Просмотр содержимого документа
«Етістік 1- 5 жаттығу»
Сыныбы: 3
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға етістік туралы түсінік беру, сауатты жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайтып,шығармашылығын
дамыту,сауатты,көркем жазуға төселдіру.
Тәрбиелігі: Жаңа технологияны басшылыққа ала отырып,білімдерін
тиянақтау, әдептілікке,мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, бақылау, әңгіме, көрнекілік, ой қозғау
Көрнекілігі: интеративті тақта бойынша жаңа тех-ы көрсету. Сөзжұмбақ,венн диаграмма,т.б.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасып, оларды түгендеу;
Сынып тазалығын тексеру;
Оқушылардың сабаққа әзірліктерін байқау;
Зейіндерін сабаққа шоғырландыру
Психологиялық ахуал
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Өткенді пысықтау.
- Кәне, балалар, өткен сабақ бойынша мен сендерге сұрақ қоямын сендер жауап беруге тырысыңдар. Тек қол көтереміз, орнымызда отырып айтпаймыз. Ал олай болса бірінші сұрағым:
1.Қандай сөз таптарын білеміз?
2.Қай сөз табын өттік?
3.Зат есім дегеніміз не?
4.Адамға қатысты сөздерге қандай сұрақ қоямыз?
5.Жалқы есім дегеніміз не?
6.Жалпы есім дегеніміз не?
7.Зат есімнің қандай түрлерін өттік?
8.Жекеше түрі қандай сұраққа және көпше түрі қандай сұраққа жауап береді?
9.Зат есімнің көпше түрі қандай жалғаулар арқылы жасалады?
Жаңа сабақ.
Балалар,барлығымыз ұйымшылдықпен мына сөзжұмбақты шешсек бүгінгі тақырыбымыз шығады. Қане түгел сабаққа қатысып отырайық:
СӨЗЖҰМБАҚ
1.Мал өнімі
2.Жыл мезгілі.
3.Сүттен жасалатын тағам.
4.Уақыт бірлігі.
5.Әкенің әкесі.
6.Ауруды емдеуші.
7.Өз атын шақыратын құс.
Заттардың қимылын , іс-әрекетін білдіретін сөздерді ЕТІСТІК дейміз.
Етістіктің сұрақтары
4.
Не істеді? Қайтті? Не қылды?
Балалар, мына суреттерде оқушылар не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауларын айт. Ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?
2.
4.
3.
1.
Оқулықпен жұмыс.
жаттығу.
Суретке қарап әңгіме құра.
Мына сөйлемнен етістікті тап.
Әнуар балықтарға жем шашты.
Шашты – не істеді?
жаттығу.
Өлеңді мәнерлеп оқы.
Етістіктерді тауып, сөйлеп құрап жаз
Қалқиды, үйілген, иілген, тарайды, қарайды.
Мысықтар өзінің марғауына қарайды. Шағалалар аспанда қалқиды.
Сергіту сәті.
Тақ,тақ,тақ.
Айтамыз біз тақпақ.
Рақ, рақ, рақ.
Көктемде шығар жапырақ.
Көл,көл,көл.
Көктемде су мол.
Тоқ,тоқ,тоқ.
Жылы-жылы жел соқ.
“Тез тауып,бөгелмей айт” ойыны.
Жел .............. Найзағай .........
Күн ................ Асан .................
Жаңбыр ........ Әтеш ................
Қоңырау ....... Би ....................
Әкем ............. Таң ..................
Тапсырма ..... Қой ..................
жаттығу.
Берілген сөздерді мағынасына ұарай топтап жаз.
Бірнеше сөйлем құрастырып жаз.
Зат есім: ата, іні, балық, түйе, шортан.
Етістік: ойнады, жинады, қуды, жарысты, айтты.
Балалар футбол ойнады. Аквариумде балық жүзіп жүр. Арман мерекеде ән айтты.
жаттығу.
Дұрысы қайсысы, бұрысы қайсысы? ойыны.
Мұнда оқушылар зат есімге дұрыс тіркескен етісткетерді дұрыстап жазады.
Кім шапшаң? Берілген етістікке қарама-қарсы етістікті тауып айт.
Кірді --------
Келді--------
Тұрды ------
Алды -------
Күлді -------
Ауырды ---
Қорытынды.
Ал, балалар, бүгін қандай сөз табын өттік?
Етістік.
Олай болса етістікпен зат есімнің ортақ белгісін табамыз.(Венн диаграммасы)
Сөз табы
Заттың қимылын, іс – әрекетін білдіреді. Не істеді? Қайтті? Не қылды? деген сұрақтарға жауап береді. Баяндауыштың қызметін атқарады.
Заттың атын білдіреді. Кім? Не? Кімдер? Нелер? Сұрақтарына жауап береді.
Бастауыштың қызметін атқарады
.
Үйге тапсырма.
5 - жаттығу, 163 бет.
Бағалау.
Оқушылардың сабақ барысында көрсеткенкен белсенділіктерін смайликтер арқылы бағалау