Әріптерді дыбыстау: А, О, Р, Л, Ш, С, У, Ы, Д, Т, М, Н, Ң...
«Кім жылдам?» ойыны. Үш топтың оқушылары жарысып, тақтаға өткен сабақта өтілген ң әрпі бар сөздерді тез-тез жазады, ауызша дыбыстық талдау жасайды.
Сергіту сәті.
ІІІ Жаңа сабақ. Балалар білім қоржынымызды біраз толықтырып алдық, қазір сендермен «Күн мен түн» ойынын ойнайық. Қане, түн болды, ұйықтаймыз. Түс көріп жатырмыз ғарыш туралы. Оқушылар бастарын партаға қойып ұйықтап, түс көріп жатқанда өлеңнен үзінді оқылады:
Көркіне Жер – ананың
Ғарыш жақтан қарадым.
Қуат алып Отаннан,
Көкті тіліп аттанғам.
Күн шықты (оқушылар оянады)
«Күн шықты» деген команда берілгенде, оқушылардан: Көрген түсімізде «ғарыш» сөзінде сөздің басында қандай дыбысты естіп тұрмыз?
1. Буынға бөлу. Ға-рыш.
- Бірінші буын қандай? (ҒА-РЫШ)
- Ғ дыбысы былай таңбаланады (баспа және жазба түрін көрсету). Хормен айту. Ғ- Ғ- Ғ. Ғ дыбысын айтқанда ерніміз артқа қарай жиырылады. Ғ қандай дыбыс? (дауыссыз). Неге дауыссыз? (созылмайды, өлең айта алмаймыз)
2. Балалар, енді өздерің Ғ дыбысы бар сөздерді атап көріңдер. Қане, қай топтың оқушылары көп сөз айтады екен?
- Ғ дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? (басында, ортасында)
ІV Оқулықпен жұмыс.
а) – Мынау не балалар? (сырға). 2 буын, 5 дыбыс, 2 дауысты. Ғ дыбысы екінші буында.
V Дәптермен жұмыс. Дұрыс отырғандарын қадағалап, дәптерде берілген тапсырманы орындау. А) Тақтаға әріптің басталуы , жазылу бағытын түсіндіру (бірнеше әріпті тақтаға жазып көрсету). Ә) Әріпті ауаға жазу арқылы қолдарын жаттықтыру.
VІ Қорытынды. Жаңа сабақты бекіту.
- Балалар, бүгін сендермен қандай әріппен таныстық? Ғ дыбысы қандай дыбыс?