үйрету, анасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелей отырып еңбекке баулу.
Дамытушылық – оқушыларды логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту.
Сабақта қолданылатын әдістер:
а) интерактивті тақта;
ә) түсіндіру;
б) сұрақ – жауап;
в) талдау – жинақтау;
г) практикалық жұмыс
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен құралдар: оқулық, интерактивті тақта,
ойындар т.б.
Сабақтың барысы:
І. Психологиялық дайындық. (Оқушылардың сабаққа зейінін тоқтату).
ІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Балалар, бүгін біздің сабағымызда қонаққа апайлар келіп отыр, олар біздің математика сабағымыз қалай өтеді, сіздер осы уақытқа дейін не үйреніп, не білетіндеріңізді, есептерді шығара аласыздар ма соны қарайды. Сондықтан сабағымызға жақсы қатысайық. Ал, біздің бүгінгі сабағымыз екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу және ауызша көбейту ,бөлу дағдыларын қалыптастыру ,фигураның P, S, V табуға дағдыландыруды игерту,сонымен қатар сабағымыз көктем мезгілінің алғашқы мейрамы 8 наурызбен байланысты болады. Бұл мейрамда біз аналарымызға гүл сыйлаймыз. Міне, бүгінгі математика сабағында да қай қатар ең әдемі гүлдерді көп жинаса, сол қатардың балдары аналарын жақсы көретінін көрсетіп, жақсы бағаларға ие болады және бұл математика сабағы болғандықтан бұл гүлдер ұпай ретінде сабақ соңында есептеліп, қорытындыланады. (қызыл гүл-10 ұпай, көк-5 ұпай, сары – 1 ұпай)
ІІІ. Алдымен дәптерлеріңді ашып күннің жадын жазып қойыңыздар, ал мен оған дейін үй тапсырмаларыңызды тексеріп шығайын.
ІV. Математикалық диктант. (көбейту кестесін қайталату)
V.Оқулықпен жұмыс (№1 есеп,153-бет)
Интерактивті тақтада жазылған тапсырмалармен жұмыс