kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Ертегілер еліне саяхат" ертегілер жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Ертегілер еліне саяхат" ертегілер жинағы

         Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады. Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.          Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады. Біз балаларға ертегілерді әңгімелеу, сосын сүрақ-жауап, сахналау арқылы түсіндіреміз. Ертегі арқылы баланы жақ­сы­лық­қа, батылдыққа, мейірімді болуға үйретеміз, қиялын ұш­тай­мыз. Қазақ ертегілерінің та­рихы тереңде жатыр. Жәй ақыл айтумен шектелгеннен гөрі, баланы ертегі арқылы тәр­биелеу әлдеқайда тиімді. Олар ертегідегі батырларға, жағымды кейіпкерге көп еліктейді.

         Ер­тегі­лер­дің тұрмыс-салт, қиял-ға­жайып, жануарлар туралы болып бөлінетіні белгілі. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.  

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Ертегілер еліне саяхат" ертегілер жинағы»

"Ертегілер еліне саяхат" ертегілер жинағы

         Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн. Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады. Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.          Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады. Біз балаларға ертегілерді әңгімелеу, сосын сүрақ-жауап, сахналау арқылы түсіндіреміз. Ертегі арқылы баланы жақ­сы­лық­қа, батылдыққа, мейірімді болуға үйретеміз, қиялын ұш­тай­мыз. Қазақ ертегілерінің та­рихы тереңде жатыр. Жәй ақыл айтумен шектелгеннен гөрі, баланы ертегі арқылы тәр­биелеу әлдеқайда тиімді. Олар ертегідегі батырларға, жағымды кейіпкерге көп еліктейді.

         Ер­тегі­лер­дің тұрмыс-салт, қиял-ға­жайып, жануарлар туралы болып бөлінетіні белгілі. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.  













«Ертегілер еліне саяхат»



(ертегілер жинағы)































Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................5

Шалқан..........................................................................................................7

Шұбар тауық.................................................................................................7

Бауырсақ........................................................................................................8

Маша мен аю.................................................................................................9

Қоянның   үйі...............................................................................................10

Үйшік............................................................................................................11

Үш аю...........................................................................................................12

Қолғап...........................................................................................................14

Екі әтеш........................................................................................................15

Түлкі мен тырна...........................................................................................15

Мақтаншақ қоян..........................................................................................16

Түлкі мен қасқыр.........................................................................................16

Мысық, әтеш және түлкі.............................................................................17

Мақта қыз бен мысық..................................................................................18

Арыстан мен түлкі.......................................................................................19

Күнді іздеген достар....................................................................................20

Аққу- қаздар.................................................................................................21

Екі сараң қонжық.........................................................................................23

Алдар көсенің сиқырлы тоны.....................................................................24

Кім мяу деді?................................................................................................25

Үш қыз..........................................................................................................26

Түлкі мен ешкі.............................................................................................27

Екі дос...........................................................................................................28

Қызыл телпек...............................................................................................28

Қарлығаш пен дәуіт.....................................................................................30

Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай....................................................30

Үш жалқау....................................................................................................33

Жеті лақ.......................................................................................................34

Дос іздеген бота..........................................................................................34

Адасқан құмырсқа......................................................................................36

Үш торай.....................................................................................................36

Жыл басына таласқан хайуанаттар..........................................................38

Нан қайдан шығады?.................................................................................39

Жақсы мен жаман......................................................................................40

Ақылды лақ.................................................................................................41































Кіріспе

Халық ертегілерінің бала дүнетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі - ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Бұларды халқымыз күні бүгінге дейін ұрпақтан – ұрпаққа ауызша жеткізіп келеді. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тәжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тәрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырға талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігіқ еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады. Ертегілер – бұл мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі, яғни жағымды эмоциялық көзқарас - ертегіге әуестік. Ертегілер өте ерте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары.
Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады. Біз балаларға ертегілерді әңгімелеу, сосын сүрақ-жауап, сахналау арқылы түсіндіреміз. Ертегі арқылы баланы жақ­сы­лық­қа, батылдыққа, мейірімді болуға үйретеміз, қиялын ұш­тай­мыз. Қазақ ертегілерінің та­рихы тереңде жатыр. Жәй ақыл айтумен шектелгеннен гөрі, баланы ертегі арқылы тәр­биелеу әлдеқайда тиімді. Олар ертегідегі батырларға, жағымды кейіпкерге көп еліктейді.

Ер­тегі­лер­дің тұрмыс-салт, қиял-ға­жайып, жануарлар туралы болып бөлінетіні белгілі. Ертегінің өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшелігі бар. Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның желісінің басталуы, оқиғаның өрбуі, аяқталуы, өзіндік шешімі болады. Ертегі баяу басталып, оқиға желісі күрделене түседі. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекет өткір сықақ-мысқылмен беріліп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала кейіпкердің жағымсыз әрекетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің әр жақты сырын қызықты, тартымды, бала санасына лайықтай жеткізу тәрбиешінің шынайы шеберлігіне тікелей байланысты.

Шалқан

Атай көктемде шалқан егеді. Шалқан үлкен дәу болып өседі. Күзде атасы шалқанды жапырағынан ұстап тартып көрді. Бірақ шалқан жұлынбады.

Көмекке әжені шақырады.

Әже - атадан, атай – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Әжесі немере қызын шақырады.

Немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Немересі итті көмекке шақырады.

Ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Ит мысықты көмекке шақырады.

Мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен, әжесі – атасынан,

атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартты, жұлынбады.

Мысық тышқанды көмекке шақырады.

Тышқан –мысықтан, мысық – иттен, ит –немересінен, немересі - әжесінен,

әжесі – атасынан, атасы – шалқанның жапырағынан ұстап тартып - тартып.

Осылай бәрі қосылып шалқанды жұлып алды.

Шұбар тауық

Ертеде бір шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың Шұбар тауығы болыпты. Бір күні тауық жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты. Шал мен кемпір қуаныпты.

Шал: Кемпір, жұмыртқаны жарып көрсек қайтеді, мүмкін ішінде гауһар тас бар шығар?

Шал жұмыртқаны қасықпен ұрып-ұрып сындыра алмапты.

Кемпір: Әкелші мен жарып көрейін деді.

Кемпір де жұмыртқаны ұрып-ұрып сындыра алмапты. Тарсылды естіген тышқан інінен шығып, үстелдің үстімен жүгіріп бара жатып, жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Жұмыртқа еденге түсіп жарылып қалады. Шал мен кемпір жылайды.

Шұбар тауық: Ата,әже жыламаңыздар!Мен сендерге алтын емес жай жұмыртқа тауып беремін.

Көп кешікпей тауық бір себет ірі де тәтті жұмыртқа тауып береді. Осылайша олар бақытты өмір сүре береді.











Бауырсақ



Ерте-ерте-ертеде шал мен кемпір тұрыпты. Бір күні шал кемпіріне айтады.

-Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.

-Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.

-Әй, кемпір, қойманың түбін қырып көрсең. Бір бауырсақ пісіретін үн табылар.

Кемпір солай істеді. Қойма түбін қырып-қырып екі уыс ұн табады да. Қаймақ қосып, қамыр илейді. Бауырсақты майға пісіріп, терезе алдына суытуға қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түсіп, жолға шығып, домалап кетеді. Жолда домалап келе жатса, алдынан қоян шығады.

-Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

-Жоқ, сен мені жеме, қоян, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.

Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қоян сенен де кетемін!

Бауырсақ алға қарай домалап кетеді, қоян қалып қояды. Бауырсақ орман ішіиен домалап келе жатқанда, алдынан қасқыр шығады.

-Бауырсақ! Бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

- Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.

Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қояннан кеттім,

Қасқыр сенен де кетемін!

Бауырсақ домалап кетеді. Қарсы алдынан қорбандап аю шығады.

-Әй, бауырсақ! Мен сені жеп қоямын!

-Жоқ, сен мені жеме, мен өлең айтып беремін, тыңдап көрші.

Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қояннан кеттім,

Қасқырдан кеттім,

Аю сенен де кетемін!

Бауырсақ домалап кетеді, аю қалып қояды. Бауырсақ зымырап келе жатса,

алдынан түлкі шыға келеді.

-Амансың ба, бауырсақ! Көргендерге ұнайсың, қандай әдемісін!

Бауырсақ қуанып, өлеңін айта бастайды. Түлкі болса тыңдаған болып,

білдірмей бауырсаққа жақындап отырады.

- Әже қойма қырнаған,

Екі уыс ұн жинаған,

Қаймаққа илеген,

Майға пісірген,

Терезе алдына суытқан,

Бауырсақпын домалақ!

Атадан кеттім,

Әжеден кеттім,

Қоян сенен де кетемін!

-Әдемі өлең екен! Айналайын, бауырсақ, мен қартайдым, құлағым естімейді ғой. Кәне, менің тұмсығыма отырып, өлеңді тағы бір айтып берші.

Бауырсақ мақтағанға мәз болып, түлкінің тұмсығына шығып, өлеңін айта бастағанда, түлкі бауырсақты «ап!» деп жеп қояды.







Маша мен аю

Ерте, ерте, ертеде кемпір мен шал өмір сүріпті. Олардың Маша атты немересі болыпты. Бірде Маша құрбыларымен орманға жиналыпты. Атасы мен әжесі оған:- Құрбыларыңнан қалып қалма! – деп табыстады.

Бірақ Маша олардың айтқанын тыңдамады. Ол құрбыларынан алысқа ұзап кетіп, ақырында адасып қалды. Маша оларды шақырып айқайлай бастады. Құрбылары дауыс қатпады. Маша ымырт түскенше орманды кезіп жүрді. Кенет бір үйді көрді.

Машенька үйге кіріп:-Бұл үйде кім тұрады екен? – деп ойлады. Ал бұл үйде аю тұратын. Ойлағанынша  болмады, үйге Аю кіріп келіп:

- Менің үйіме рұқсатсыз неге кіресің? – деп гүр ете түсті.

Маша:- Мен адасып кеттім. Бүгін осында қонып, ертең үйіме қайтамын, - деді.

- Жоқ! Енді мен сені жібермеймін. Сен менің қолымда тұрасың. Пеш жағып, ботқа пісіріп, мені тамақтандырасың – деді. Маша біраз бұртиды, бірақ не шара?!

Ол аюдың үйінде тұра бастады. Аю күні ұзақ орманға кетеді, ал Маша үй жинап, дәмді бәліш пісіреді.Аюдың қуанышында шек жоқ. Біраз күн өтті. Маша Аюға:

- Атам мен әжемді көрмегелі көп болды. Мен бір қорап бәліш пісірейін, ал сен оларға апарып бер, - деп еді, ол келісе кетті. Маша бір қорап бәліш пісірді де:

- Жаңбыр жауып тұрған жоқ па? Есік алдына шығып қарашы, - деді.

Аю сыртқа шығып кеткенде Машенька қораптың ішіне кіріп алды. Аю қайтып оралғанда қораптың дайын тұрғанын көрді. Оны арқасына салып, деревняға тартты. Аю ұзақ жүрді, шаршады, ағаштың түбіріне отырып тынығып алғысы келді.

- Түбірге отырып, бәліш жейін, - деп ойлады.

Ал Машенька қорап ішінен:

- Түбірге отырушы болма, бәлішті жеме! Атам мен әжеме апар, - деді.

- Неткен қырағы еді. Бәрін көріп тұр, - деп, Аю қорапты көтеріп, ары қарай аяңдады.Ауылға жетті, қыздың атасы мен әжесі тұратын үйді де тапты. Олардың есігін бар күшімен тоқпақтап:

-Түк-түк-түк! Есікті ашыңдар.Мен Машенькадан базарлық әкелдім, - деді.

