kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Еңбек түбі береке

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы  түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Еңбек түбі береке»

30 орта жалпы білім беретін мектеп







Тәрбие сағаты







Тақырыбы: «Еңбек түбі-береке»







Сынып жетекшісі:Мендигарина М.Б

4 Дсынып



















2016-2017 оқу жылы

Тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек түбі – береке!

Мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы  түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер,слайд.

  І Ұйымдастыру

Шаттық шеңбері:

Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты – еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның аты – еңбек.

Сабағыңды жөндеп,

Әзірлесең еңбек.

Қиындықтың бәрін,

Еңбек қана жеңбек!

Әңгімелесу.

  • “Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?

  • Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

  • Қандай адамды еңбекқор дейміз?

  • Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?

Жалғасын тап:

Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )

Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )

Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )

Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )

Еңбек адамның … ( екінші анасы )

Еңбек – ата, … ( жер – ана)

Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )

Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )

  • Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет?

  • Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді

Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»

Дастарханда шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Даладан келдім кең жатқан

Жер анам менің көсілген,
Диқандар мені өсірген.

Сергіту сәті   « Дұрыс па, бұрыс па?»

Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.

Қойшы балаларды оқытып жүр.

Жүргізуші машина жүргізеді

Аспазшы үй салып жүр.

Дәрігер адамдарды емдейді.

Жазушы хат, газеттер тасып жүр.

Дәрігер етік тігіп отыр.

Мұғалім балаларды емдеп жүр.

Ұшқыш әдемі киім тігеді.

Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.

Суретші сахнада ән айтып тұр.

  • Балалар, қазір біз топтық жұмысқа көшеміз.

Шығармашылық тапсырма:

1 топ: еңбек туралы 3 мақал-мәтел жазып, мағынасын түсіндіру.

2-топ:« Еңбекқор жәндіктер» туралы жазып, айту.

3-топ: Ой еңбегі мен дене еңбегін ажырату.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Қорытынды:

Топтастыру. Слайд арқылы «еңбектің пайдасы» деген сөзге топтастыру жасау. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.
Адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келеді.

Ән: « Болайықшы осындай!»























Анықтама

Күні ____________

Тәрбие сағатының тақырыбы: " Еңбек түбі береке"

Тәрбие сағатының бағыты:

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушылардың еңбек туралы  түсініктерін кеңейту.

Тәрбие сағатына қатысқан оқушылар саны:_____

Тыңдалды: «Еңбек етпеген адам ішім-жемге жарымайды, еңбектенген адам ішім-жемнен тарылмайды», — дейді халық даналығы. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дәл осындай сөздердің мәнін одан әрі тереңдетіп, саналы адамдарға сәуле түсірердей етіп тұжырым жасап берді. Нақтылап айтқанда, ол: «Әлемнің әміршісі – еңбек.

Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек», — деп, қазақ халқын ел игілігі жолында табанды еңбек етуге шақырып, тәуелсіздіктің тұтқасын еңбекпен ғана ұстап тұруды ұғындырды. Расында да, «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалға ешқандай дәлелдің қажеті жоқ, айқын қағида.

Сөйледі: Талапов Арсен: Еңбек адамның табиғи жетістігі болып табылады. «Маймылды адам еткен еңбек» деген пікірлер де бекер емес. Сонымен қатар, еңбек адамның өмір сүруінің маңызды жағдайы болып табылады, себебі: ол адамның өмір сүруінің материалдық және рухани қажеттіліктерін, басқаша айтқанда, тамақтануға, баспана иеленуге, киінуге, адамдармен араласуға, білімге, қағазға, өнерге және тағы басқа өмірсүру қажеттіліктерін қанағаттандырады. Кең мағынада еңбек тек адамның ғана емес, сонымен қатар да табиғи қажеттігі болып табылады, себебі, қоғамның материалдық негіздерін қалыптастырады. Өзінің саналы тіпті санасыз ғұмырында да адам әйтеуір бір нәрсені жасап, дайындап, шығарып, өндіріп жатады. Басқаша айтар болсақ, адам 5-6 жасынан бастап еңбек ете бастайды: ата-анасының өтініші бойынша бір нәрсені әкеліп береді, апарады, жылжытады және т.б. Адамның қолынан жасалған заттардың барлығы – инеден бастап ұлы жаңалықтарға дейін еңбектің нәтижесінде дүниеге келген. Сонымен кез-келген адамның өмірі еңбексіз мүмкін емес, еңбек барлығын жасайды, адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, ал бұлар, өз кезегінде, қоғамның материалдық негіздерін құрайды.

Қорытынды: Бериккалиев Алиби:Тәрбие сағатын бастамас бұрын шаттық шеңберін өткізді.Кейін жалғасын тап ойыны ойналды. « Қайдан келдің, бауырсақ?» көрінісі көрсетілді. 3 топқа бөлініп , топтық тапсырмалар орындалды.Тәрбие сағат соңында Болайықшы осындай әнін шырқады.


Сынып жетекшісі:Мендигарина М.Б Қолы:_______


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс

Скачать
Еңбек түбі береке

Автор: Мендигарина Мендигуль Бериковна

Дата: 31.05.2017

Номер свидетельства: 419679

Похожие файлы

object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(33) "Еңбек түбі- береке"
    ["seo_title"] => string(25) "ien_biek_tubi_bieriekie_3"
    ["file_id"] => string(6) "438195"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1510370898"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Т?рбие са?аты "Е?бек т?бі береке" "
    ["seo_title"] => string(39) "t-rbiie-sag-aty-ien-biek-tubi-bieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "209361"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1431102536"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(57) "Урок на тему "Е?бек т?бі - береке""
    ["seo_title"] => string(37) "urok-na-tiemu-ien-biek-tubi-bieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "263066"
    ["category_seo"] => string(21) "doshkolnoeObrazovanie"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1449482241"
  }
}
object(ArrayObject)#873 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Е?бек т?бі - береке"
    ["seo_title"] => string(21) "ienbiektubibieriekie1"
    ["file_id"] => string(6) "333635"
    ["category_seo"] => string(22) "klassnomuRukovoditeliu"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1465449080"
  }
}
object(ArrayObject)#851 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(32) "Еңбек түбі-береке"
    ["seo_title"] => string(23) "ien_biek_tubi_bieriekie"
    ["file_id"] => string(6) "376756"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1483944417"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства