kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Эссе «сабақтан алған әсерім»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады»,-деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін-білім» деп  айтқандай, білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу-біздің  мақсатымыз. Сондықтанда  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек. Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі,жаңа тәжірибе,жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Эссе «сабақтан алған әсерім»»

90 мамандандырылған мектеп-лицей









Эссе

«Сабақтан алған әсерім»











Орындаған: Баймаханова Кульжан













Алматы, 2019 жыл

Рефлексиялық есеп

«Сабақтан алған әсерім...»


Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ, өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады»,-деген болатын. Ал қазақтың заңгер  жазушысы Мұхтар  Әуезов  былай деген екен «Халық  пен халықты теңеретін-білім» деп  айтқандай, білім  бәсекесіне бейім  шәкірт  тәрбиелеу-біздің  мақсатымыз. Сондықтанда  жаңа жаңалықтардан  қалмай жаңалық  жаршысы болуымыз керек. Бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі,жаңа тәжірибе ,жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Бұл баяндамада жаңа форматтағы біліктілікті арттыру курсынан алған жеті модульді сабақ үрдісінде үйлестіре пайдаланудың кейбір жолдары, практикада қолданылуы туралы ой қозғалған. Бұл модульдерді сабақта мұғалім ұтымды пайдалана білсе, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.

Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру.
Бағдарлама жеті модульден тұрады:

1. Оқыту мен оқудағы  жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда  ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту  және  оқу. 

7. Оқытудағы  басқару және көшбасшылық.

    Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады. 

Тренер Көпшілбаева Дария Даутқанқызы жылы жүзімен бізді қарсы алды. Алғашқы күнгі тренердің берген ақпараттарынан-ақ, мен бұл курс оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс туралы екеніне бірден көзім жетті. Мәліметтер жаңаша, жақсы, ынталандырарлықтай болды. Мейрам қарсасында көңіл күйемізді өте жақсы болды.     Топтағы жұмыс істеуіміз маған жақсы  ұнады.  өптеген  жаңа технологиялармен  таныстым.  Білім іздеген  ұстаздардан  үйренгенім  мол.                                        

Ал АҚТ-ны  қолдану  барысында  ізденіс  қалыптасады, ұсынады, сақтайды  және  бірлесіп  жұмысқа қатысады. Осы курста  алған  білімімді  практикада 

қолданамын. 



Бірінші сабақтың тақырыбы: «Зат есмімнің септелуі». Оқушылар назарын сабаққа аудару мақсатында видео-ролик арқылы көрсеттім. Миға шабуыл әдісін пайдалана отырып, қайталау  сабағы арқылы білімдерін бекіту әдісін қолдандым.

Ерте- ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде септік деген шал болыпты.

Оның жеті ұлы болыпты.

Жеті септік – жеті бала,

Жетеуінің атын ата.

Атау септік кім? не? десе,

Атың менен затыңды ата.

Кімнің? ненің? деп анықтап,

Ілік септік іліп алар.

Кімге?неге?қайда барсаң,

Барыс септік біліп алар.

Кімді?нені керек етсең,

Табыс сұрап жүріп табар.

Кімде? неде?қайда? десең,

Жатыс септік сонда жатар.

Шығыс септік кімнен? неден?

Қайдан шықтың , соны айтар.

Кіммен? немен?керек болса,

Көмектес көмек беріп қайтар.

Сұрағы қызық, аттары да,

Септіктерді жатталық та,- қайталау сұрақтарын пысықтадық.



«Шашылған дыбыстар» ойынын ойнату сәті


Негізгі бөлімде «Шашылған дыбыстар» ойынын ойнату. Мақсаты: шашылған дыбыстардан сөз құрап, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу болып табылатын.


Екінші сабақтың тақырыбы: «Атау септік». Оқулықтағы тапсырмаларды орындау. Берілген жаттығуларды топтарға бөліп орындау. Қосымша шығармашылық тапсырмалар. Бастауыш дегеніміз, кім? кімдер? не? нелер? Сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін бастауыш, баяндауыш-сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, оқушылар арасында қызығушылық туды, сын тұрғысынан ойлау әдісін пайдаландым.


Қосымша шығармашылық тапсырманы орындау көрінісі


Сабақты ары қарай Семантикалық картамен жұмыс арқылы жалғастырдық. Оқушылар назарына диалогтік жұмыс арқылы қолданыс тапты.


Септіктің атауы

Кімге? Неге?

-да,-де, -та,-те, -нда, -нде

Кім? Не?

-дан,-ден, -тан,-тен, -нан,-нен

Кімнің? Ненің?

Кімді? Нені?

Кімнен? Немен?

Атау септік








Ілік септік








Барыс септік








Табыс септік








Жатыс септік








Шығыс септік








Көмектес септік









Септік атаулары

Сұрақтары

Септік жалғаулары

Атау септік

Кім? Не?


Ілік септік

Кімнің? Ненің?

-ның, -нің, -дың, дің, -тың, -тің,.

Барыс септік

Кімге? Неге? Қайда?

-ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс септік

Кімді? Нені?

-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс септік

Кімде? Неде?

-да, -де, -та, -те.

Шығыс септік

Кімнен? Неден?

-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен.

Көмектес септік

Кіммен? Немен?

-мен, -бен, -пен.

Үшінші сабақтың тақырыбы: «Ілік септік». Сабақтың мақсаты: Зат есімнің септелуі туралы білімдерін толықтыру, ілік септігі және оның сұрақтары мен жалғаулары туралы білім қалыптастыру, сөздік қорын байыту, сөйлем ішінен ілік септігінде тұрған сөздерді табуға үйрету болып табылды. Үй тапсырмасын тексеру барысында, кестені пайдалана отырып, АКТ-құралдары арқылы керек қорытындыға жеттік.


Берілген сөздерді септеу кезеңі


Ал жаңа тақырыпта Мәтінмен жұмыста 28-жаттығуды орындау керек еді, АКТ – құралдарын пайдалана отыра, тапсырманы оқушылар назарына аудару және жаңа тақырыпты түсіну әлдеқайда жеңіл түсті.





Төртінші сабақтың тақырыбы: «Барыс септік». Шығармашылық  тапсырмаға карточкалар арқылы келесідей сұрақтар қойылды:
…(анаға) тағзым  етейік.
… (жастарға) білім  керек.
…(биікке)  самғау  керек.
… (қалаға)  келгеніме  өкінбеймін.
… (ойынға) құмар бала.
… (Сәулеге) кітап  сыйлады.

Сөздер қай  септікте  тұр?
Қандай  сұрақ  қоямыз?

Шығармашылық  тапсырмаға жауап беру сәті


Сабақ соңында да шығармашылық тапсырманы орындау берілді, сөздерді  дұрыс септікке  орналастыру әдісі арқылы. Текемет, көмірдің, суға, ұшаққа, жаңбырдан, алаша, балғаның, дүкенге, қыста, аспаннан, арамен, театрға Көмек сөздері берілді, оқушыларға сабақты түсіну осы жолы да сыни тұрғыдан қарау әдісі үлкен жетістіктерге алып келді. Оқушылардың назарына каторчкалар арқылы берілген сұрақтар мен тірек сөздер өте жақсы сабақты түсінулеріне көп септігін тигізді.


Тірек сөздерді қолданып, тапсырманы орындау көрінісі


Қорытындылай келе, жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз. «Ізденсең-табасың, талаптансаң-жетесің, зейін салсаң-ұғасың» дегендей, бізді осындай жігерлі сөздер алға жетелейді. Осындай аумалы-төкпелі заманда тез шешім таба білетін дербес тұлға дайындауымыз керек. Ол бәсекеге қабілетті, сауатты да білімді ұрпақ. Осы кезге дейін оқытылып жатқан білім бағдарламасы оқушыларға аздық етеді. 

Трениріміз Дария Дауытқанқызы басталған күннен «Мұғалімге арналған нұсқаулықтан» білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізімен таныстырды. Өзі білімді, талапшыл, ұстамды, ұйымдастыру қабілеті жоғары жан екен. Группадағы үлкен-кішіні тез баурап алып кетті.

Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын курста үйреніп, сабақ жоспарыды еркін қолдандым. Бұрын да өз сабақтарымда бұл технологияны қолданып жүргенмін. Артықшылығы - бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. Бағдарлама оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуда тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. 

Сабақта 7 модулды қолдана отырып, тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың шығармашылық қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырасың. Мен үшін оқушылардың ойын дамыту, белсендігі мен дербестігін қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды тиімді жүргізе білудің маңызы ерекше. Оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану – менің шеберлігімді шыңдау, біліктілігімді арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Оқытудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тілін дамыту, оқушының дамуына жағдай жасау, оқушы оқушымен, топпен, ұжыммен, мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сондықтан топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуын, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлу қажет

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Абай атамыз «Сен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та, бар – қалан!» демекші, осы педогогикалық шеберлік орталығынан кәсіби біліктілігін арттырып шыққан әрбір мұғалім ертең өз ұжымдарына оралып, қаншама жанның ойына қозғау салып, жүрегіне жол табады. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру мақсатында өзі ғана өзгермей бүкіл оқушыларын, ата-аналарында жаңашылдыққа бастап өзгертіп жатса, онда нұр үстіне нұр болған болар еді.

7 модулді қолдана отырып, өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны сөзсіз.


3



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Начальные классы

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 4 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Эссе «сабақтан алған әсерім»

Автор: Баймаханова Кулжан Жукеевна

Дата: 09.06.2019

Номер свидетельства: 514081

Похожие файлы

object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(108) "Ма?сатты келер ша? ?аза? тілінен ?ыс?а мерзімді саба? жоспары "
    ["seo_title"] => string(71) "mak-satty-kielier-shak-k-azak-tilinien-k-ysk-a-mierzimdi-sabak-zhospary"
    ["file_id"] => string(6) "171582"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1423680307"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(132) "Разработка урока по казахскому  на тему: "Денсаулы? туралы ма?ал-м?телдер""
    ["seo_title"] => string(65) "razrabotkaurokapokazakhskomunatiemudiensaulykturalymakalmtieldier"
    ["file_id"] => string(6) "259989"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1448878383"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(30) ""Ана". Б. Булкышев"
    ["seo_title"] => string(15) "anabbulkyshiev1"
    ["file_id"] => string(6) "300855"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1456815104"
  }
}
object(ArrayObject)#885 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(82) "М??а?али  поэзиясы  –?аза? поэзиясыны?  жауhары "
    ["seo_title"] => string(50) "mu-k-ag-ali-poeziiasy-k-azak-poeziiasynyn-zhauhary"
    ["file_id"] => string(6) "150259"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420456193"
  }
}
object(ArrayObject)#863 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(112) "1 желто?сан т???ыш президент к?ніне арнал?ан саба?ты? ?зірлемесі "
    ["seo_title"] => string(77) "1-zhieltok-san-tu-n-g-ysh-priezidient-kuninie-arnalg-an-sabak-tyn-zirliemiesi"
    ["file_id"] => string(6) "200130"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1428735211"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства