Жүздіктер. (С) Тақырыпқа кіріспе ретінде сандардың бір таңбалы және екі таңбалы болатындығын қайталаған жөн. Бір таңбалы сандарды жазу үшін бір таңба, ал екі таңбалы сандарда – екі таңба пайдаланылады. Бір таңбалы сандарда бір разрядты – бірліктер разрядын, ал екі таңбалы сандарда екі разряд – бірліктер мен жүздіктер разрядтарын бөліп көрсетеді. (Д) «Жоғалған сан» ойыны. (Ж) Оқушылардың жұптарда ондықтармен санауы. 1) 8 ондыққа 1 ондық қосқан кезде, қанша ондық алынады? 8 ондық + 1 ондық = 9 ондық = 90 2) 9 ондыққа 1 ондық қосқан кезде, қанша ондық алынады? 9 ондық + 1 ондық = 10 ондық = 100 100 санын сонымен қатар жүздік деп атайды. Бұл сандардың ортақ қасиеті: натурал, жұп, дөңгелек. Айырмашылықтары: 90 санын жазуда 2 таңба, ал 100 санын жазуда – 3 таңба қолданылады. Үш таңбалы сандар – жазуда үш таңба қолданылатын сандар. 100 ең төмен үш таңбалы сан болып табылады. Барлық үш таңбалы сандарда жаңа разряд – жүздіктер разряды пайда болады. Оқушылардың 100, 200, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900, 1000 сандары аттарының ерекшеліктерімен таныстырыңыз. (Ұ) Жүздікті рет-ретімен орналастыру ептілігін тексеру үшін, ойын өткізіңіз: оқушылар дайындалған жиынтықтан сандары бар (дөңгелектелген) қима қағаздарды кезекпен алады. Тапсырма: жүздіктердің сандық түзуін құру (тура және кері ретпен). Әрбір оқушы қима қағазды алып, содан кейін өз саны үшін түзуден орын табуы тиіс. (Ұ) Әр түрлі ойындар өткізіңіз. 1. «Жетіспейтін санды тап» (100, 200, 300, …, 500, 600, …, … 900, 1000.) 2. «Артығын тап» (100, 20, 300, 400, 500, 600, 700, 800, 900); (100, 200, 300, 44, 500, 600, 700, 800, 900) (Ұ) Оқушыларға сандарды салыстыруды ұсыныңыз: 8 және 6 ; 80 және 60 Нені байқадыңдар? Оқушыларға 600 және 800 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Оқушылар салыстыру алгоритмін түсінулері тиіс: 6-ға қарағанда 8 артық; 8 ондық 6 ондықтан артық; 8 ондық 6 ондыққа қарағанда артық. (Ж, Ф) Оқушылар жұптарына дағдыны бекіту және қалыптастырушы бағалау үшін дөңгелек жүздіктерді салыстыруды тапсырыңыз. (Ө, Ж, Т) «Мен ойлаған сан». -Балалар, қанай сандарды ойлады? Сұрақтарға оқушылар жазбаша жауап береді. Жұп бойынша тексереді. - ойлаған санды табуға қандай көмекші сөздер берілген? Осы үлгіге қарай отырып, топтар бір-біріне 2 тапсырма құрастырады, және бірі-бірі бағалайды. Қалыптастырушы бағалау Жүздіктерді өсу ретімен жаз ----------------------------------------------------------------------- Мәнін тап 600+100= 700-200= 1000-300= 100+900= 1000-700= 700+200= 500-100= 400+500= 1000-800= 100+300= 300+600= 1000-900= |