Пәнаралық байланыс: ана тілі, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеу.
ә)Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
б)Оқушылардың оқу құралдарын түгелдеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
Жылу – жануарлар тіршілігіне қажетті жағдай. Тақырыпты оқыту.
Тест
1.Алғашқы адамдар жеғрді қалай деп ойлады?
А)тегіс Ә)қыратты Б) таулы
2.Жердің шар тәріздес екенін ең алғаш рет қай елдің ғалымдары анықтады?
А)Орыс ғалымдары Ә)Грек ғалымдары Б)Неміс ғалымдары
3.Магеллан бастаған саяхатшылар жер шарын ... жылда айналып шықты?
А)3 Ә)2 Б) 8
4.Жер бетінің су басып жатқан аса ірі кеңістіктігін .... дейміз?
А)өзен Ә)мұхит Б)көл
5.Жер шарында .... мұхит бар?
А) 4 Ә)5 Б)7
6.Жер шарында қанша материк бар?
А) 5 Ә) 6 Б) 7
7. Қазақстан қай материкте орналасқан?
А) Африка Ә) Америка Б) Еуразия
8. Жан- жағын төрт мұхит қоршап жатқан материкті тап?
А) Еуразия Ә) Антрактида Б)Аустралия
9. Масштаб дегеніміз не?
А) Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетеін санды масштаб дейді.
Ә) Масштаб деп кез келген заттың бейнеленген көрінісін айтады.
Б) Масштаб деп бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісін айдады.
10. Глобус дегеніміз не?
А)Шар тәріздес жұлдыз
Ә)Жердің барынша кішірейтіліп жасалған дәл үлгісі глобус деп айтылады.
Б) Жер шарының полюстері
ІІІ.Оқушылардың білімін жан – жақты тексеру. «Кім тапқыр?»
1.Жерге ең жақын жұлдыз (күн)
2.Жерді қоса есептегенде күнді қанша планета айналып жүреді?(9)
3. Планета дегеніміз не? (Планета өзінен жарық шығармайтын салқын денелер).
4.Жердің серігі не? (Ай)
5. Күн мен жердің ара қашықтығы неше километр?
6.Ғарыш деп нені айтады? (Жерді қоршаған бүкіл дүние-әлем немесе Ғарыш деп аталады).
7.Глобус дегеніміз не?
8.Күн бетіндегі температура қанша градус (беткі қабаты 6000).
IV.Жаңа сабақ:
Оқушылар біз бүгінгі сабақта глобус, картаның көмегімен жер шарына саяхатқа шығамыз.
Глобустың градус торы дегеніміз не?
Жер шарының жорамал бөлігі бетіне шығатын жерлердегі нүктелер полюстер деп аталады. Жер шарында 2 полюс бар. Олар солтүстік және оңтүстік полюстер. Жер өз бөлігінен айналғанда оның полюстері айналмай, орнында қалады. Полюстер глобуста және жарты шарлар картасында нүкте түрінде бергіленеді.
Сөздікпен жұмыс.
Латынша экватор – теңейткіш деген сөз
Грекше параллель – қатар жүруші деген сөз
Латын тілінен аударғанда меридиан – түскілік деген мағана білдіреді.
V. Жаңа сабақты меңгергенін тексеру.
«Кім жылдам?»
1.Глобустан және жарты шарлар картасынан полюстерді, экватор, параллель және меридиан сызықтарын тауып көрсет.
2.Меридиан және параллель сызықтарының неше градус сайын жүргізілгенін анықта.
VI. Жаңа сабақты бекіту. «Кім зерек?» ойыны
Жер шарында неше полюс бар?
Жер өз бөлігін айналғанда оның полюстері айналама?
Полюстер глобуста немесе жарты шарлар картасында қалай бейнеленеді?
Экватор сөзі қандай мағана білдіреді?
Жердің тең екі жарты шарға бөлетін қандай сызық?
Жер экваторының ұзындығы қанша километр?
Экваторға қатарластыра белгілі бір қашықтық сайын жүргізілген сызықтар не деп аталды?
Параллель қандай мағана білдіреді?
Параллель қандай бағыттарды көрсетеді?
Оңтүстік, солтүстік полюстердің арасын қосатын сызықтарды не деп атайды?
Меридиан қандай мағынаны білдіреді?
Глобуста меридиан қай бағыттарды көрсетеді?
Глобустың градус торы дегеніміз не?
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тамсырма. Глобустың градус торы. (Глобустың суретін салып келу)