– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз сабаққа дайынбыз. Сондықтан сендерді шеңберге шақырамың.
Шаттық шеңбері
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Алақанды ұрайық,
Оң жақтағы балаға,
Сол жақтағы балаға,
Алақанды берейік,
Сәлемдесіп алайық!
II.Өткен сабақты қайталау: «Қайтпай қалған қарлығаш» тақырыбын еске түсіру.
III.Жаңа сабақ:
- Қазыр бізде қай жыл мезгілі?
- Күзде неше ай бар? Атандар
- Қазыр қай ай?
- Табиғатта күзде қандай өзгерістер болады?
- Күзді орысша қалай атайды?
-Балалар, бізге қонақ келді. Ол не?
-Аю
Аю амандасады, хат әкелгенің айтады.
Хатты оқиды:
-балалар, бұл шақыру хат. Бізді Ертегі еліне шақырады. Бірақ ол елге жету үшін билет алу керек. Ол билеттер аюда бар. Билет алу үшін сұрақтарға жауап беру керек.
Жұмбақтар
Қашып кеткен атадан,
Қашып кеткен ападан,
Орманда кеше жүр едім,
Домалап шықты алдымнан. (бауырсақ)
Кедей еді бұл бала,
Айы туды оңынан,
Жын шығады керемет,
Сиқырлы оның шамынан. (Алладин)
Үй жинаған ұқыпты,
Бір қыз бопты ертеде
Тыңдамаған мысықты
Салыпты ғой әлекке. (Мақта қыз)
Джунглиде өскен жасынан,
Епті бала болыпты,
Багира,Бану достары
Шерхан оның қас жауы. (Маугли)
Кішкене қыз орманға
Жалғыз өзі барады.
Апасына қартайған
Дәмін салып алады. (Қызыл телпек)
Билеттерді таратады.
-Поездбен саяхат
Орындарына отырындар, назарларынды аударындар біз қайда келдік?
- Балалар, бүгін біз «Маша мен аю» деген орыс халқы ертегісімен танысамыз.
Ертегіні мәнерлеп, нақышына келтіріп оқып беру.
IV.Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп – теріп алайық
Себетке біз салайық!
Сұрақ-жауап
- Ертегі қалай аталады?
- Маша құрбыларымен қайда жиналды?
-Орманда не жинады?
- Адасып қайда шықты?
-Аю Машаға не деді?
- Маша аюдан қалай құтылды?
- Көрдіңдер ме, балалар, екеуі бір-
біріне көмек көрсетіп, осындай ауыр сәтте қиындықты жеңіп шықты.
Ендеше сендер де, балалар, бір- бірлеріңе мейірімді, қайырымды болып өсулерің керек.