Иттер бір нәрсені сезгендей оған тап берді.Басқа иттер де жан-жақтан үріп, жүгіре бастады. Аю қорқып кетті. Ол қорапты қақпа алдына тастай сала, алды-артына қарамай қаша жөнелді.Осы кезде үйден атай мен әжей шықты. Қорапты көрді.

- Мынау не қорап – деп әжесі таңғалды. Атасы қораптың аузын ашып қараса, онда Машенька отыр. Атасы мен әжесі Машенькамен осылайша қауышты.

Қоянның   үйі

Орманда  түлкі мен қоян өмір сүріпті.  Түлкінің үйшігі мұздан,  ал қоянның үйі ағаштан болыпты.

Көктем келіп,  күн  жылынғанда түлкінің үйшігі,  әрине бірден еріп кетті.

Бойы мұздаған түлкі қоянға келеді. 

-Қоян,  қоян!  Мені кіргізші,  жылынып алайын!

Жылпос  түлкі  осылай алдап-сулап, аңқау қоянның  үйшігіне  кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. 

Қоян жылап келе жатып,  иттерге  кезігеді.

-Қоян, қоян!  Не болды саған?  Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?

-Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне,  баспанасыз тентіреп жүргенім...

-Жылама!  Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз. 

Иттер жиналып,  қоянның  үйіне  келеді. 

-Аф, аф, аф!  Әй,  түлкі,  шық қане!  Босат,  қоянның  баспанасын! 

-Аха!  Шықсам шығайын!  Бірақ,  мен  далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой !  Барлығыңды быт-шыт қыламын!-деді түлкі қорқытып.  Иттердің үрейі  ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлап,  тайып тұрады.  «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап,  тағыда жылай бастайды. Алдынан аю  шығады. 

- Қоян-ау,  не  болды.  Сонша неге жылайсың? 

- Жыламаған да қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп,  менің  жылы ағаш үйімді тартып алды. 

- Жылама!  Мен оны қуып шығамын.

- Жо-оқ!   Қуып шыға алмайсың.  Иттерде  қуып  шыға  алмады.

- Көресің,  қуып  шығамын.

- Аю үйшіктің алдына келіп: 

- Түлкі,  шық! Босат қоянның үйін! – деп ақырады.

- Түлкі болса пеш үстінен: 

- Шықпаймын.  Шықсам  саған жаман болады.  Быт-шытыңды  шығарамын! – деп қорқытты.  Аюдың үрейі ұшып кетті.  Басы аманда қашып құтылуды ойлады. 

Амалы  құрыған қоян тағыда жылай бастады.  Қараса,  жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады.    Қолында күмістей  жарқыраған шалғысы бар. 

- Қоян, қоян!  Неге жылап отырсың?- деп сұрады.

- Жыламай қайтейін?  Түлкінің мұз  үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.

- Жылама!  Мен оны қазір қуып шығамын!

- Жо-жоқ!  Қуып шыға алмайсың!  Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады.  Сенде қуа алмайсың! 

- Жүр,  көрерсің!  Қуамын!

- Екеуі үйшік жанына келді.  Әтеш  қатты дауыстап өлең айта бастады.

-Шөп шабамын, шөп шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да  шалғынша шабамын!

Түлкі қорқып кетіп: Киініп  жатырмын, - дейді. 

-Шөп шабамын, шабамын!  Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! -   деп әтеш қайта әндете бастайды. 

Түлкі сасқалақтап:  «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» - дейді. 

Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды.  Түлкінің зәресі ұшып кетеді.

Аман – сауында зыта  жөнеледі.  Сөйтіп,  қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.      

 





Үйшік



Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.

-Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп бақылдауық бақа келді.

-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

-Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?

-Мен - бақылдауық бақамын

-Кел, бірге тұрайық

Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.

-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

-Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?

-Мен - секек қоянмын.

-Кел, бірге тұрайық

Олар үшеуі болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.

-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

-Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?

-Мен - жылмаң түлкімін

-Кел, бірге тұрайық

Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.

-Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

-Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?

-Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіңе жантая кетсем – бәрің жаншылып қаласыңдар.

Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты. Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды. Жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю жиналып жаңа үлкен, әдемі үйшік салып, бірге өмір сүрді.

Үш аю

Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып, адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді.Бұл үйде үш аю тұратын. Ең үлкені, әкесі – Михаил Иваныч, одан кейінгісі, шешесі – Настасья Петровна және олардың баласы – кішкене қонжық.Үшеуі бұл кезде орман аралап, серуендеп кеткен.Бөлме ортасында үлкен ағаш үстел мен үш орындық тұр. Үстел үстіне ас құйылған үш ыдыс қойылған. Олардың біріншісі – үлкен табақ, екіншісі – орташа табақ, үшінші – кішкене көк табақ. Әр ыдыстың қасында қасықтары жатыр. Қыз ең үлкен қасықты алып, үлкен ыдыс тағы тағамның дәмін татады. Астың дәмі ұна майды. Содан кейін орташа қасық пен екіншісін, кішкене қасықпен үшіншісін көреді. Бәрінен де оған көк табақтағы ас ұнайды. Қыздың қарны аш еді. Енді ол отырып тамақтану үшін өзіне орындық таңдайды. Ең үлкен орындық – Михаил Иванычтікі, одан кішірегі – Настасья Петровнанікі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады. Қыз қонжықтың орындығына отырып, көк табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары-бері шайқап ойнайды. Ақырында оны сындырып, өзі жерге құлайды. Қолымен қонжықтың қасығын қағып жібереді. Қасық ұшып барып, бұрышта тұрған сандықтың астына кіріп жоқ болады.Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең үлкені – Михаил Иванычтікі, ортаншысы – Настасья Петровнанікі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Қыз ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан түсіп, ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек. Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады.Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне оралған еді.Ішке кірген олар алдымен тамақтанбақшы болады.Ең үлкен аю өз табағына қарап, жуан дауысымен: - Менің ыдысыма тиіскен кім?! – деп ақырады.Настасья Петровна да ыдысына қарап: - Менің табағымды орнынан қозғалтқан кім?! – дейді ашуланып. Кішкене қонжық жіңішке дауысымен: - Менің тамағымды мүлдем ішіп қойыпты, – дейді көк табақты қолына алып.

Үлкен аю енді үлкен қасығын ұстап:–Менің қасығыма тиіскен кім?! – деп ақырады жуан дауысымен. -Менің қасығымды орнынан қозғалтқан кім? – дейді Настасья  Петровна. -Қонжық жіңішке дауысымен:– Ал менің қасығым жоқ, – дейді жан-жағына қарап. Михаил Иваныч:– Кім менің орындығымды қозғалтқан?! – дейді зор дауысымен. Настасья Петровна болса:-Ал менің орындығыма отырған кім? – дейді налып. Оның дауысы үлкен аюға қарағанда жайырақ шығады. - Менің орындығымды біреу тіпті сындырып тастапты, – дейді қонжық жыламсырап.Аюлар ішкі бөлмеге кіреді. - Менің төсегіме жатқан кім?! – дейді Михаил Иваныч ақырып. - Ал менің төсегіме шыққан кім? – дейді Настасья Петровна басын шайқап.

- Ой, менің төсегімде біреу жатыр, – дейді қонжық таң қалып. Аюлар қонжықтың төсегіне жақындайды. Маужырап ұйықтап жатқан кішкентай қызды көреді де, үшеуі жамырап: - Қара мұны! - Ұстаңдар! Ұстаңдар! - Ұста оны! – деп айғайға басады.У-шудан оянып кеткен қыз жанында тұрған үш аюды көреді. Қатты қорыққан ол ашық тұрған терезеден жерге секіріп түседі. Алды-артына қарамай қаша жөнеледі. Қызды ұстай алмаған Михаил Иваныч, Настасья Петровна мен қонжық үшеуі артта қалады.



Қолғап



Ертеде бір атай күшігімен орманға келе жатса, қолына киетін қолғабының біреуін түсіріп алыпты. Оны көрген тышқан  қолғаптың ішіне кіріп алып: «Мен енді осында тұрамын»-депті.

Одан кейін бақа секіріп келіп: Мына қолғапта қайсысың тұрасың ?,-депті.

Тышқан: Мен шиқылдауық тышқанмын,Ал сен кімсің?-деп сұрапты.

Бақа: Мен бақылдауық бақамын мені кіргізші?- депті.

Тышқан: «Кел» -депті.

Сөйтіп , олар қолғаптың ішінде екеу болыпты. Міне, Қоянда жүгіріп келіп, қолғапқа жақындап: «Мына қолғапта қайсысың тұрсың?»,-депті.

Тышан,бақа: «Шиқылдауық тышқанмын, бақылдауық бақамын. Ал сен қайсы жануарсың?» - деп сұрапты.

Қоян: «Мен желаяқ Қоянмын. Мені де кіргізіңдерші?»-депті.

Олар: «Кел»-депті.

Сөйтіп олар үшеу болыпты.

Одан кейін түлкі келіп: «Мына қолғапта қайсысың тұрасың?»-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын. Ал сен өзің қай жануарсың?»-депті.

Түлкі: «Мен әпкелеріңмін. Кіргізіңдерші мені де»-депті.

Олар: «Жарайды, кел»-депті.

Сөйтіп, қасқырда келіпті: «Мына қолғапта қайсың тұрасың ?»-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, менТүлкімін. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.

Қасқыр: «Ал мен қасқыр ағаларыңмын, кіргізіңдерші мені де»,-депті.

Сөйтіп қолғапқа бесеуі де сыйып кетіпті.  «Хрпо-хро-хро»,-деп қабан жүгіріп келіпті:

Мына қолғапта қайсысың тұрасың ?,-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, мен Түлкімін, ал мен Қасқырмын. Ал сен өзің қай жануарсың?- депті.

Қабан: «Мен Қабанмын, мені декігізіңдерші»,-депті.

Олар: Сен мұнда қалай кіресің,-дейді.

Қабан: «Мен кіре аламын, жіберсеңдер»,-депті.

Олар: «Жарайды ,кіре ғой»-депті. Сөйтіп олар алтау болыпты. Қолғаптың іші тар болыпты. Сөйтіп отырғанда Аю келіп: «Мына қолғапта қайсың тұрасың?»-депті.

Олар: «Шиқылдауық Тышқанмын, бақылдауық Бақамын, желаяқ Қоянмын, менТүлкімін, ал мен Қасқырмын. Мен қабанмын. Ал сен өзің қай жануарсың?»- депті.

Аю: «Қалай көпсіңдер, мені де кіргізіңдерші?»-депті.

Олар: Қалай кіргіземіз, өзі іші тар боп тұрса?»

Аю: «Қалай болса да сыйамыз?»-депті.

Олар: «Жарайды, кел жанымызға».

Сөйтіп аюда сыйып жетеу болыпты. Қолғаптың іші тар,міне жарылайындеп тұрғандай. Бір кезде ата өзінің қолғабының жоқ екенін байқап қалады. Сөйтіп қайта кері қарайжүреді,ал иті болса алға қарай жүгіріп кетеді. Жүгіріп келе жатып,қолғапты көреді. Қолғап қозғалып жатыр. Ит сонда: «әуп-әуп-әуп»,-депүреді. Қолғап ішіндегі жануарлар қорқып, барлығы жан-жаққа қашып кетеді. Атай өз қолғабын көріп алып кетті.







Екі әтеш



Ертеде бір кемпір-шалдың құс дегенде, асырап отырған екі әтеші бар екен. Қолдарына түскен жемдерін соларға беріп, бағып-қағыпты.

Күндердің бір күнінде кемпір құсына жем шашады. Қарындары ашқан әтештер дүрсе қоя береді. Әрқашан бірге жүрген досынан шұбар әтеш жемді қызғанып, шекесінен одырая қарайды.

-Шіркін, мынаның бәрін жалғыз өзім жеп, тыңқия бір тойсам-ау, – дейді. Сөйтеді де, шұбар әтеш қасындағы сұр әтешті қайта-қайта шоқып, жем жегізбейді, мазасын алады. Сұр әтеш бір рет елемегенсиді, екінші рет абайламаған болады. Тіпті қоймаған соң, ақырында ызаланып, ол да шұбар әтешті шоқып алады. Осыдан соң екі әтеш жүндері үрпиісіп, бірі мен бірі төбелесе кетеді. Екеуінің де үсті-басы жұлым-жұлым болады. Бұлар өстіп қызыл шеке болып жатқанда, көршінің шібилері келіп, жемді түгін қалдырмай жеп кетеді.







Түлкі мен тырна



Ерте, ерте, ертеде түлкі мен тырна дос болыпты. Түлкі бір күні тырнаны қонаққа шақырыпты.

-Тырна, маған қонақ болып кет.

Тырна белгіленген уақытта келді.

-Кел, тырна, кел. Сені көргеніме қуаныштымын!

Түлкі тамақты екеуіне де тәрелкеге салды.

-Же, тырна достым, же, ұялма!

Тырна қанша тырысса да, түлкінің берген тамағын жей алмады. Ұзын тұмсығымен тәрелкені ары тоқылдатып, бері тоқылдатып, тамақты татып та көрмеді. Түлкі өзінің тәрелкесіндегіні тілімен жалап жеп қойды да тырнаға айтты.

-Кешір, тырнажан, саған беретін басқа менде ешнәрсе жоқ.

-Жарайды, сен де маған қонаққа кел - деді тырна.

Келесі түлкі тырнаға қонаққа келді.

-Амансың ба, тырнажан! Жағдайың қалай? Бәрі жақсы ма?

- Қайырлы күн, түлкішек! Сені күтіп отырмын.

Тырна түлкіні үйіне кіргізіп, үстелдің үстінде сұйық тамақ құйылған биік, жіңішке құмыраны беріп, айтады

-Же, түлкіжан, же, ұялма! Шамам келгенше дәмді дайындауға тырыстым.

Түлкі құмыраның ар жағына бір, бер жағына бір шығады, ал құмыраның мойыны жіп-жіңішке, ұзын. Түлкінің тұмсығы ең болмаса тілімен жалауға да жетпеді. Ал тырна тамақты ұзын тұмсығымен ішіп жатып, түлкіге қулана қарап қояды.

-Түлкі, сен неге ішпейсің? Менің тамағым ұнамай ма?

Түлкінің көңіл-күйі түсіп, қоштаспастан есікті қатты жауып, шығып кетті. Ал тырна болса қанатын қағып қала берді. Содан бері тырна мен түлкі дос болмайтын болды.







Мақтаншақ Қоян



Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайраңдап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол, қыс түссе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.

Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған қоян. Ол мақтана бастайды.

-Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым -мұрт-ақ! Сендердікіндей емес! Ал, табаным мен тістерім ше? Сендердікі салыстыруға да келмейді.Мен ешкімнен қорықпаймын! Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын Қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді: -Қарға тәте! Тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын! -Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! -дейді Қарға. Арада біраз күн өткен соң, бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен. Жаны ашып кеткен қоян құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады.

Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып: - Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің! -деп ризашылығын білдіреді.







Түлкі мен қасқыр



Ертеде түлкі мен қасқыр дос болыпты. Бір күні екеуі келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі келіпті...

Қасқыр түлкіге:

-Сен жей ғой, достым,-депті.

Түлкі қылмаңдап:

-Менің аузым ораза ғой, достым, сен-ақ жей ғой, -депті.

Қасқыр етті жейін деп тұмсығын соза бергенде, мойнын қақпан қауып қалыпты да, ет ұшып кетіпті. Түлкі етті қағып алып, жеп қойыпты.

Сонда қасқыр:

-Ей, достым-ау, сенің аузың ораза емес пе еді? –депті.

Түлкі:

-Оразам сенің мойныңа түсті ғой, -деп зыта жөнеліпті.







Мысық, әтеш және түлкі



Ертеде әтеш пен мысық болыпты. Бір күні мысық орманға кетерде, әтешке ескертеді: «Терезеден қарама түлкі сені көріп, үйіне алып кетеді». Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады: Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы, Бұршақ саған берем. Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады. Мысық, досым,Түлкі мені алыс орманға алып кетпек!Көмектесші! Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады.Екінші күні мысық тағы кетеді. Түлкі мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады: Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы, Бұршақ саған берем. Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі бас салады, осы кезде Әтеш айқайлап досын шақырады: Мысық, досым,Түлкі мені алыс орманға алып кетпек!Көмектесші! Мысық әлі алыс кетпеген екен, досының дауысын естіп, қайта оралып келіп Әтешті құтқарады. Үшінші күні Мысық Әтешке:Мен бүгін өте алысқа кетемін, сенің даусыңды естімеймін. Түлкіге алданып қалма. Түлкі Мысық кеткеннен кейін, терезеге келіп әтешті шақырады:

Әтеш, Әтеш

Алтын айдарлы,

Терезеге қарашы, Бұршақ саған берем. Әтеш шыдай алмай – терезеден басын шығарады. Түлкі Әтешті бас салады да алып кетеді.Мысық үйіне қайтып келсе, Әтеш жоқ. Мысық досын іздеуге шығады. Қалың орманда Түлкінін үйіне келіп, өлең айтады. Түлкі өлеңді тыңдап қалғанда Әтеш «кукареку», -деп айқайлайды. Мысық Әтешті алып, үйіне қайтады. Осылай достар бірге болады.









Мақта қыз бен мысық



Мақта қыз үйін жинап жүреді. Дән тауып алады. Мақта қыз мысықты шақырады.

Мақта қыз: Мысығым менің қайдасың? Мяу? Келе ғой.

(Мақта қыз жан-жағына қарайды. Ашуланады).

Мақта қыз: Келмесең, өз обалың өзіне.

(Мақта қыз дәнді өзі жеп қояды. Бір кезде асықпай мысық келеді).

Мысық: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?

Мақта қыз: Айтпаймын.

Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін.

(Мысық Мақта қыздың қатығын төгеді).

Мақта қыз: Сол үшін мен сенің құйрығынды кесіп аламын.

(Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады).

Мысық: Берші құйрығымды?

Мақта қыз: Қатығымды қайтарып бер.

(Мысық сиырға барады).

Мысық: Сиыр, сиыр, маған қатық берші.

Сиыр: Менің қарным ашты. Маған жапырақ әкеліп берші.

(Мысық ағашқа барады).

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырағыңнан берші.

Ағаш: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берші. Сонда мен саған жапырақ беремін.

(Су әкеле жатқан қызға келеді).

Мысық: Маған суыңнан берші.

Қыз: Сен маған сағыз әкеліп берші, мен саған су беремін.

(Мысық дүкенге барады).

Мысық: Дүкенші, дүкенші, маған сағыз беріңізші.

Дүкенші: Сен маған тауықтың жұмыртқасын әкеліп берсең, мен саған сағыз беремін.

(Мысық әбден шаршайды. Жұмыртқаны іздеп, тауықтарға барады).

Мысық: Тауық, тауық, маған жұмыртқаңнан берші.

Тауық: Менің қарным ашты, сен маған дән әкеліп бер.

(Мысық не істерін білмей отырады. Бір кезде ін қазып отырған тышқанды көреді).

Мысық: Үйіңде не бар? Айт тез. Әйтпесе жеп қоямын.

Тышқан: Үйімде бір қап тары бар.

(Тышқан қорқып тұрады).

Мысық: Маған бір уыс тары бер:

Тышқан: Мә-ә-ә-ә ала ғой.

Мысық: Тауық, тауық, міне дән саған.

Тауық: Міне саған жұмыртқа.

(Тауық дәнді алып, жұмыртқаны тәрелкеге салып береді).

Мысық: Дүкенші, дүкенші, міне жұмыртқа. Маған сағыз беріңізші.

Қыз: Алақай, мысық маған сағыз әкелді. Міне саған бір шелек су.

(Мысық суды ағаштың түбіне құяды).

Ағаш: О, рахат қандай. Міне саған жапырағым.

Мысық: Сиыр, сиыр, жапырақты ал. Маған қатығыңнан берші.

Мысық: Мақта қыз, міне сенің қатығын, ал.

Мақат қыз: Көрдің бе, мысығым, дән же деп шақырғанда, келмедің. Айтқан тілді алмадың, құйрығыңнан айырылдың.

Мысық: Ке-е-е-е-шірші, мяу-у-у. Мен енді бұзық болмаймын. Айтқаныңды тыңдаймын.

Мақта қыз қатығын алып, мысықтың құйрығын қайтарады. Сөйтіп, екеуі тату дос болып қалды.







Арыстан мен түлкі



Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірде жатты да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді. Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
- Халіңіз қалай, тақсыр?- деп көңілін сұрады.
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік, - деді арыстан.
    Түлкі:
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ! - деп жүріп кетіпті.









Күнді іздеген достар



Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды. Жаздың осындай жаймашуақ күнінде орманда ерекше бір оқиға болды. 
Бір мезетте аспанды қара бұлт торлап, күннің бетін жауып тастады. Сол-ақ екен айналаның бәрі қараңғыланып, күн күрт салқындап кетті. Найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады. Жаураған балапан ағаштың түбіне жасырынып қалды. Қорыққанынан жылай бастады. Оны көріп қасына мысық келеді. 
Мысық: Балапан, сен неге жылап отырсың? 
Балапан: Аспанды бұлт торлады, күннің көзі жоғалып кетті. Мен қорқып отырмын. 
Мысық: Сен қорықпа, Балапан! Екеуіміз дос емеспіз бе? Жүр, мен саған күнді іздеуге көмектесейін. 
Сөйтіп екеуі күнді іздеуге шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, келе жатып, бұтаның түбінде жасырынып отырған қоянды көреді. 
Балапан: Сәлем, Қоян! 
Қоян: Сәлем, досым! 
Мысық: Саған не болды? Неге жылайсың? 
Қоян: Күннің сәулесі болмаған қандай жаман! Мен қорқып отырмын. 
Мысық: Білесің бе, қоян, күн сәулесі бәрімізге қажет. Біз балапан екеуіміз күнді іздеуге шықтық. Бізбен бірге барасың ба? 
Қоян: Әрине, Мысық досым! Мен де барамын. 
Сөйтіп, үсті-басы су болып, тоңып қалған қоянды ертіп үш дос күнді іздеуді жалғастырады. Жолда құйрығын бұлғаңдатып, сылқым түлкі келе жатты. 
Мысық: Амансың ба, түлкішек? 
Түлкі: Жолдарың болсын, балақайлар! 
Мысық: Түлкі, түлкі күнді қалай табуға болады? 
Түлкі: Күнді қайтпексіңдер? Оны табу сендердің қолдарыңнан келе қоймас. Менің сендермен бос сөйлеп тұратын уақытым жоқ. Әтештен сұраңдар, сол бәрін біледі. Ал мен кеттім! 
Үшеуі қол ұстасып, әтеш досына бет алады. Әтеш келе жатқан қонақтарды көріп амандасады: 
Әтеш: Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку! Амансыңдар ма, достарым! 
Балапан: Сәлем, әтеш досым! 
Қоян: Әтеш досым, сен күнді қайдан табу керек екенін білесің бе? 
Мысық: Бізге көмектесші, Әтеш досым, әйтпесе, барлығымыз қатты жаурадық, көңіл-күйіміз жоқ. 
Әтеш: Жарайды. Мен сендерге көмектесейін. Анау таудың басындағы ақ бұлтқа жетсеңдер, ол сендерді күнге алып барады. Ку-ка-ре-ку!
Балапан: Тауға? Жоқ, мен тауға шыға алмаймын! 
Қоян: Біз қалай тауға шықпақпыз? Мен қорқамын, бармаймын! 
Мысық: Достар, бұларың не? Сендерсіз мен жалғыз қалай тауға шығып, күнді табамын? Күн бәрімізге де өте қажет қой. 
Әтеш: Мысық дұрыс айтады. Достар қашан да бір-біріне көмектесуі керек. Достар тату, бірге болса,кез келген қиындықты жеңуге болады. Кеттік, ендеше! 
Барлығы қол ұстасып биік тауға жетеді. Тауға шығу оларға қиын болды. Осының бәрін бұлт көріп тұрады. 
Бұлт: Достар, сендер күннің әрдайым жарқырап тұрғанын қалайсыңдар ма? 
Бәрі: Ия,иә, әрине, қалаймыз! Күн – бізге керек. 
Бұлт: Олай болса, мен күннің көзін ашып берейін.
Күннің жылы шуағы жандарын жылытып, құшақтары мейірімге толған Достар қуанысып, ән айтады.







