Мотивациялық қозғаушы лық кезеңі | Әдемі киінген айдаһар қонаққа келеді.Сәлеметсіңдер ме, балалар.Қалыңыз қалай? Қазір жылдың қай мезгілі? Мақал- мәтел: «Еңбек етсең еріңбей, Тояды қарның тіліңдей» Көктемгі еңбектерге нелер жатады? Менің досым ұлу тапсырмалар әкелді, соңы орындауға көмектесесіңдер ме? 1-ші көгілдір түсті карточка: ойын: «Қорапшада не бар екен?» М: Ұсақ қол моториканы дамыту. Мынау не? Бір сөзбен қалай айтуға болады? | Айдаһармен амандасады. Түрлі түсті карточкаларын алып келеді. Көгілдір карточканы алады. Бал-ға, бал-та, қыс-тыр-ғыш, а-ра, су сеп-кіш, кү-рек, тыр-нау-ыш, т.б. Олар құралдар. |
Ұйымдасты рушы- ізденуші кезеңі Рефлексивті - түзету ші кезеңі | 2.2-ші жасыл түсті карточка жаттығу: «Сылақшы, күрек» М: Артикуляциялық апппаратын дамыту. Балалар мынау не? Ағашты бағбан неге ақ балшықпен сылайды? Тыйым сөздер:Ағашты сыңдыруға бола ма? Ұяны бұзуға бол ма? «Сылақшы», «күрек» жаттығуларын жасайық. 3.қоңыр түсті карточка - тапсырма: «Мынау кім? Мынау не?Не істейді?» м:Грамматикалық құрылымын жетілдіру. 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастырайық. Мынау кім? Мынау қойшы. Бұл сөйлем екі сөзден тұрады. Қойшы не істейді? Қойшы қойларды бағады. Бұл сөйлем үш сөзден тұрады. Мынау не? Мынау трактор. Трактормен не істейді? Трактормен жер жыртады. Логопед: Көп тапсырмаларды орындадық , енді «Айгөлек» әнімен аздап жаттығуды жасап тыңығып алайықшы. Сергіту сәті: «Айгөлек» М: Жалпы қимыл-қозғалысты дамыту. (Көк түсті карточка) Логопед: Компьютерді қосып «Әйгөлек» әнің арқылы, жаттығулар жасап, тыңығып алайық. 4.Сары түсті карточка Тапсырма: «Құс күтуші нелерді күтеді?» Логопед: Балалар құстарды күтетін адамды қалай атаймыз?Дұрыс. Құс күтуші құстарға не себеді? Ал құстар адамға не береді? Жарайсыңдар, балалар. Ендеше ойын ойнап көрейікші. Ойын: «Қатты, ақырын» М: Фонетико-фонематикалық есту қабілетін дамыту. Логопед: Бұл да тапсырманы жақсы орындап шықтыңдар,рахмет. 5. жаттығу: «Бағбан» Тоқ сары карточка м.Ұсақ қол моториканы жаттықтыру.логопед: келесі тоқ сары карточканы кім алады? Тақта артында суреттерілулі тұрады. 1.Қыз бен анасы қолында күрек ұстап тұрады. 2.Жерді тырнауышпен тырмалап тұрған бала суреті. 3.Тұқым сеуп жатқан балалар суреті. 4. Жемістер суреті. Қолға күрек аламын, бақшаға барамын. Жерді қазып, тырнауышпен тегістеп. Тұқым себемін. Су құйып, аялап, Күзде жемісін жинаймын. Жарайсыңдар, балалар,күзде көп жіміс-көкөністер алып жейміз.Қарнымыз тоқ болады. Логопед: Қойшы, құс күтуші, сылақшы, трактор суреттері жапсырылған жемістер суретін кілемге шашып тастайды. Қызыл түсті карточка 6.тапсырма: «Жеміс –көкөністерді жинап, моншаққа тіземіз» М: Мамандықтарды таза, анық аутуға үйрету. Ананас – қойшы, Алмұрт – құс күтіші, Алма – бағбан, Қияр – тракторшы, Қызанақ –сылақшы Жемістерді атап, жіпке тізейік. Осы әдемі моншақты Айдаһарға сыйласақ қалай ойлайсыңдар? Қорытынды: Балалар көзін жұмып ормандағы құстар даыустарын естіп, демалайық..Балалар,бүгін қандай еңбек жасадық? Шаршадыңдар ма? Айдаһармен қоштасайық. | Жасыл карточканың орналасуын тауып алады. Айна алдына барады. Жаттығуларды орындайды. Ағашты сылаған себебеі, құрттар жемеу үшін. Ағашта сыңдыруға болмайды. Ұяны бұзуға болмайды. Тапсырманы орындаған соң Арыстан құралдар бар көгілдір карточканы бос торға салады. Қоңыр түсті карточканы алады. Мынау қойшы. Сөйлемді басты әріптен басталады, соңдықтан үлкен таңбадан қоямыз. Қойшы қой бағады.Мынау тракторшы. Тракторшы жер жыртады. Тұқым егеді. Астық өседі. Тапсырманы орындаған соң Алдияр трактор бар қоңыр карточканы бос торға салады. Көк түсті карточканы алады. Музыкамен қимыл-қозғалыстар жасайды. Көк түсті карточкада бала билеп тұрғаны белгіленеді. Оны Мадияр алып бос торға орналастырады. Сары түсті карточканы алады. Құс күтуші. Құс күтуші құстарға жем шашады. Құстар адамға жұмыртқа, ет береді. Музыка естілгеніне қарай үлкен, кішкентай балапандары бар карточканы жоғары көтереді. Балапаны бар сары карточканы Нұрсағат бос торға апарып орналастырады. Алдияр: Мен аламын, деп тоқ сары карточканы алып, тапсырманың орналасқаның анықтайды. Балалар тақта алдына келеді. Қүректі қолға алдым,қолын көрсетеді. Бақшаға бардым –шеңбер бойы жүреді. Тырмалау әрекетін көрсетеді. Тұқым сепкенің көрсетеді. Жемістер жинағаның көрсетіп, жаттығу жасайды. Иә, жинап аламыз. Балалар кілемге отырады, қолына суреттерді атап жіпке тізеді. Ананас – қойшы, Алмұрт – құс күтіші, Алма – бағбан, Қияр – тракторшы, Қызанақ –сылақшы Қызыл түсті карточкада жестер салынған, оны Нұрсағат апарып іліп қояды. Мадияр моншақты Айдаһардың мойына іледі. Барлық тапсырмаларды орындадық. Балалар музыканы тыңдайды, оқу іс-әрекетінде жасаған тапсырмаларын атайды. Айдаһармен қоштасады. |