2. Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеуді жаттығу, дағдыландыру тапсырмалары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Сабақтар барысында туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру; білімпаз болуға баулу.
Сабақтың барысы:
Етістіктің жіктелуі - оқушылардың түсінуіне қиындық келтіретін күрделі тақырыптардың бірі. Бұл тақырыпты саналы меңгерту үшін мынадай кестені пайдаланған тиімді:
Оқушылар кестеде берілген сөйлемдерді іштей оқып шығады.
Қарамен белгіленген қосымшалардың қай сөз табынан тұратын сөзге жалғанғанын анықтау.
Сөйлем мүшелеріне талдату (бастауышы мен баяндауышын тапқызу).
Оқушы жауаптары тыңдалғаннан кейін, мұғалім өзі толықтырады.
- етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп аталатындығы;
- жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыстыратындығы;
- баяндауыш қызметінде келетіндігі;
- жекеше, көпше түрде жіктелетіндігі;
- III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі.
Оқушыларға берік білім беру үшін, оқулықтағы жаттығуларға мынандай негізгі тапсырмаларды орындатқан тиімді:
- мәтіннен жіктік жалғаулы етістіктерді тауьш, олардың түбірі мен жалғауларын ажырату;
- етістіктерді жекеше, кепше түрде жіктеп жазу;
- көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөзге тиісті жіктік жалғауын жалғап жазу;
- сөйлем ішінен жіктік жалғаулы етістікті тауып, жіктік жалғауының қай жақта тұрғанын анықтау.
Осы тақырыптың бірінші сабағындағы 5-жаттығу бойынша төмендегідей сөйлемдер құрастырылады:
1. Мен інімнің сабағына көмектесемін. 2. Сен домбырамен күй тарттың. 3. Сіздер ауланы сыпырасыздар (тазалайсыздар). 4. Олар арықты тазалады. 5. Біз «Балдырған» журналындағы әңгімені оқыдық.