Аққу- қаздар



Ертеде бір ер адам мен әйел болыпты. Олардың Маша деген қызы, Иван атты ұлы бар екен. Маша – тұңғышы. Иванушка – кенже баласы.

Бірде балалардың әке-шешесі қалаға аттанады. Кетерінде олар Машаға:

- Ал, қызым, ақылды бол! Үй мен Ванюша – өзіңе аманат. Бауырыңды көзіңнен таса қалдырма. Саған сеніп кетіп барамыз, жарай ма? Біз сендерге қаладан базарлық ала келеміз, – деп қатаң ескертеді де, қоштасып жолға шығады.

Әке-шешесі кетісімен Машаны аулада ойнап жүрген достары шақырады. Қыз Иванушканы терезе алдындағы көгалға отырғызып, өзі балаларға барып қосылады.

Біраз уақыт өтеді. Маша ойын қызығына кіріп кеткен. Кішкентай Ванюша мүлдем ұмыт қалды. Осы кезде бір топ жабайы қаздар пайда болады. Олар терезе алдында отырған баланы қанаттарына отырғызып, ұшып кетеді.

Ойнай-ойнай шаршаған қыздар тарқай бастайды. Маша да үйіне оралады. Келсе, Иванушка жоқ. Ол ары-бері жүгіріп іздейді. Айқайлай-айқайлай дауысы қарлығады. Әке-шешесінің айтқан сөздері есіне түсіп, өкініп жылайды.

Інісін неде болса іздеп табу керек. Жүгіріп ауыл шетіндегі жазық далаға шығады. Ол алыста ұшып бара жатқан бір топ қаздарды көреді. Жабайы қаздар лезде қалың орманға кіріп, көзден ғайып болады.

Маша Ваняны осы қаздардың алып кеткенін біледі. Себебі бірде ол ауыл адамдарының бала ұрлайтын жабайы қаздар туралы айтқан әңгімесін естіген еді. Қыз құстардың ізіне түседі. Жүгіріп келе жатып ол бір пешке тап болады. Қасына келіп:

- Пеш-ау, пеш, айта қойшы, жабайы қаздар қай жаққа қарай ұшып өтті? – деп сұрайды.

- Алдымен сен маған отын сал. Содан соң айтамын, – дейді пеш.

Маша тездетіп отын жарады. Жарған отынды пешке салады. Пеш оған жол көр сетеді. Қыз пеш сілтеген бағытқа қарай жүгіре жөнеледі.

Біраздан кейін ол өсіп тұрған жалғыз түп алма ағашын кезіктіреді. Алма ағаштың бұтақтары қып-қызыл алмаларын көтере алмай, жерге қарай иіліп тұр екен. Маша оған:

- Алма ағашы-ау, алма ағашы, жабайы қаздар қайда ұшып кетті? – дейді өтініп.

- Бұталарым иіліп, сынуға айналды. Егер салған алмаларымды теріп алсаң, айтамын, – деп ағаш бір күрсінді.

Маша тездетіп пісіп тұрған алмаларды тере бастайды. Ағаштың жерге қарай иіліп тұрған бұтақтары біртіндеп жоғары көтеріледі. Жеңілдеп, бой түзеген алма ағашы қызға жол көрсетеді.

Маша сапарын жалғастырады. Оның алдынан енді өзен шығады. Онда су емес, сүт ағып жатыр екен. Қыз жақын келіп:

- Сүтті өзен, сүтті өзен, жабайы қаздардың қайда ұшып кеткенін көрсетіп жіберші, – дейді жалынышты үнімен.

- Бағана бір үлкен тас домалап құлап кетіп, жолымды бөгеді. Енді сүттің ары қа-рай ағуына кедергі келтіріп тұр. Егер сол тасты жағаға шығарсаң, мен саған жол сілтер едім, – деп өзен мұңын шағады.

Маша қолына үлкен таяқ алып, тасты итеріп, жағаға шығарады. Сыңғырлап аққан сүтті өзен оған жабайы қаздарды қайдан табатынын айтып береді.

Сөйтіп, Маша жүгірген қалпы қалың орманға жетеді. Ары қарай қайда жүрерін білмей, аңтарылып тұрып қалады. Cол сәтте бөрене түбінде отырған кірпіні көреді. Қасына жақындап:

- Кірпі-ау, кірпі, жабайы қаздарды қалай табуға болады? – деп сұрайды.

Кірпі оған:

- Менің соңымнан ер, – дейді де өзі жиырылып, дөңгелеп кетеді.

Осылай олар алдымен шыршалардың арасынан, одан әрі аққайыңдар ортасынан өтіп, бір алаңқайға жетеді.

Алаңқайда бір тауық аяқты үйшік тұр. Іште, терезе алдында жалмауыз кемпір тоқыма тоқуда екен. Ал Ванюша есік алдында алтын алмамен ойнап отыр. Маша ақырын басып, тауық аяқты үйшікке жақындайды. Інісін көтеріп алады да, қаша жөнеледі.

Біраздан кейін жалмауыз кемпір терезеден сыртқа қарайды. Ойнап отырған бала жоқ. Ашуланған ол ысқырып, жабайы қаздарын шақырады.

- Тез ұстаңдар оны! Қуып жетіңдер! Баланы алдыма алып келіңдер! – деп бұйырады.

Жабайы қаздар қаңқылдап ұша жөнеледі.

Ванюшаны көтерген Маша қашып келеді. Анда-санда артына бұрылып қарап қояды. Міне, жол-жөнекей кезіккен сүтті өзенге де жетеді. Тағы бір рет бұрылып, артына қарайды. Жабайы қаздар жақындап қалған екен. Қыз қайда тығыларын білмей, әбден сасады. Ол өзенге:

- Өзен, өзен, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – дейді.

Сүтті өзен арнасынан жоғары көтеріледі. Балалар астына кіріп отырады. Өзен үстімен ағып, оларды көзден таса қылады. Жабайы қаздар Маша мен Ванюшаны көрмей, ұшып өтеді.

Қуғыншылар кетісімен балалар жағаға шығып, өзенге рақметін айтады да, жолдарын жалғастырады. Ағайынды екеуін таппаған жабайы қаздар кері қайтады да, жүгіріп келе жатқан Машаны тағы да байқап қалады. Бұл кезде інісін көтеріп алған Маша өзі кездестірген алма ағашына жеткен еді. Қыз ағашқа:

- Алма ағашы, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – деп көмек сұрайды.

Ағаш Маша мен Ванюшаны қалың бұталарының астына отырғызып, жапырақтарымен жауып, көрсетпей тастайды. Қыздан адасып қалған жабайы қаздар алма ағашын ары-бері айналып, балаларды таппаған соң ұшып кетеді.

Маша тасадан шығып, ағашқа алғысын білдіріп, жолын жалғастырады.

Міне, үйлеріне де жақындап қалған еді. Маша бұрылып, артына қарайды. Жабайы қаздар тағы соңдарына түскен екен. Олар қызды қуып жетіп, тіпті Ванюшаны қанаттарымен қағып әкетпекші болады. Бірақ қыз інісін құшағына қатты қысып жібермейді. Әрең дегенде құстардан сытылып шыққан Маша алғаш кездестірген пешке жетеді де:

- Пеш, пеш, бізді мына жабайы қаздардан құтқаршы, – деп өтінеді.Пеш балаларды ішіне отырғызып, бетін жапқышпен жабады. Ал жабайы қаздар пешті айналшықтап ұзақ ұшып жүреді. Жапқышты қанаттарымен сабалап, сабалап аша алмай, әбден шаршайды. Сөйтіп амалдары таусылған олар кері, жалмауыз кемпірге қайтады.Маша інісін көтеріп, жерге түседі. Олар пешке алғысын айтып, үйіне келеді. Артынша қаладан әкесі мен анасы оралады. Қызы Маша мен кішкентай ұлдары Ваняға мол сыйлық береді.







Екі сараң қонжық



Ертеде бір ну орманда кәрі Аю тіршілік етіпті. Аюдың екі қонжығы болыпты. Қонжықтар өскен кезде, бақыт іздеуге жолға шығыпты. Олар жолға шығар алдында анасымен қоштасыпты. Ал анасы қонжықтарын құшақтап, еш уақытта бір бірінен айырылыспауды талап етті. Анасының бұйрығын орындауға сөз берген қонжықтар жқлға шығады. Алдымен олар тоғайдың шетімен, содан соң жазық даламен жүреді. Сөйтіп бір күн жүрді, екінші күн жүрді. Ақырында бар қоректері таусылды. Ал жолдан табатын ештеңе болмады.Қонжықтар бірінің артынан бірі еріп келе жатты. Сол уақытта кіші Қонжық:Ағатайым, менің қарным ашты! деп шағымданады.

-Менің де қарным ашты! деп өңі бұзылып, басын шайқайды.Солай жүре берді. Кенеттен үлкен ірімшікке кезікті. Әділ жолмен тең бөліспек еді, бөлісе алмады. Қонжықтар бір бірінен ірімшікті қызғанып, ұрсысып, ақырып тұрғанда кенеттен жандарына Түлкі келеді -Неге ұрсысып тұрсыңдар? деп сұрайды. Түлкі: -Мен сендерге ірімшікті теңдей бөліп беремін деді.Түлкі ірімшікті алып екі бөлікке бөледі. Алайда алаяқ басты бір жарымын екіншіден үлкен қылып бөледі.Қонжықтар бұған ренжіді.-Мынау үлкен ғой, деп ақырды.Түлкі оларды жұбатып:-Тыныш жастар!Кішкене сабырлық, қазір бәрін реттеймін.

-Мен өзімнің жұмысымды білемін, деді.-Бұлай да бірдей емес, деп тынымсызданады.Ол үлкен жарты бөліктің жартысын қылғытып жұтып қояды. Енді кіші жарымы үлкен болады.Жүргізуші: Осылайша қу түлкі қонжықтардың ірімшігін тең бөлмей, біразын жеп азғантай ғана қалдырып, оларды теңеп, екеуіне береді.Түлкі оларға күліп:Міне сараң, арам болсаң, бір күні осындай азығыңнан құр қаласың, деп өз жөнімен кетті.







Алдар көсенің сиқырлы тоны

     Мұндай сақылдаған сары аязда тоңбаса, түлкі тоны немесе қасқыр ішігі бар адамның ғана тоңбауы мүмкін. Ал Алдар көсе жарықтық шұрық тесік жаман тонмен күн сайын үсіп өле жаздайтын.
Бірде ол жапан далада жортып келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, бас сұғар жылы үйді армандайды.
Суылдаған суық жел, уілдеген үскірік құлағының ұшын аямай шымшып, жанын шығарып барады. Жақын арада түтін түтеткен ешқандай ауыл көрінбейді.
Қанша тебіреніп, қамшысын қанша сілтегенмен Алдардың арық аты жүріп жарытпайды. Басын бір шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады.
“Жаман ат — жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып өлмесем жарар еді”, — деп ішінен сөйлеп келеді.
Кенеттен алдынан бір аттылы көрінбесі бар ма? Атының желісіне қарап, иесінің бай адам екенін біле қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады.
Жолаушылар жолығып, аман-саулық сұрасты.
Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең-бүрсең етеді.Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді.
- Сен, немене, тоңған жоқсың ба? — дейді бай.
- Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді — дейді Алдар Көсе.
Мүмкін емес! — дейді бай.
- Немене, көрмей тұрсың ба?!
- Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік!
- Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал жылу өзімде қалады.
“Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын” — деп ойлайды бай.
“Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!” — деп армандайды Алдар көсе.
- Ішігіңді маған сатсаңшы? — дейді бай.
Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! — дейді Алдар.

- Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді беремін. Ол да сондай жылы.
Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі байдың түлкі ішігінде.
- Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын - деп қызықтырады бай.
- Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атынды берсең, ойланып көрер едім.
Қуанғаннан бай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді.
Алдар көсе байдың ішігін киіп,байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі.
Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес. Астында - ұшқыр ат, иығында - жылы ішік. Кез келген үйде одан:
- Мына керемет түлкі ішік пен жүйрік атты қайдан алдың? - деп сұрайды.
- Жетпіс жеті жыртығы, жетпіс сегіз жамауы бар тонға айырбастап алдым.
Жаман тонға жақсы ішігін, қыршаңқы атқа кұстай ұшқан жүйрігін айырбастаған ақымақ бай туралы әңгімені естіп, ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе: Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы- тұщысын тартқан біледі! - дейді.







Кім мяу деді?



Күшік үй жанында ұйықтап жатады. Бір кезде: «мяу» деген дыбыс естіледі. Күшік ұшып тұрып, «мяу» деген кім деп іздей бастайды.
Әтешке кездеседі: Сен «мяу» дедің бе?
Әтеш: ку-ка-ре-ку. Жоқ, мен емес, мен мақтаншақ әтешпін.
Күшік тышқанды көреді:
- Сен «мяу» дедің бе?
- Пи-пи-пи, жоқ мен емес. Мен кішкентай, қорқақ, қара тышқанмын. 
- Енді күшік үйшіктің жанынан үлкен қабаған итті көреді.
- Сен «мяу» дедің бе?
- Ав-ав, мен емес. Мен үлкен ашулы қабаған итпін. 
Осы кезде ара ызыңдап, күшікті шағып алады.
Күшік өзендегі суға мұрынын жуып жатып жүзіп бара жатқан балықты көреді.
- Сен «мяу» дедің бе?
Балық үнтүнсіз жүзіп кете барады.
Өзендегі бақа тіл қатады:
- Ква- ква. Балық сөйлемейді.
- Сонда, сен «мяу» дедің ғой?
- Жоқ, мен емес. Мен бақылдауық бақамын.
Күшік үйшігіне қайтып келеді. Орнына жатады. Осы кезде тағы да «мяу- мяу» деген дауысты естиді.
Күшік мысықты көріп қалып:
- А-а, сен ғой «мяу» деген деп қуа жөнеледі





Үш қыз



Бір кедей әйелдің үш қызы болыпты. Солардың қарнын тойдырып, киіндіріп, қатарынан кем қылмай өсіру үшін әйел күндіз - түні тыным таппай еңбектеніпті. Қарлығаштың балапанындай қауырсындары қатып, қыздар бой жетеді. Бір күні әйел қыздарын қасына шақырып былай дейді.
Қыздарым менің. Бүгінгі күні міне бойжетіп, тұрмыс құратын жасқа жеттіңдер. Мен сендерді қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірдім. Сендер үшін түн демей, күн демей еңбек еттім. Ал енді өз теңдеріңді тапсаңдар, ақ батамды беремін. Менің көзімнің тірісінде тұрмыс құрыңдар.
Ай жүзді аруларға елдің көзі түспей қойсын ба? Бірінен соң біріне құда түсіп, бірінші үлкен қызы, екінші ортаншы қызы, үшінші кенже қызы ұшқан ұясын тастап, әрқайсысы өз алдына тұрмыс құрады. Әйел де қартайып, босағасында жалғыз қалады. Ермегі - елгезек тиін ғана. Көңілін қайғы басса, шер тарқатып, әңгімелесетіні де сол тиін екен. Осылай күн артынан күндер өтеді. Бірде кемпір науқастанып, төсек тартып жатып. қалады.
-Досым, тиін, сен қыздарыма хабар жеткіз. Көзімнің тірісінде бақұлдасып қалайын.
Тиін ең алдымен, кемпірдің үлкен қызына келіп, оның тілегін жеткізеді.
Тиін: Армысың үлкен қыз. Мені саған анаң жіберді. Ол қатты науқастанып қалды. Қыздарыма хабар бер, көзімнің тірісінде бақұлдасып қалайын деді. Сізді анаңыз шақырып жатыр..

- Қап, барар едім. Бірақ мына қазанымды тазалап жатыр едім -дейді үлкен қызы қолы тимей, мұрнынан тіреліп жатқандай кейи сөйлеп.
-Сен қазаныңды тазалап алайын дейсің бе? Онда мәңгі бақи солардан айырылмай өт -дейді тиін
Осыны айтқанда, қыздың қолындағы қазан жерге түсіп қызға тиіп кетеді де, қыз үлкен тасбақаға айналып кетеді. Тиін енді ортаншы қызға жетіп, анасының хабарын айтады.
Тиін: Армысың ортаншы қыз. Мені саған анаң жіберді. Ол қатты науқастанып қалды. Қыздарыма хабар бер, көзімнің тірісінде бақұлдасып қалайын деді. Сізді анаңыз шақырып жатыр-: Ойпырмай, анама қазір - ақ шауып жетер едім - ау. Бірақ, жәрмеңкеге мата тоқып апаруға үлгіре алмай жатқаным- деп күйінген сыңай танытады. Тиін ызаға булығып:
-Мата тоқып жатыр едім дейсің бе? Онда мәңгі бақи соны тоқып өт!-дейді де, жүріп кетеді. Ортаншы қыз өрмекшіге айналады да, жорғалай жөнеледі. Тиін асығып кемпірдің кенже қызына келеді. Ол қамыр илеп жатыр екен.
-Армысың кенже қыз. Мені саған анаң жіберді. Ол қатты науқастанып қалды. Қыздарыма хабар бер, көзімнің тірісінде бақұлдасып қалайын деді. Сізді анаңыз шақырып жатыр.
Қайғылы хабарды естіген қыз ләм - мим демей, қолының қамырын да тазаламастан, жан ұшырып анасына жүгіреді:

- Анашым, сізге не болды? Өзіңізді неге күтпейсіз? Осыншама өзіңізді неге қинайсыз? Бізді ертерек шақырмадыңыз ба? Әпкелерім қайда? Олар неге келмеген. Тиінжан сен оларға хабар бердің бе?
-Ия, кенже қыз. Бірақ олар енді келгілері келмейтінін айтты.

- Анашым, ештеңе уайымдамаңыз. Мен сізді емдеп, жазамын. Әпкелерім де келіп қалар, қолдары тимей жатқан болар. Бәрі жақсы болады.
- деп кенже қыз анасына дәрі - дәрмек береді. Анасының көзінің тірісінде жеткен кенже қыз науқас кемпірдің ақырғы сәттерін қуанышқа бөлейді.
-Ақылыңнан сенің. Сені көріп бір марқайып қалдым ғой

- Менің қадірлім, алтыным, адамзатқа әрдайым қуаныш әкелуші бол. Сонда адамдар сені, сенің немере, шөбереңді, ұрпағыңды ардақтайды-дейді тиін..
Шындығында, солай болып, кіші қыз көп жасап, оны барлық адам қастерлеп, сүйіп өтіпті.
Күндердің күнінде кіші қыздың да өмірмен қоштасар мезгілі жетіп, ол бал арасына айналыпты.
(Осы кезде бал арасы сайран салып жүреді)
Аралар бүкіл жаз бойына тыным таппай, адам баласы үшін бал жинаумен әлек. Қай уақытта қарасаң да, оның алдыңғы екі аяғы тәтті қамырға малулы. Ал қыс айында айналадағы барлық жәндік ғайып болғанда, ара омартаға - жылы ұяға кіріп алып, жан рақатын табады, оянса бал мен қант жейді екен.







Түлкі мен ешкі



Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні көреді.

     - Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

     - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.

     Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.

     «Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

Екі дос

  • 1 Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.

 Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына «Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады.

 Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.

Сонда досы:  «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.







Қызыл телпек



Eртеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті. Анасы оны өте жақсы көреді екен. Әжесінің де ең сүйікті немересі еді. Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты. Қыз әжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты. Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек» деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп, қызына:
– Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып, халжағдайын біліп қайтшы, – дейді. 
Қызыл телпек:
– Жарайды, анашым, апарып берейін, – деп бәліш пен май салынған себетті алады.  Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады. Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді. Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып, гүл теріп, асықпай жүрді. Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келеді. – Қызыл телпек, сен қайда барасың? – деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр. 
– Мен әжемнің үйіне барамын, оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын, – дейді қыз.
Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейха бар  еді.  – Ал әжең қайда тұрады? – деп сұрайды қасқыр. 
– Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда, ауыл шетіндегі диірменнің жанында, диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады, – деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып береді. Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын. Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп, қызға тиіспейді. Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады. 
– Жарайды, мен де сенімен бірге сол ауылға барып, әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын. Кел, екеуіміз жарысайық, әжеңе қайсымыз бірінші жетер екенбіз? Сен мына жолмен бар, мен  ана жолмен жүрейін, – деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады. 
Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі. Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді. Ал қасқыр алды-артына қарамай, тура ауылға қарай бет алады. Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.  – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – деп сұрайды әжесі. 
Қасқыр дауысын жіңішкертіп:
– Әже, бұл мен ғой, немере қызың – Қызыл телпек, мен сізге қонаққа келдім, анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім, – дейді.
Бұл кезде ауырып, төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап: – Айналайын қызым, тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң, есік ашылады, – дейді дауыстап. Қасқыр жіпті тартып қалады, сол кезде есік ашылады. Үш күн аш жүрген қасқыр баса көктеп кіріп келеді. Ашқарақтанып бірден әжейді бас салады да бүтіндей жұта салады. 
Содан соң есікті жауып, басына әжейдің қалпағын киіп, көзіне көзілдірігін тағып, төсегіне жатады да қыздың келуін күтеді. Сәлден соң есікті Қызыл телпек қағады. – Тоқ-тоқ-тоқ!
– Бұл кім? – дейді жуан дауыспен, тойып алған қасқыр. 
Қыз гүрілдеген дауысты естіп, қорқып кетеді. Артынша «Әжеме суық тиіп, дауысы содан өзгерген болар» деп ойлайды.
– Бұл мен, сіздің немереңіз – Қызыл телпекпін! Мені сізге анам жіберді. Бәліш пен бір құты май алып келдім.  Қасқыр дауысын өзгерте қойып, жіңішке дауыспен:
– Тұтқаның жанындағы жіпті тарта ғой, қызым, сонда есік ашылады, – дейді.  Қыз жіпті тартады, есік ашылып, үйге кіреді. Көр пемен бүркеніп жатқан қасқыр оған:
– Қызым, себетті үстелдің үстіне қойып, өзің менің қасыма кел, – дейді.  Қызыл телпек бәліш пен май құйылған құты салынған себетті үстелдің үстіне қойып, қасқырдың жанына жақындайды.Қасқыр енді:
– Жолдан шаршаған боларсың, қасыма кеп жата ғой, – дейді. Әжем деп ойлаған Қызыл телпек қасқырдың жанына жатады да:
– Әже, әже, сіздің қолыңыз неге үлкен? – деп сұрайды.
– Сені қатты құшағыма басу үшін, қызым. 
– Әже, әже, құлағыңыз неге сондай үлкен?
– Сені жақсы есту үшін, қызым. 
– Әже, әже, көзіңіз неге үлкен?
– Сені жақсы көру үшін, қызым.  – Әже, әже, тісіңіз неге сондай үлкен?
– Сені тезірек жеу үшін, қызым-ау! – деп Қызыл телпекті бас салып, аяғындағы кебісі, қызыл телпегімен бірге жұта салады.  Байғұс қыз айғайлапта үлгермейді. Бірақ, бақытына қарай, дәл осы сәтте үйдің қасынан бір отыншы өтіп бара жатқан еді. Отыншы қасқырдың дауысын естіп, үйдің терезесінен қарайды. Үй ішінде, төсекте орнынан қозғала алмай жатқан қасқырды көреді. Оның қампиған қарнына қарап, не болғанын бірден түсіне қояды.  Отыншы жыртқышты ұстап алып, қарнын жарып жібереді. Қасқырдың ішінен Қызыл телпек пен әжесі дін аман шыға келеді. Отыншы қасқырдың қарнын қайта тігіп, бос қоя береді.
Қызыл телпек пен әжесі отыншыға алғыстарын білдіреді. Әжесі шай қойып, немересі әкелген бәліштерді себеттен шығарып, дастарқан жаяды. Сөйтіп үшеуі жақсылап тұрып шай ішеді. Әңгімедүкен құрады. Қасқырдың сыбағасын қалай бергендерін айтып мәз болады.







Қарлығаш пен дәуіт



  Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен.

Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.

Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді.

- Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек.

Қарлығаш ұшып қарғаға келеді. – Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып.

Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.

Қарлығашқа дәуіт .

- Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.

-Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт.

Қарлығаш қанатын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді.

Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі.

Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.







Алдаркөсе мен Шықбермес Шығайбай



Ерте-ерте ертеде, ешкі құйрығы келтеде Шықбермес Шығайбай дейтін бай болыпты. Төрт түлігі сай болыпты. Шықбермес Шығайбай үйіне ешкімді қондырмайды екен, қондырса, дәм бермейді екен. Үйіне кісі келсе, ол:

-Шық-әй!-дейді екен. Осыдан жұрт оны Шығайбай атап кеткен екен.

Қайтсем де, қалай болса да Шығайбайдан дәм татам деген талайлардың тауы шағылыпты.

Алдар десе, Алдар-ау! Алдардың алдамайтыны, арбамайтыны жоқ деген атақ та осы кезде елден-елге жайылды. Ел аузындағы мәтелге айналды.

-Әй, Алдарың қанша қу болса да, Шықбермес Шығайбайды алдай алмас,-дейді жұрт. Бұл сөз Алдарға жетеді. Шықбермес Шығайбайдың атын Алдар да естиді. «Шықбермес Шығайбайды мырза етпесем, Алдар атым құрысын»,-деп Алдар Шықбермес Шығайбайдың елін іздеп, сапарға шығады. Күн-түн жүреді. Ақырында, елден іргесін аулақ салған ен далада жалғыз үй қонған Шығайбайдың үйіне келеді.

«Бұл қу не істеп отыр екен?» деп, атын алысқа тұсап, өзі білдірмей келіп, жабықтан сығалайды. Шығайбай қазы тіліп, бәйбішесі нан илеп, тоқалы бас үйтіп, қызы тырнаның жүнін жұлып отыр екен.

«Осыдан татпасам, Алдар атым құрысын» деп жылмың етіп: «Кеш жарық!»-деп кіріп барады.Бұлар да жылдам екен, Алдар «кеш...» дегенді айтып болғанша, қолдағыларын жасыра-жасыра қойып, Шығайбай таспаны, бәйбіше ұршықты, қызы тігіліп жатқан көйлекті, тоқалы көсеуді қолдарына алып отырыса қалады. Түк білмегенсіп, қолдарындағы іспен болып отырғансып, жайбарақат бола қалады.«Әй, әбден-ақ әккіленіп алған екенсіңдер, мызғымас қу екенсіңдер» дейді Алдар ішінен. Амандасқансып, қол алысқансып, байға сүйкене барып, төр алдына отырып алады.

«Әй, көсе екенсің, жұртты құрқан қу ма екенсің? Жүрісің жылмаң екен, жырынды болған сұм ба екенсің? Қу болсаң да, сұм болсаң да, менен дәм тата алмассың» дейді бай ішінен.

-Қайдан жүрген сұмсың? Қайда барасың? Не естіген, білгенің бар?-дейді бай Алдарға. Алдар көтеріле түсіп, күлімдеп, желдіре жөнеледі: -Көрген білгенім көп. Жолда келе жатып, үлкен сары жылан көрдім. Жуандығы тап өзіңнің астыңдағы қазыдай.

Артық-кем қып асырмай,

Шын айтқанды жасырмай:

Таспен ұрып жібердім,

Күң астындағы басындай. Былш етіп иленіп,

Бәйбіше астындағы қамырдай.

Өтірік болса, сақал жұлынсын,

Қыз астындағы тырнадай. Бәрін де осының көріп келдім,

Асыңды асшы, ұрламай,-дейді.

Осыны айтқаннан кейін бай:

-Шоқ түссін тіліңе!-деп астындағы қазысын лақтырып тастайды.

-Тілің кесілсін!-деп бәйбіше астындағы қамырын лақтырады.

-Жағың қарыссын!-деп тоқал басты лақтырады.

-Ішің кепсін!-деп қыз тырнаны лақтырады.

-Қазанда аса бер, бәйбіше,-дейді бай, «амал қайсы» деген пішінмен.

Бәйбіше а салады да: -Піс, қазаным бес ай!-дейді. -Отырайын он ай!- деп Алдар етігін шешіп тастайды да: -Кер тағының терісін келер жылы киермін,-деп төрге орнығып отырады. Қазан түнімен қайнайды, бірақ түсірілмейді. Алдар да отырады.

«Мынау кәпір қашан жатады?» деп, үн жоқ қасарысып бай да отырады.Ақырында, ұйқысы келіп, шыдай алмай:

-Әй, кемпір, төсек сал,-дейді. Бәйбішесі төсек салады. Үй іші ұйықтаған кезде, Алдар орнынан тұрып, қазандағы етті сүзіп алып, оның орнына тулақты турап салып қояды. Бір уақытта бай тұрып, бәйбішесін оятады.

-Мына ит ұйықтады білем. Түсір асыңды тез. Уақытымен асымызды жегізбеді-ау, ит!-деп сыбыр етеді. Бәйбіше қараңғыда асты түсіреді. Бай пышақты қолға алып жіберіп: -Жат, жігітім, жат! Сазайың –осы!-деп аузына бір кесегін асап жіберсе, тісі өтпейді. Олай қидалайды, былай қидалайды, болмайды. -Етіңе не болып кеткен, өңкей шандыр!-деп әйеліне ұрсады. Түйіліп қалып, май сұрайды. Ақыры, Алдардың келгенін біліп, амалсыз аштан-аш жатады. Таңертең Шығайбай жолға кетпек, болып, бәйбішесіне қонаққа көрсетпей маған нан беріп жібер, -дейді. Әйелі ошақта пісіп жатқан нанды оттан ала салып байдың қойнына тыға қояды, Мұны көре салып Алдар жүгіріп шығады. - Е, байеке! Енді бұдан бұлай жолығамыз ба, жоқ па? Ақтық рет қазақ дәстүрімен достарша көрісіп айрылысалық,— деп, бара сала байды құшақтайды. Оттан жаңа шыққан нан байдың кеудесін күйдіріп кетеді.

-Ау, жарайды енді! - деген сайын қаттырақ қыса түседі.

-Ау, мына ит жегірді ит жесін! Мә деп, қойнынан нанды лақтырып тастайды. - Ә, байеке, ит жегенше мен жейін, - деп, Алдекең барып нанды қолына алады. Бай дүзге аш кетеді.

Бай екінші күні тағы жолға шығарда бәйбішесіне бір торсық айран құйғызып, оны, көрсетпей ішінен байлап алады. Бай енді шығуға ыңғайланғанда Алдар:

- Байеке, мен сіз келгенше жүретін шығармын амандасып қалайын дейді де, құшақтаса амандасқан болып  торсықтың тұсынан қысады. Торсықтағы айран төгіліп Шығайбайдың мазасын кетіреді. Торсықты амалсыздан Алдарға беріп Шығай бұл жолы да аш кетеді. Көседен құтыла алмаған соң, бай Қөсенің атын сойып алмақ болады. Байдың мұнысын тағы естіп қойып, атына барады. Атының қасында байдың да аты тұр екен. Өз атының маңдайындағы қасқасы болмаса, екеуінің ешбір айырмашылығы жоқ екен. «Маған ойлайтын зиян болса өзіне тисін» деп, өз атының қасқасына сыйырдың шикі боғын жағып, жоғалтады да, бай атының басына бор жағып, қасқа ат қылып қояды. Сөйтеді де, орнына келіп жатып ұйықтап қалады.Алғашқы күнгі етті жеп қойған да Алдар екенін біледі. Біледі де ішін ыза кернеп: «Тұра тұр ,бәлем!» — дейді. Алдар ұйықтады-ау деген кезде сыртқа шығып, Алдардың атын жарып тастайды.

-Міне жігітім сазайың! -деп, өзінің істеген ісіне көңілі толып қуанып, төсегіне келіп жатып, ұйқыға кетеді.Таңертең бай орнына« турып жатып, Алдарға айтады:

-Мына кемпір қасқа ат өліп жатыр дейді. Сенің атың болу керек жарылып қалған. Сорлы, атыңды бақпай қазан бағып жүрген не қылған адамсың! -деп қарқ-қарқ, күледі.

-Алдар тұрып:-Қандай қасқа екен? Боқ қасқа болса менікі болар, бор қасқа болса сіздікі болар, -дейді.Бай құдайдың ұрғанын біледі де, орнынан тура жүгіреді. Жүгіріп барса, айтқанындай өліп жатқан байдың бор қасқасы екен.Бай күйіп кетіп, Алдарға келіп:-Жоғалт қараңды сұм! Мен сені енді көрмеймін, -деп шығып кетеді. Сыртқа шығысымен қатынына:

-Тез жөнелт, - дейді. Бай анадай, жерге шыққан кезде жақындап барып, Алдар:

-Етігім жыртылып шұлғауым шығып жүр, Бізіңді беріп кет дейді. Байдың бергісі қелмейді. Алдар жабысып жібермейді: Ақыры болмаған соң:

-Ә, алсаң алшы, аңтұрған! Ал да қараңды жоғалтшы, кәпір - дейді.

Алдар «алғысты жаудырмалатып, күліп, қала береді. Бай кетісімен оның бәйбішесіне жүгіріп келіп:— Ал қызыңыз «Бізбикені киіндіріңіз, - дейді.

-Е, не үшін?- Баймен келісіп, мен қызыңызды алып кететін болдым.

-Жоғал әрі, сұм! Саған қыз беретін бе еді бай, - дейді.

-Әйтпесе өз құлағыңмен естіп қал деп, сыртқа шығып, көп жерге барып қалған байдың артынан айқайлайды:

-Әй, бай! Бізбикені бермей жатыр мына бәйбішең,-дейді.

-Әй, қатын! Бер бізді! Жоғалт сол кәпірдің көзін, -деп айқайлайды бай.

- Әні, естідің бе? -дейді Алдар қасында тұрған әйелге.

-Мына кәрі ит алжыған ба өзі! Елді құртқан бір қуаяққа беріп құтырған ба?

- деп, таң қалады әйелі.Қатын-қалашқа бой берген Алдар ма? Анау-мынау дегенге көнбестен жасауын буып, қызды атқа мінгізеді.

«Алдардың ойыны осылай болады» деп, еліне тартып отырады.







Үш жалқау



Ертеде бірінен-бірі өткен ағайынды үш жалқау болыпты. Бар бітіретіндері бас көтермей ұйықтай береді екен.

