kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Е?бек т?бі - береке

Нажмите, чтобы узнать подробности

К?ні: 17.02.2016ж.

Класы: 6 «в»

Та?ырыбы: Е?бек т?бі – береке.

Ма?саты:

1. О?ушыларды ма?ал-м?телдерді? ма?ынасын т?сінуге, оларды айта білуге ?йрету.

2. Тілдерін ?штау, шешендікке баулу.

3. Е?бекс?йгіштікке т?рбиелеу.

К?рнекілік:
Ма?ал-м?телдер, на?ыл с?здер: «Жа?сы ж?мыс –жан?а тыныс», «Е?бек т?бі – зейнет», «Е?бексіз ?мір – с?нген ?мір», ж?мба?тар.

Ж?ру барысы:

М??алім: «Ж?зді? к?ркі – к?з, ауыз к?ркі – с?з, с?зді? к?ркі – ма?ал», – дейді халы?. Ма?алдар адам т?рмысында?ы ?р т?рлі о?и?аларды ?ыс?а, т?жырымды тілмен т?сіндіреді, ойды ажарлайды. Сонды?тан да халы? с?зді? к?ркі – ма?ал деп ба?ала?ан. Ал ма?алдар с?зді? к?ркі ?ана емес, сонымен бірге халы? ?міріні? шежіресі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Е?бек т?бі - береке»

Күні: 17.02.2016ж.

Класы: 6 «в»

Тақырыбы: Еңбек түбі – береке.

Мақсаты:
1. Оқушыларды мақал-мәтелдердің мағынасын түсінуге, оларды айта білуге үйрету.
2. Тілдерін ұштау, шешендікке баулу.

3. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік:
Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер: «Жақсы жұмыс –жанға тыныс», «Еңбек түбі – зейнет», «Еңбексіз өмір – сөнген өмір», жұмбақтар.

Жүру барысы:

Мұғалім: «Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – сөз, сөздің көркі – мақал», – дейді халық. Мақалдар адам тұрмысындағы әр түрлі оқиғаларды қысқа, тұжырымды тілмен түсіндіреді, ойды ажарлайды. Сондықтан да халық сөздің көркі – мақал деп бағалаған. Ал мақалдар сөздің көркі ғана емес, сонымен бірге халық өмірінің шежіресі.


1-оқушы: Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер
2 – оқушы: Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
3 – оқушы: Еңбектін көзін тапқан,
Байлықтың өзін табады.
4 – оқушы: Еңбек етпесен елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
5 – оқушы: Ерінбесең, еңбегің өнеді.
6-оқушы:

1. Еңбексіз мал дәметкен – қайыршылық.
2. Еңбектен қашқан, дөңбекке жолығады.
3. Еңбек етпеген азады..
4. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды.
5. Бейнетің қатты болса, татқаның тәтті болар.
7-оқушы:

1. Орайы келсе, орақ ор,
Кезі келсе, кетпен шап.
2. Еңбек – адамның екінші анасы.
3. Ерінбеген етікші болады.
4. Керек тастың ауырлығы жоқ.
5. Еңбекке үйренем десең, ерінбе.
Өнерге үйренем десең, жерінбе.


Келесі айналым: Жүргізуші мақалдың алғашқы жолын оқиды, әрі қарай ойынға қатысушылар қолын көтеріп жалғастырады.


1. Еңбегің қатты болса,…(татқаның тәтті болар).
2. Еңбек түбі – береке,…(көптің түбі – береке).
3. Істегенің еліңе жақсы,…(үйренгенің өзіңе жақсы).
4. Отынды шапқпнға жақтыр,…(малды тапқанға бақтыр).
5. Ексең егін,…(ішерсің тегін).
6. Етік тіге алмаған,…(біз таңдайды).
7. Көсеуі қысқаның,…(қолы күйер).
8. Берген – алар,…(еккен – орар).
9. Еңбек етсең ерінбей,…(тояды қарның тіленбей).
Ең аз ұпай алған ойыншы ойыннан шығады.


Екінші айналым: Екі ойыншының біреуі мақал айтады. Екіншісі соның ішіндегі бір сөзге мақал айтады. Сосын кезектеседі. Мүдірген оқушы жеңіледі.

1-оқушы: Еңбек ет те мақтан,
Ойнап күл де шаттан.
2-оқушы: Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
3-оқушы: Ердің атын еңбек шығарар.
4-оқушы: Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.
5-оқушы: Ерінбесең еңбегің өнеді.
6-оқушы: Еңбегі көптің өнбегі көп.
7-оқушы: Жері семіздің – малы семіз.
8-оқушы: Мал өсірсең, қой өсір,
Пайдасы оның көл-көсір.
Ойын соңында жеңімпаз анықталып, оған сыйлықтар тапсырылады.


Мұғалім: Сонымен оқушылар, мақалдың өміршеңдігі мен қолдану аясының кеңдігінің сыры неде? Әрине, тілдің көркемдігі мен мазмұнының тереңдігінде. Аз сөзбен көп мағына беретіндігінде. Осымен «Еңбек түбі – береке » атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Классному руководителю

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Е?бек т?бі - береке

Автор: Бектлеуова Алмаг?л Рыскалиевна

Дата: 09.06.2016

Номер свидетельства: 333635


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства