Ма?саты:
5- ке дейінгі ал?ан білімдерін ?айталату.
1.Білімділік . 5 к?лемінде санды? есептеу да?дысын, дамыту, сандарды тура , кері санау , к?ршісін атауды , геометриялы? пішіндер туралы білімдерін ке?ейту.
2. Дамытушылы? . ?р т?рлі тапсырмаларды орындай отырып , логикалы? , есте са?тау , санау, санама? айту ар?ылы с?здік ?орын тілдерін дамыту.
3. Т?рбиелік . Іздемпазды??а , ойшылды??а , татулы??а т?рбиелеу
Т?рі : А?паратты коммуникативті технология.
Типі: Ойын саба?ы, д?ст?рлі емес
О?ыту ?дісі : Репродуктивтік иллюстративтік
Керекті ??ралдар : ?лестірмелі карточка, тая?шалар.
О?у іс – ?рекетіні? барысы
І .?йымдастыру.
Психологиялы? с?т.
Біз ?андаймыз , ?андаймыз
Просмотр содержимого документа
«Ертегілер еліне »
Ертегілер еліне математикамен бірге
Мақсаты:
5- ке дейінгі алған білімдерін қайталату.
1.Білімділік . 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын, дамыту, сандарды тура , кері санау , көршісін атауды , геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.
2. Дамытушылық . Әр түрлі тапсырмаларды орындай отырып , логикалық , есте сақтау , санау, санамақ айту арқылы сөздік қорын тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік . Іздемпаздыққа , ойшылдыққа , татулыққа тәрбиелеу
Түрі : Ақпаратты коммуникативті технология.
Типі: Ойын сабағы, дәстүрлі емес
Оқыту әдісі : Репродуктивтік иллюстративтік
Керекті құралдар : Үлестірмелі карточка, таяқшалар.
Оқу іс – әрекетінің барысы
І .Ұйымдастыру.
Психологиялық сәт.
Біз қандаймыз , қандаймыз
Шұғылалы таңдаймыз
Жарқыраған күндейміз
Ренжісуді білмейміз.
Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілінде неше ай бар?
Күз мезгілін неге алтын күз , жомарт күз деп атаймыз?
Неше күн сабаққа келеміз?
Неше күн демаламыз?
ІІ. Жұмбақ жасыру
Туысқан 5 кісі. Бірінен бірі кіші , бәрінің аты бір. Ең кішісі шеткісі ( бес саусақ)
Санамақ кім біледі?, санамақ айту.
Бас бармақ – әкем
Балан үйрек – анам
Ортан терек – ағам
Шылдыр шүмек – әпкем
Кішкене бөбек – мен
Бір үйде біз нешеуміз ?
Бір үйде біз бесеуміз.
Оң қолымда бес саусақ , сол қолымда бес саусақ. 1 ден 10 ға дейін санау.
ІІІ. Ал енді тақтаға назар аударайық
Бұл ертегіде кімдер өмір сүреді?
Бауырсақ қандай фигураға ұқсайды?( дөңгелек)
1 –тапсырма. Қоянның тапсырмасы.
Қандай фигураны білесің?
фигураны құрастыру( таяқшамен)
олар қалай аталады?
2 - тапсырма. Қасқырдың тапсырмасы
1 ден 5 ке дейін тура , кері санау.
Д/о . «Көршісін ата»
3 –тапсырма. Аюдың тапсырмасы.
Д/ о . «Шатасқан сандар» . Сандарды ретімен қою
4 –тапсырма . Түлкінің тапсырмасы.
Қонаққа қандай және қанша аңды шақырды? Табу және санау
Сергіту сәті.
1 дегенде тұрайық
2,3,4 алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Жоғары, төмен қарайық
5 дегенде асықпай
Орнымызды табайық
Қолға қалам алайық
Күннің суретін салайық
Шуақтарын сызайық
Қолды жаттықтырып алайық.
Карточкамен жұмыс .
Сандарды бастырып жаз.
Қорытынды:
Бүгінгі сабақта біз қайда саяхат жасадық?
Кімге көмектестік?
Йә ,балалар бауырсаққа көмектесіп, үйіне жеткізіп қойдық.
Бауырсақтың алғысы: бауырсақ суретін табыстау және жұлдызша беру.