Просмотр содержимого документа
«Ертегілер елінде (сахналық көрініс)»
«Ертегілер елінде» сахналық көрініс Мақсаты: 1.Балалардың ақыл-ойларын, сөздік қорларын дамыту.Сөзді анық айтуға,есте сақтау қабілетін дамыту. 2. Кейіпкерлерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлқын жеткізе білуге үйрету.Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін, қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға үйрету. 3. Балаларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға, ұжымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақтың барысы: «Шаттық шеңбері» Армысың құдіретті Аспан ата, Армысың мейірімді Жер ана, Армысыздар келген қонақтар, Армысың менің Жан досым,
Мұғалім: Бүгін бізде өзгеше сабақ болады, біз сиқырлы пойызға отырып барлығымыз ертегілер еліне саяхатқа барамыз.Қане, бәріміз пойызға отырып, кетейік.Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, пойыздың дыбысын шығарып жүреді.
І аялдамаға келдік.
Мұғалім: Балалар бұл аялдамада қараңдаршы сиқырлы қапшық бар екен.Ішінде не бар ененін білесіңдер ме?
Балалар: Жоқ, білмейміз
Мұғалім: Олай болса Ақбаян ішінде не бар екен?
Балалар: Сурет
Мұғалім: Ия дұрыс айтасыңдар бұл жай сурет емес, ертегі суреттері.Бұл қандай ертегінің суреті айтыңдаршы?
Балалар: Жеті лақ және қасқыр Мұғалім: Ендеше балалар жеті лақ ертегісін сахналаймыз. Автор: Баяғыда бір ешкінің жеті лағы болыпты.Ешкі көк майсада шөп жеп, мұп-мұздай су ішуге орманға кетеді екен.Ол кетісімен лақтары үйшік есігінің күршегін іліп алып, өздері ешқайда шықпайды екен.Ешкі өрістен келген соң, есікті қағып:
Лақтарым, шырақтарым! Аша қойыңдар, аша қойыңдар! Енелерің келді- Сендерге сүт әкелді Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр! –
Автор: деп өлеңдетеді екен.
Жеті лақ есік күршегін ашып енелерін кіргізеді.
Ешкі лақтарын сүтке тойғызып, қайтадан орманға кетеді.Ал, лақтары есікті мықтап жауып алады.
Автор:Ешкі орманға кеткенін байқап қасқыр: О, мына орманда ешкі де тұрады екен ғой!Өзінің неше лағы бар, оңай олжаға тап болдым ғой.Қарным бір тоятын болды.(деп қарнын сипап қояды.) Автор:Ешкінің өлеңін қасқыр тыңдап тұрады.Ешкі орманға кетісімен, қасқыр есікке келіп жұп-жуан даусымен. Қасқыр: О, Лақтарым!Ой шырақтарым! Аша қойыңдар, Аша қойыңдар! Енелерің келді- Сендерге сүт әкелді Тұяғым шылқыған су. Автор: -дейді өлеңдетіп.
Лақтар:
-Естідік, естідік-біздің енеміздің даусы жіңішке, өлеңі де бұдан басқа. – дейді.
Автор:Қасқыр не істесін.Ұстаға барады да, көмейіне жіңішке тіл салып беруін сұрайды.Өлең айтқанда даусы жіңішке шықсын деп ұста көмейіне жіңішке тіл салып береді.
Қасқыр:
О, ұста менің көмейіме жіңішке тіл салып бер әйтпесе жеп қоямын.
Ұста:Қолымнан келмейді.
Қасқыр:Жеп қоямын, жіңішкертіп бер дейді.
Автор:Үйшіктің жанына келеді де, бұта арасына жасырынады.Өрістен ешкі келеді.Есікті қағып.
Лақтар: Бұл кім?
Ешкі:Лақтарым, шырақтарым!
Аша қойыңдар!
Енелерің келді-
Сендерге сүт әкелді
Емешегім иіп тұр.
Аппақ сүтім тамшылап,
Тұяғыма тиіп тұр!-
Автор:дейді әндетіп
Лақтар:Есік ашып, енесін кіргізеді.Бәрі қасқырдың қалай келгенін, өздерін жемек болғанын анасына айтып береді.
Ешкі кетерінде:
-Егер біреу келіп, мен айтатын өлеңді түгел айтпаса және даусы жуан болса есікті ашпаңдар,-деп қатты тапсырады.
Қасқыр:О, шырақтарым менен қорықпандар.Мені сендерге енелерің жіберді, аналарың орманда күтіп отыр,-дейді.Лақтар қасқырдың соңынан еріп жүре береді.
Автор:Ешкі өрістен келеді, өлеңін қанша рет қайталайды.Үн жоқ.Қараса есік ашық, үйге кісе, бір лақ қалмаған.Пештің ішін қараса, жалғыз лағы қалыпты.Лақтарынан айрылған ешкі есігінің алдына отырып жылай береді.
Лақ:Апа, сіз жоқта, қасқыр сіздің даусыңызды салып, сіздің өлеңіңізді айтты.Біз есік аштық.Қасқыр бізді алдап бауырларымды орианға алып кетті.
Автор:Ешкі орманда аңшыны көріп жылап көмек сұрайды.
Ешкі:Аңшы, маған көмек беріңіз!Қасқыр менің лақтарымды алдап, орманға алып кетіпті.
Аңшы:О, жүр мен оның сазайын тартқызайын. Ешкі аңшыны ертіп қасқырдың ұясына келеді.