Просмотр содержимого документа
«"Етістік" қазақ тілінен сабақ жоспары»
Күні: 25.02.2017
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты: Етістік туралы түсініктерін пысықтай отырып, алған білімдерін жинақтайды, бекітеді. Заттың әр алуан іс - әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы екендігі жөнінде түсініктері кеңейеді.
Психологиялық дайындық Қазақ тілім,өз тілім,ана тілім, Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім. Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені, Болашағым,бақытым-дара тілім.
Оқушыларды топқа бөлу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен тақырыпқа байланысты сұрақ қою
1.Қандай сөз таптарын білеміз?
2.Қай сөз табын өттік?
3.Зат есім дегеніміз не?
4.Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
5.Жалқы есім дегеніміз не?
6.Жалпы есім дегеніміз не?
7.Зат есімнің қандай түрлерін өттік?
8.Жекеше түрі қандай сұраққа және көпше түрі қандай сұраққа жауап береді?
9.Зат есімнің көпше түрі қандай жалғаулар арқылы жасалады?
Үйге берілген 4 - жаттығуды тексеру.Тәуелдік жалғаулы сөздерді тиісті сөзбен тіркестіріп жазу.
олардың қолғабым
біздің ауласы
менің мұғалімдердің
сендердің мектебіміз
Жаңа сабақ
Балалар барлығымыз ұйымшылдықпен мына сөзжұмбақты шешсек бүгінгі тақырыбымыз шығады. Қане түгел сабаққа қатысып отырайық.
СӨЗЖҰМБАҚ
1.Мал өнімі
2.Жыл мезгілі.
3.Сүттен жасалатын тағам.
4.Уақыт бірлігі.
5.Әкенің әкесі.
6.Ауруды емдеуші.
7.Өз атын шақыратын құс.
Е
Т
к
ө
к
т
Е
м
і
р
і
М
ш
І
К
с
А
ғ
А
Т
а
т
а
д
ә
р
і
Г
е
Р
к
Ө
к
Е
К
1. Оқушылардың етістік жайлы алған білімдерін еске түсіріп, сөйлемдерге сұрақ қоя отырып етістікті таба білуге үйрету. 2. Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретіні туралы түсінік қалыптастыру. 3. Өз ойларын жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Бүгінгі сабағымыздың ұраны: Сөйлейміз, оқимыз, жазамыз, Бәрін білуге ұмтыламыз.
Оқушылар слайдта берілген суреттерге сөйлем құрастырып жазады.
Дәптерге күн реті, тақырып, көркем жазу жазылады. Оқулық материалдарымен жұмыс. 1 – топ.
1 - жаттығудағы өлең жатқа жазылады. Оқушылар орындайтын тапсырмалары: • өлеңнен етістіктерді тауып, астын сызу; • етістіктерге сұрақ қою; • дәрігер мамандығы туралы қысқаша әңгімелесу:
2 – топ.
3 - жаттығу бойынша көп нүктенің орнына тиісті етістіктерді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады. Етістіктердің астын сызып, оның қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсетеді. 1. Бағбан көктемде қураған бұтақтарды кеседі. 2. Ат жегілген арба келеді. 3. Асқардың туған күніне достары доп сыйлады. 4. Аспанды қою бұлт қаптады. 5. Ақын өлең жазды. 6. Әуежайдан әлемнің әр қаласына ұшақтар ұшады. 7. Құстар ағашты зиянкестерден қорғайды.
Сергіту сәті. Балалар билейді.
Топтық тапсырма
1- топ. Жұмбақтарды шешіп, етістіктерді табады.
2 – топ. Сұрақ белгісінің орнына тиісті етістіктерді қойып, оқиды.
«Кім шапшаң?» ойыны. Берілген етістікке қарама-қарсы сөздерді тауып жазады.
Кірді – шықты
Келді – кетті
Тұрды – отырды
Алды – берді
Күлді – жылады
Ауырды- сауықты
Сабақты қорытындылау: Ал балалар бүгін қандай сөз табын өттік? Етістік.
Олай болса етістікпен зат есімнің ортақ белгісін табамыз