Бірде үшеуі жолға шығыпты. Тоғай арасына келгенде, мәуелі ағаш көлеңкесіне қисая кетіпті. Бірінші жалқау:

- Е, құдай, мына өріктер піссе,- депті. Екіншісі:- Ауызға келіп түссе,- депті. Сонда үшіншісі оларды кінәлай сөйлеп:

- Түу, соны айтуға қалай ерінбейсіңдер?- депті.





Жеті лақ



Ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Біреуі қара, қалғандары ақ лақ екен. Орманға баруға жиналған ешкі лақтарын шақырып алып, ақылын айтады:
- Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде
-«Шырақтарым - лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», - деп әндетемін. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қалады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, өзіне тамақ жасатып алды – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады – лақтар аяғын көріп қойып, ашпай қойды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алды. Қасқыр есік алдына қайтіп келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты: 
«Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді». Қорықпаңдар, есік ашыңдар! Лақтар сеніп есік ашты! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойды. Тек біреуін ғана байқамай қалды ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кірісті. Ұзамай ешкі үйіне оралды. Есікті итерсе, есік ашық тұр. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жібергенде алты лақ шыға келеді. Бәріде аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төмен тартып, қасқыр құдыққа құлады да, батып кетті.







Дос іздеген бота

Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Бір күні анасы: -Боташым, мен саған жақсы достан басқасының бәрін бердім. Енді тура өзің сияқты дос тап. Доссыз өмір қиын, әрі қызық емес, -дейді. 
Бота өзіне ұқсайтын жалт-жұлт еткен жүні бар, жағымды үні бар дос іздеп шығады.
Жайылып жүрген құлынды көріп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота боздайды. -Иһ-һ-һі, кел, екеуміз дос болайық,-деп құлын кісінейді. - Жоқ, сен сияқты дос емес, -дейді бота күлімдеп. - Мүмкін бұзау болар,-деп құлын ботаны шығарып салады. 
Бота бұзауға келіп: - Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін,- деп бота боздайды. - Мө-ө-ө, кел, екеуміз дос болайық - деп бұзау мөңірейді. - Жоқ, сен сияқты дос емес, -дейді бота. - Мүмкін қозы болар, - деп бұзау ботаны шығарып салады. 
Бота қозыға келеді: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Мә-ә-ә, кел, екеуміз дос болайық – деп қозы маңырайды. - Жоқ сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін күшік болар, - деп қозы ботаны шығарып салады.
Бота күшікке келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Әуп-әуп, кел, екеуміз дос болайық – деп күшік үреді. - Жоқ сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін мысық болар, - деп күшік ботаны шығарып салады.
Бота мысыққа келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Мияу-мияу, кел, екеуміз дос болайық – деп мысық мияулайды. - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін әтеш болар, - деп мысық ботаны шығарып салады. 
Бота әтешке келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. -Ку-ка-ре-ку! Кел екеуміз дос болайық – деп әтеш айғайлайды. - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін қарға болар,- деп әтеш ботаны шығарып салады.
Бота қарғаға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Қа –а –рр , қа- а- рр, екеуміз дос болайық – деп қарға қарқылдайды, - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін бақа болар, - деп қарға ботаны шығарып салады.
Бота бақаға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - Бақ-бақ, кел, екеуміз дос болайық – деп бақа бақылдайды. - Жоқ, сен сияқты дос емес – дейді бота күлімдеп. - Мүмкін ара болар, - деп бақа ботаны шығарып салады.
Бота араға келіп: -Бө-ө-ө, мен дос іздеп жүрмін, - деп боздайды. - З –з-з-зз, кел, екеуміз дос болайық – деп ара ызылдап қуа жөнеледі. Бота арадан зорға қашып құтылады. Басы салбырап, ерні салпиып бота өз анасына келеді. Анасы: -Дос таптың ба, ботам? – деп сұрайды. - Жоқ, анашым, сенбесеңіз көктегі күннен сұраңыз. Тура мен сияқты ешкім жоқ екен, - дейді. Анасы жымиып: -Өзің сияқты дегенім, адалдығыңды айтқаным, боташым. Досты жан тазалығымен таңдау керек, - дейді. Бота қуанып, адал достары: құлынды, бұзауды, қозыны, күшікті, мысықты, әтешті, қарғаны, бақаны ертіп келіпті. Ал, араны сабырсыздығы үшін қоспаған екен дейді.



Адасқан құмырсқа



Баяғыда бір құмырсқа өзінің бауырластарына өкпелеп, илеуден кетіп қалады да, ара мен қоңызға барып, солармен достасыпты.

Бірде құмырсқа азық іздеп, ұзақ шарлап жүріп бір үлкен дән тауып алыпты. Оны өзімен алып кетпекші болып, сүйреуге, көтеруге қанша тырмысса да дәнді орнынан қозғалта алмапты. Ақыры құмырсқа өзінің жаңа достарын көмекке шақырмақ болып шешіпті. Әуелі бал жинап жүрген араны кездестіріп, былай деп өтініпті:

-Достым, маған көмектесші, жалғыз өзімнің шамам жетер емес.

Сонда ара досы:

-Көріп тұрған жоқсың ба?! Мен де жұмыс істеп жүрмін,-деп әрмен қарай ұша жөнеліпті.

Құмырсқа енді қоңызға барады.

-Мен сен үшін мына жұмысымды тастап кете алмаймын,-деп жауап берген қоңыз да қиын домалатыпжөніне кетіпті.

Достарының қылығына өкпелеген құмырсқа үйіне қарай кетіп бара жатып, жолда өзінің бауырларын кездестіріпті. Мұның мұңайған жүзін көрген құмырсқалар: «Саған не болды? Неге көңілсізсің?»-деп сұрайды.

Құмырсқа оларға басынан кешкендерінің бәрін айтып беріпті. Бауырластары оған дәнді жеткізуге көмектесіпті. Өкпелеп кеткен құмырсқа өзінің илеуіне оралыпты. «Адасқанның айыбы жоқ, қайта үйірін тапқан соң» деген осы екен.







Үш торай



Баяғыда ағайынды үш торай болыпты. Үшеуінің бойлары да, түрлері де, доп-домалақ, құйрықтарына шейін бірдей екен. Аттарының өзі ұқсас: Ниф-Ниф, Нуф-Нуф, Наф-Наф. Жаз бойы жасыл шөпте аунап, күнге қыздырынып, шалшықта рахаттаныпты.

Жаз өтіп күз келеді. Күннің көзі бұрынғыдай қыздырмайды, сары орманнның үстіне сұр бұлттар жиі үйіріле бастады.

- Қыстың жайын ойлану керек,— деді бірде ерте оянған Наф-Наф ағаларына.

- Мен суықтан қалтырап тұрмын. Біз ауырып қалуымыз мүмкін. Бірлесіп үй салып бірге қыстайық

Бірақ ағалары жұмысты бастағылары келмеді, жер қазып,тас тасығанша, одан да күздің соңғы жылы күндері аунап-қунап,асыр салып қалғылары келді.

- Үлгіреміз!Қысқа шейін әлі уақыт бар, ойнай тұрайық одан да —деп Ниф-Ниф секіре жөнелді.

- Керек кезінде мен өзіме үй салып алам, —деді де Нуф-Нуф жерге жата кетті.

- Мен де, — деп қостады Ниф-Ниф.
- Өздерің біліңдер, мен сендерді күтпей өзіме үй сала беремін —деді Наф-Наф. Күн суыта бастады. Ниф-Ниф пен Нуф-Нуф асығатын емес.
Олар жұмыс жайлы ойлағылары да келмеді. Олар таңертеңнен кешке шейін ештеме істемей,секірді,аунады. Күнде ертеңмен уақыт өткізді. Жол жиегіндегі шалшықтың бетіне мұз қата бастағанда ғана олар жұмысқа кірісті. Ниф-Ниф ешкіммен ақылдаспастан ,бір кеште өзіне сабаннан үй тұрғызып алды. Ниф-Нифке өзінің үйі ұнағаны сонша ол әндете жөнелді:

Жарты әлемді шарласаң да

Мұндай үйді таппассың –деп жақын маңда бұтақтардан,жіңішке шыбықтардан үй тұрғызып жатқан Нуф-Нуфке келді.Оның да үйі тез арада дайын болды,қуанған Нуф-Нуф былай деп әндетті:

Менің үйім жап-жақсы,жап-жақсы

Қорқынышты емес найзағай мен тамшы
-Міне сенің де үйің даяр болды,енді екеуміздің қолымыз бос жүр ,Наф-Нафқа барайық,оны көптен көрген жоқпыз –деді Ниф-Ниф Нуф-Нуфке.
Наф-Наф болса тастарды тасыды,балшық езді,сөйтіп олөзіне жаңбырдан, желден қорғанатын жылы,мықты үй салып алды. Үйдің есігін еменнен жасады, есікке тиек жасады, қасқыр кіре алмасын деп. Ниф-Ниф пен Нуф-Нуф ағаларын көріп айғай салысты:

- Сен не істеп жатырсың, үй ме, әлдебекініс пе?

- Торайдың үйі өзіне бекініс болуы керек – деді Наф-Наф.

-Сен кіммен шайқаспақшысың? -деп келемеждеді олар оны.
Ал Наф-Наф болса жұмысын әрі жалғастыра берді.

Мен бәріңнен ақылдымын

Үйді тастан қаладым

Ешбір аң,ешбір аң

Үйге кіре алмайды

- Бұл қандай аңды айтып тұр? Ниф-Ниф Нуф-Нуфтан сұрады..
- Мен қасқырды айтамын –деді Наф-Наф.

-Бұл қасқырдан қорқады , ал біз ешкімнен де қорықпаймыз-деп кете барды. Олардың шуынан ағаш түбінде ұйқтап жатқан аш қасқыр оянды.

- Бұл не шу?- деп қасқыр торайлар жүрген жаққа қарай жорта жөнелді.

- Қайдағы қасқыр, біз оны тұмсығынан ұстап аламыз-деп батырсынды торайлар, олар қасқырды тек суреттен ғана көрген болатын. Олар ағаштың тасасында тұрған тірі қасқырды көріп қорқып кетті. Қасқыр енді ұмтыла бергенде бұлар шыңғырып қаша жөнелді. Әрқайсысы өз үйлеріне қарай жүгірді. Ниф-Ниф үйіне жетіп есігін жауып алды.

- Есігіңді аш,әйтпесе сындырамын –деді қасқыр.

- Жоқ - деді Ниф-Ниф, - ашпаймын!
Қасқыр: -"Ф-ф-ф-y-y-y"- деп үш рет үрлегендеоның үйінен дым қалмады. Ниф-Ниф жаұшыра қаша жөнелді.
Тез арада Нуф-Нуфтың үйінің алдында болды. Екі ағайынды есікті жауып үлгіргендері сол еді, қасқырдың:

- Мен сендерді жеймін –деген дауысы естілді.

- Мен шаршадым, үйге кеттім –деген қасқыр торайларды алдап тығылып қалды.

Сен естідің бе, ол үйіне кетті –деп олар қайтадан асыр салып ойнай бастады. Ал қасқыр болса қойдың терісін жамылып, есікті қақты.

-Мен кішкентай тоқтымын, табыннан адасып қалдым, мені үйге кіргізіңдерші - деп жалынды.

- Қойды кіргізсек кіргізейік –деп, есікті аша бергенде, тісі ақсиған қасқырды көріп, есікті күштеп жауып алды. Ашуланған қасқыр бар күшін салып бес рет үрлегенде бұл үй дің де быт-шыты шықты. Торайлар Наф-Нафтың үйіне қарай қаша жөнелді. Ағасы есік ашып кіргізді. Екеуі ештеме айтуға шамалары келместен төсектің астына тығылды. Наф-Наф бәрін айтпастан түсінді. Есікті бекітіп, әндетіп орындыққа жайғасты.

Есік қағылды.

- Бұл кім?

-Көп сөйлемей, аш есікті- деді қасқыр.
- Ашпаймыз!

- Ах,солай ма? Онда үшеуіңді де жеймін.

- Жеп көр! - деді Наф-Наф.
Қасқыр аузын ауаға толтырып қанша үрлесе де үй орнынан қозғалмады. Ашуға булыққан қасқыр есікті жұлқылай бастады, есік те ашылмады. Ызаға булыққан қасқыр тасты тістерімен қыршыды, қабырғаны тырнады, түк шықпады, тек тісін ауыртып, тырнағын майыстырды.
Басын көтеріп жоғары қарап еді, пештің мұржасын көрді.

- Мұржа арқылы үйге кіретін болдым - деп қуанды қасқыр. Ол ақырын мұржаның бойымен ішке түсе бастады. Ақылды Наф-Наф пеште қайнап тұрған қазанның қақпағын аша қойды.

- Хош келдің! - деді Наф-Наф . Күйеге ып қарап тұрды. Қасқыр қайнап тұрған суға күмп етті. Қасқырдың жүні үрпиіп, көзі бақырайып, бақырған күйі келген ізімен кейін орманға қаша жөнелді. Үш ағайынды оның артынан мәз болып қарап тұрды. Содан бері ағайынды үшеуі Наф-Наф, Ниф-Ниф, Нуф-Нуф тату-тәтті бір шатырдың астында өмір сүріпті.







Жыл басына таласқан хайуанаттар



Ең ерте заманда хайуанаттар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы айтыпты:

-Мен алысты жақын қыламын. Күшімді көреді, сүтімді ішеді, қылыма шейін арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл ағасы мен боламын, – дейді.

Түйе айтады:

-Сен адамның жұмысын қылсаң, сұлы, шөп асайтын тамағың үшін құл болдың, міне, мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Көде болса, көде, жусан болса, жусан, не кез келсе, соны қорек етіп, табылса, су ішіп, табылмаса, шөлде де жолға жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық. Сиыр айтады: - Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май істейді, жыл басы болу маған лайық.

Қой айтады:

-Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді. Жүнімді алып, киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт-май алады, шаруаға менен пайдалыларың жоқ.

Ит айтады:

-Мен болмасам, сендердің көбіңді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді. Мен сендердің баршаларыңның бақташыңмын, дұшпан көрінсе, үріп, абалап, иеме хабар беремін.

Тауық айтады:

-Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді. Мен ерте тұрып, таң атты деп шақырып, хабар айтамын. Кеш болса, жатар мезгіл болды деп, тағы шақырамын.

Тышқан не айтарын білмей тұрады да бір түрлі қулық ойлап, жиылған көпке айтады: -Бұл таластан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық та кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.

Өзгелері қарап тұрғанда, түйе өзінің бойына сеніп: «Менен бұрын кім көреді?», – деп, тышқанның сөзін қостайды. Бәрі қарасып тұрады.  

Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады. Көп хайуан таласып: «Біз көреміз, біз көреміз»,–деп тұрғанда, ең биікте отырған тышқанды көріп, еш нәрсе демепті.

Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.







Нан қайдан шығады?



Бір күні тышқан нан дүкеніне кірді. Сөреде жаңа тіскен сап-сары бөлкелер үйіліп тұр екен. Піскен нан иісіне қызыққан тышқан тұмсығын жыбыр-жыбыр тартты. Төмендегі бір бөлкені кеміре бастады. Осы кезде күзетші келіп қалды.

Тышқан зып беріп, тысқа атып шықты. Бірақ алысқа ұзамады. «Апырай, қайдан шықты екен осыншама нан. Біліп алып шыққан жеріне, кірсем, ә!» - деп қызығып кетті. Тесіктен сақтана сығалады.

-Нан, нан, сен қайдан шықтың? – деді сыбырлап.

-Сатушыдан сұра, - деді нан.

Тышқан сатушыға келді.

-Сатушы, сатушы, нан қайдан шығады?

-Наубайшыдан сұра, - деді сатушы.

Тышқан тымпыңдап наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен.

-Нан қайдан шығады? – деді бір наубайшыға келіп.

-Диірменшіден сұра, - деді Наубайшы.

Тышқан диірменшіге келді. Диірмен тасы тынымсыз шыркөбелек айналады. Екі адам ұн тартып тұр. Ұн төгіліп аққан бұлақша құйылып жатыр. Көзді ашып-жұмғанша қап-қап ұн дайын болды. Тышқан иненің көзіндей танауын тыржитып, таңдана, қарап тұрды да:

-Диірменші, диірменші, нан қайдан шығады? – деп сұрады.

-Комбайншыдан сұра, - деді қырманшы қарт.

Тышқан далада егін орып жүрген комбайншыға келді. Қалың егін теңіздей толқиды. Комбайн тоқтар емес, ілгерілеп барады. Сабанын бір бөлек, топанын бір бөлек шығарып тастайды. Торсықтай ақ бидайды астауына құйып алып барады. Тышқан шіңкілдеп:

-Комбайншы, комбайншы, нан қайдан шығады? – деп сұрады.

Көктемде, тракторшы жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Міне, мынау қалың астық – сол көп еңбектің жемісі. Нан еңбек арқылы табылады, - деді комбайншы.

-Ой, мұның – азап қой. Мен шалқайып жатып-ақ нан таба беремін, - деп қутың-қутың етті тышқан.

-Әне, мысық келе жатыр! – деді комбайншы.

Сол-ақ екен, тышқан бір ескі інге зып берді.







Жақсы мен жаман



Адам атызға бір Гүл әкеп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен-күнге тамыр жайып, гүлдеп өсе берді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп-мөлдір суды да, тап-таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, құмарлана қарайтын. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеп отырғызған адамға да өте риза еді. Бір күні:

-Әй, сен көп асқақтама! Мен тірі тұрсам, әлі өмірге келгеніңе өкінетін боласың, -деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз шөп басын қылтитып тұр екен.

Гүлдің көңілі ортайып, бір түрлі жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте солып, сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен біршама үлкендігі бар Гүлге басын сүйеді.

-Жабырқама, сабыр ет! –деп жұбатты ол. –Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Өз құлқынынан басқаны ойламайтын жауыз шөптен әлі-ақ құтыламыз.

«Жақсы сөз-жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды.

Әлгі Гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады.

Гүл қайтадан құлпырып өсе бастады. Алайда көп нәрсені ұқты. Өмірде жақсылар да, жамандар да бар екен-ау.







Ақылды лақ



Ертеде бір бұзау, бір лақ, бір тоқты ел көшкенде ойнап жүріп байқаусызда жұртта қалыпты. Үшеуі тірнектеп жүріп, қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың басында екен, оның қасында зәулім бәйтерек өсіп тұрыпты. Бұлардың айдалада иен қалғанын естіп, бір тойып алайын деген ниетпен аю іздеп келіпті. Лақ қорбаңдап келе жатқан аюды көреді де, алдынан жүгіріп шығып қарсы алыпты. Лақ аюды өзінің үйіне кірзізіп, төрге шығарады. Лақ:
-Аю ағамыз келіп қалған екен, не тамақ береміз, -деп сұрайды тоқтыдан.
Сонда ақ лақ төрден дауысын көтеріңкіреп:
-Басқа аюдың басын ас, соңғы аюдың төсін ас, дым болмаса осы аюдың өзін сой, барлық етін түгел ас, - депті.
Мұны естіп отырған аю:
-Бұлар аюдың етін жейді екен ғой, -деп орнынан тұра қашыпты. Қашып бара жатқан аюдың алдынан қасқыр кездесе кетеді екен.
Аюдың қылығына таңданған қасқыр:
-О, аюжан, неден қашып келесің, сонша аптығып? – деп сұрайды қасқыр.
Аю:
-Мына белдің арғы жағасында, бұлақтың жанында бұзау, тоқты, лақ тұрады. Соларды байқап көрейін деп барып едім, өзімді жеймін деген соң зорға қашып, құтылдым.
Қасқыр: 
-Қой әрі. (Аюдың сөзіне күледі).
Аю: 
-Бір аюдың басын, бір аюдың төсін жейміз деп дауласып жатқанда мен қаша жөнелдім.
Қасқыр:
-Ендеше жүр, екеуміз бірге барайық, үшеуінде қоршап алып, тең бөліп жейік.
Аю: 
-Жоқ, мен бармаймын. Өзің-ақ бара бер.
Сол арада қасқыр жіп тауып алады да, бір ұшын аюдың мойнына, бір ұшын өзінің мойнына байлайды. Сөйтіп аюды зорлықпен алып жүреді.
Аюды жетелеген қасқыр, тартыса-тартыса қосқа жақындағанда, лағы жүгіріп сыртқа шығады.
Лақ:
-О, қасеке біз үшеуміз, ол аюға тоймаймыз деп, - айғалайды.
Бұл сөзді естіген аю, бұрынғыдан бетер шошып, кері қарай қаша жөнеледі.
Қасқыр жіпке буынып, қылқынып қалады. Бір жерге келгенде аю жіпті үзіп, тастап кетеді. Ес түсінен айырылып, әлсіреп жатқан қасқырға, дала кезіп жүрген тағы бір қасқыр былай дейді:
-О, досым, неғып жатырсың, - дейді.
Есін жиған қасқыр:
-Неғып жатушы едім, аюдың ақмақтығынан өлгелі жатырмын. Мені аю сүйретіп, жығып кетті, -деп басынан кешкен оқиғасын айтып береді.
-Онда өзіміз-ақ барайық. Сонымен екі қасқыр қосқа қайта барады. Бұларға қолданар шарасы таусылған бұзау, тоқты, лақ үшеуі бәйтерекке шығып алады. Лақ бас жағынан, тоқты ортасынан, бұзау олардан төменірек орналасады. Бәйтеректің түбіне келген соң, әлгі жолдан қосылған қасқыр, кел екеуміз, мына ағаштарды ырғайық. Аналар алма құсап, жерге төгіледі, - деп ағаш астына дайындалып тұрғанда, бұзау отырға бұтақ сынып кетеді де, жерге топ ете түседі. Содан сестеніп тұрған қасқырдың бел омыртқасы үзіліп кетіпті. Бұдан кейін аю қылқындырып кеткен қасқыр қорқып, өз бетімен қаша жөнеліпті. Сөйтіп бұзау, тоқты, лақ ажалдан аман қалыпты. Күзде ескі жұртына көшіп келген иесі, аман-есен жайылып жүрген малын тауып алыпты.

















































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Ертегілер еліне саяхат" ертегілер жинағы

Автор: Рахытова Бакытгуль Биртаевна

Дата: 27.08.2019

Номер свидетельства: 518530

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) ""Ертегілер еліне саяхат" ертегілер жинағы"
    ["seo_title"] => string(42) "ertegiler_eline_saiakhat_ertegiler_zhinagy"
    ["file_id"] => string(6) "484799"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1541870358"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(43) "Ертегілер еліне саяхат "
    ["seo_title"] => string(32) "iertieghilier-ielinie-saiakhat-1"
    ["file_id"] => string(6) "152943"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(11) "presentacii"
    ["date"] => string(10) "1420921516"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Бауырсақ ертегісі"
    ["seo_title"] => string(22) "bauyrsak_iertieghisi_8"
    ["file_id"] => string(6) "457652"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1518707598"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(76) "Семинар Та?ырыбы: "Ертегілер еліне саяхат""
    ["seo_title"] => string(44) "sieminartakyrybyiertieghilierieliniesaiakhat"
    ["file_id"] => string(6) "326609"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1463243079"
  }
}
object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(40) "4санын ?осу ж?не азайту"
    ["seo_title"] => string(22) "4sanynkosuzhnieazaitu1"
    ["file_id"] => string(6) "299470"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456518457"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства