазалық деген мағыналарды білдіреді.Ол мұсылмандардағы тек дәулетті,бай кісілерден талап етілетін салықтың түріне жатады.Зекет жылына бір рет беріледі.Зекетті қаржылай,мүліктей,малдай беруге болады.Зекетті мұсылмандар байлардың кедейлерге қарасуы деп түсіндіреді.

Оқушы:

Зекеті жоқ өмірдегі байлығың,

Ақыретте азап пенен қайғы - мұң.

Қияметте сол байлығың жылан боп,

Оралатын мойыныңа жайды ұғын!

Алла алдында бір әкім де, бастық та,

Ұшыратпай өз - өзіңді қастыққа,

Зекетіңді беріп жүргін ұмытпай,

Болмас үшін, жоқшылық та, аштық та.

Парызды сонан соңғы-Зекет дейді,

Қолыңнан нелер келіп,не кетпейді?

Бергенің береке боп Ақіретте,




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 2 класс

Скачать
Имандылық жүрекке ұяласа.

Автор: Сатаева Бағдат Алексейқызы

Дата: 10.01.2017

Номер свидетельства: 377558

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(69) "Тақырыбы: «Имандылық- жүрекке ұяласа»"
    ["seo_title"] => string(35) "takyryby_imandylyk_zhurekke_uialasa"
    ["file_id"] => string(6) "492285"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1545580171"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства